Қазіргі кездегі халықаралық құқық субъектілері

Бұл тақырыпқазіргі кездің өзекті мәселесі болып отыр.Өйткені Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып,егеменді мемлекет болғалы бері сыртқы саясатын нығайтып,көптеген мемлекеттердің тануымен қолдауын алып,БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болды.Мемлекеттердің қолдауы және көпжақты немесе екіжақты келісім шарттарға отыру-Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде дамуының маңызды,қажетті факторы.

Қазақстан Республикасының қазір 117 мемлекет танып отыр және олардың 105-імен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған.Қазақстан БҰҰ мен Халықаралық қайта құру және Даму банкі,сондай-ақ Халықаралық валюталық қор,ЮНЕСКО,МАГАТЭ,ИКАО-ны қоса алғанда,51халықаралық ұйымға мүше болды.Сондықтан да Қазақстан Республикасын халықаралық құқықтың толық субьектісі қатарына жатқызуға болады.

Халықаралық құқықтың субьектілері.

-негізгі субьектілерге мемлекеттер,тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар,азаматтар(бірақ бұл даулы мәселе)жатады.

-туынды субьектілерге мемлекетке ұқсас құрылымдар,еркін қалалар,халықаралық ұйымдар жатады.

Халықаралық субъектілерінің бірқатарында мемлекеттер тұрады. Мемлекет бұл- саяси биліктік сипаттағы күделі ұйым. Жалпы, мемлекеттің өмір сүруі үшін келесі төрт жағдайлардың болуы қажет

Біріншіден, мемлекеттің халқы, яғни нәсіліне, тіліне және діни көзқарасы мен басқа да жағдайларға қарамастан, қоғамда бірге өмір сүретін 2 жынысты адамдар тобының болу қажеттігін айтамыз.

Екіншіден, осы халықтың өмір сүруі үшін жері, аумақтың болуы.

Үшіншіден, мемлекетте үкімет, яғни елді басқаратын бір немесе бірнеше тұлғалардан тұратын халықтың өкілдері болуы қажет.

Төртіншіден, сол үкіметтің егемендігі. Егемендік- бұл жер бетіндегі қандай да бір билікке тәуелсіз, ең жоғарғы билік. Үкіметтің егемендігі өз мемлекеті шегінде немесе одан да тыс қандай да билікке тәуелсіз болуы. Егемендік- мемлекеттің өз аумақ шегіндегі жоғарғы билігі. Сондықтанда мемлекеттің қазіргі қауымның саяси ұйымы болып табылады. Мемлекет үстінен оған бұйрық беретін жоғарғы билік жоқ. Мемлекеттер бір-біріне бағынбайды. Осы жерден біз мемлекеттің егемендігін көре аламыз. Егемендік – мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде міндетті, керекті белгісі

Мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде үш түрге бөлінеді:

  1. Біртұтас мемлекет
  2. Конфедерация.
  3. Федерация

Біртұтас мемлекетте біртұтас жоғары билік жүйесі болады. Біртұтас мемлекетте барлық аумаққа бір конституция тарайды және бір азаматтан бір құқық жүйесі болады. Біртұтас мемлекеттің аумағы әкімшілік аумақтық бөлшектерге бөлінеді оның өзіндік саясаты болмайды, бірақ кейде әкімшілік автономияға ие болады. Біртұтас мемлекет өзі халықаралық құқыққа субъект ретінде шығады. Біртұтас мемлекетке Ұлыбритания, Франция, Италия, Швеция, Норвегия, Финляндия елінің көпшілігі, Қазақстан және т.б жатады.

Конфедерация мен федерация күрделі мемлекеттерге жатады.

Конфедерация — бұл мемлекеттердің бірлігі.Бұл ме мемлекеттер бәріне ортақ мәселелерді шешу үшін жалпы заң қабылдайды және орган құрады. Конфедерацияның мүшелеріне — өз мемлекет басшылары кіреді.Конфедерация органдары соған кіретін мемлекеттердің өкілдерінен тұрады. Конфедерация мүшелері өздері халықаралық құқық субъектісі болып саналады. Егер де конфедерация мүшелері конфедерацияның өзіне халықаралық істерді, шарт жасасуды жүзеге асыруға құқық берсе, онда конфедерацияны өзі халықаралық құқық субъектілікке ие болады. Қазіргі жағдайда классикалық конфедеративтік мемлекет болып саналғанын, іс жүзінде олай емес, өйткені Швейцария әкімшілік-аумақтық бөліністерге (кантондарға)бөлінеді.

Федерация-бұл күрделі және тығыз мемлекеттік құрылым .Федерация бұл мемлекеттердің жай бірлігі емес,бұл бірлескен мемлекет (одақтық мемлекет). Бұл біртұтас мемлекет сияқты мемлекеттік құрылым болып табылады.Бұның конфедерациядан айырмашылығы,бұнда федералды билік барлық азаматтарға таралады. Орталық либералды биліктердің актілері федерацияның барлық шекарасында күшінде болады. Әрі бұнда федералды билікпен қатар әр елдің өз азаматтығы мен конституциясы болады. Бірақ бұл елдер халықаралық құқықтың субъектісі бола алмайды. Федеративтік мемлекеттерге Ресей Федерациясы, АҚШ, т.б мемлекеттер жатады.

Бейтарап мемлекеттер ұғымы. Бейтарап мемлекет – бұл осы мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне ешқашан, ешкімнің қол сұқпайтындығына ірі мемлекеттердің (державалардың) халықаралық келісімімен кепілдік беруі, яғни осындай кепілдік берілген мемлекетті айтамыз. Егер осы мемлекет, өзіне қарсы шабуыл жасалғанда өзін-өзі қорғауды қоспағанда, ешқашан басқа мемлекетке қарсы қару көтермеуге және қашан да жанама түрде болсын соғыстың болуына ықпал ететін қандай да бір әрекетер жасамауға міндеттенсе ғана мұндай кепілдік беріледі. Мемлекеттердің мұндай міндеттемелерді мойнына алуы,яғни бейтарап болуларының негізгі себеп-бұл мемлекеттер әлсіз,әлі жас болуы және халықаралық саясатқа белсенді қатыспай, өзінің бейбіт жолмен дамуын қалайтындығы болып табылады.

Бейтараптау туралы акт және оның шарты.Негізінде,кез-келген мемлекет бейтарап мемлекет болмай-ақ басқа мемлекетпен,егер сол мемлекет өзіне қарсы соғыс ашқан жағдайда өзінің бейтараптылығына міндеттеме алып ,сол мемлекетпен келісім –шарт жасаса алады..Ал мемлекеттің әрқашан да бейтарап болып қалуын дәлелдейтін бейтараптау туралы акт жасалады.Мемлекетті бейтарап деп танитын бұл акті-сол мемлекетпен ірі державалардың өзара келісімімен жасалатын халықаралық келісім-шарты болып табылады .Сондықтан да осы халықаралық келісім –шартта тиісті ірі державалар сол мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне және аумағының біртұтастығына ешкімнің ешқашан қол сұқпайтындығына алқалы түрде кепілдік береді. Ал егер ,кейбір державалар бұл келісімге қатыспаса ,онда қатыспағандары тиісті мемлекеттің бейтарап болуына кепілдік бермесе де,өздерінің қарсы еместіктерін үндемей-ақ білдіре алады. Бейтарап мемлекетке кепілдік берген ұлы державалар берген уәделерін ешқашан бұзбайтындықтарына,сондай-ақ басқа мемлекет тарапынан бұл кепілдіктің бұзылуына жол бермейтіндігіне өз тараптарынан міндеттеме алады .Алайда бейтарап мемлекет кепіл берген бұл ірі державаларға қандай да болсын тәуелді болмайды. Ал кепіл берген державалар бұл бейтарап мемлекетке, кепілдікке байланыссыз, қандайда болсын өз тарапынан өктемдік жүргізе алмайды. Бейтараптылықтың ең негізгі шарты бейтарапталған мемлекетті еш уақытта өз жағынан бірінші болып басқа мемлекетке қару көтермеу, әскери жанжал немесе соғыстың өршуіне әсер ететін, яғни бастауына жағдай тудыратын қандайда болсын әрекеттерден алшақ болу.

Бейтараптылыққа айта кететін шарт, бейтарап мемлекет өзіне кепіл берген ұлы державалардың келісімісіз өз аумағын басқа мемлекеттерге бере алмайды, не ала алмайды.

Бейтарап мемлекеттердің халықаралық жағдайы. Бейтарап мемлекеттер өз тарапынан басқа мемлекетке қарсы қандай да бір әскери жанжал не соғыс жүргізбеуі міндеттігі салдарынан мұндай мемлекетті толық егеменді мемлекет емес, жартылай тәуелді мемлекет деген пікірлер бар. Бірақ мемлекетті бейтараптау фактілерімен шарттарына назар аударып қарасақ бұл көзқарастар негізсіз болып табылар еді. Өйткені алдында атап кеткендей бейтарап мемлекетке кепіл берген ірі державалар бұл мемлекеттің егемендігімен тәуелсіздігіне қатысты ешбір өктемдік әрекет жасай алмайды. Мемлекеттің егемендігінің, яғни жоғары билігінің шектелмеуі –бұл мемлекет басқа кез-келген мемлекеттер сияқты егеменді мемлекет болып табылады.

Егер бейтарап мемлекет өз мойнына алған міндеттемені бұзса ,онда ол өзіне қатысты қорғау кепілінен айрылады. Бейтарап мемлекет халықаралық келісім-шарттарға отырып ,сондай ақ өз әскерімен әскери флотын құруға құқылы.Мемлекеттің бейтарап болуы оның атақ дәрежесіне де әсер етпейді.

Қазіргі кезде бұл мәртебеге Швейцария, Австрия,Лаос, Камбоджа ,Мальта,Түркіменстан т.б мемлекеттер ие.Швейцарияның бейтарап мемлекет деп танылуы 1815ж.8 қарашада Австрия, Ұлыбритания ,Франция, Ресей мемлекеттерінің келісімімен қол қойылып , 1919 жылы Версаль бейбіт келісім шартымен расталды.

Халықаралық ұйымдар – бұл халықаралық құқықтың ерекше түрдегі субъектісі болып табылады. Оның құқық субъектілігі мемлекеттердің құқық субъектілігіне ұқсамайды, өйткені олардың мүшелері – мемлекеттер, сондықтан халықаралық ұйымдар туынды субъектісіне жатады. Қазіргі жағдайда ең үлкен әмбебап ұйым болып БҰҰ саналады.

Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Сонымен қатар олардың өздерінің жеке шекарасы болмайды. Халықаралық ұйымдар тек қана халықаралық щарттардың негізінде жұмыс істейді.

Жеке тұлғалардың халықаралық құқықтық мәртебесі. Жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі туралы мәселе заң әдебиеттерінде көптен бері қарастырылып келе жатыр. Батыс ғалымдары халықаралық органдардан қорғалатын мүмкіндіктері барына сілтеме жасап, индивидтерді халықаралық құқықтың субъектісі деп танып отыр, сондай-ақ Еуропа Одағы мемлекеттерінің жеке тұлғалары талапарыздарымен Еуропалық сотқа жүгіне алады.

КСРО кезіндегі заңгерлер идеологиялық ұғымның салдарынан индивидтерді халықаралық құқықтың субъектісі ретінде мойындамаған. Бірақ 80-жылдардан бастап индивидтің халықаралық құқық субъектісі ретінде көптеген әдебиеттер пайда бола бастады.

Халықаралық құқықтың туынды субъектілеріне тағы да дінисаяси және саяси-аумақтық бірліктерді жатқызуға болады. Олар халықаралық шарт немесе халықаралық тану негізінде өзінің халықаралық құқықтық мәртебесіне ие болады. Оларды еркін қала деп атайды. Мысалы, Краков 1815 ж. Венада өткен және қабылданған трактат бойынша Ресейдің, Австрияның және Пруссияның қарамағындағы еркін, тәуелсіз және бейтарап қала деп жарияланды. 1919 ж. Версальдағы бейбітшілік шарты бойынша Данцигке ерекше мәртебе “еркін мемлекет” атағын берді.

Қазіргі уақытта арнайы халықаралық құқықтық мәртебеге ие мемлекетке ұқсас құрылым болып Ватикан табылады. Ватикан – Рим католик шіркеу орталығы ретінде құрылған. Одан басқа тағы да мемлекетке ұқсас құрылым – “Мальта ордені”. Бұл екуінің де резиденциясы Римде орналасқан. Бұл екуі де әлемдегі көптеген елдермен дипломатиялық қатынасқа түседі және бұлардың БҰҰ-ның, ЮНЕСКО-ның, МОТ-тың жанында өкілдіктері бар. Ватикан БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемелерінің мүшесі болып табылады және бірнеше елдермен екіжақты шарттар жасасқан.