Солтүстік Қазақстан

Солтүстік Қазақстанның экономикалық географиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы, ресрубликаның шеткі және Ресеймен шекаралас ауданы. Біріншіден, Ресейдің Орал және Батыс Сібір экономикалық аудандарымен шектеседі.

Екіншіден, аумағы арқылы ірі темір жол магистраль өтед.

Солтүстік ауданның табиғат жағдайыда қолайлы. Жер бедері, негізінен жазық болып келеді.

Солтүстік Қазақстан минералды ресурстарға бай. Сондықтан да өнеркәсіпті дамытуға мүмкіншілігі бар.

Көмір Екібастұз, Майкүбі, Обаған алқаптарында, темір кені Қостанай алабымен, Лисаков кенінде (83%) шоғырланған.

Ауданда Қазақстандағы ірі алтын кенорындарына Василков, Жолымбет, Бестөбе, Ақбейіт, Майқайың жатады. Боксит Амангелді мен Қызыл Октябрь кенорындарында, мыс Бозшакөлде, асбест Жетіқарада, ас тұзы Коряков, Тобылжан, Қалқаман кенінде, Солтүстік Қазақстан облысында Обухов титан кенорны зерттелініп игеруге дайындалуда.

Солтүстік Қазақстанның барлық жерінде құрылыс материалдары кездеседі- тас, саз, кварц құмы, отқа төзімді саз, әктас.

Жер ресурсына бай аймақтардың бірі. Жалпы жер ресурсының 90% -ы ауылшаруашылығына қолайлы жерге жатса, оның 61%-ы жайылым; 37%-ы егіншілікке пайдалы.

Су ресурстарына жеткілікті аймақ. Ауданда бірнеше су қоймалары салынған. Оның шінде ең ірілері Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы (Есіл өзені, ауданы 117 км2) және Қостанай облысындағы жоғарғы Тобыл су қоймасы (Тобыл өзені, ауданы 87,4 км2).

Халқы. Республика халқының 24%-ы Солтүстік Қазақстан ауданында тұрады. Еңбек ресурсы жоғары аудан. Экономикалық белсенді халықтың үлесі 91,5%7 ) Қостанай облысында экоомиклық белсенді халықтың үлесі аудан ішінде ең жоғары (76%), жұмыссыздардың үлесі орта есеппен 8,5%.

Мемлекетіміздің басқа аймақтарына қарағанда халықтың орналасуы біркелкі.

Ауданның ұлттық құрамы күрделі, негізінен қазақтар, орыстар, украинда, белорустар, татарлар, немістер, мордвалықтар, поляктр, еврейлер және т.б. халықтар тұрады.

Солтүстік Қазақстан негізінен темір, тас көмір өндіруге. Электр энергиясы, ферроқорытпа, алюминий өндірісіне, мұнай өңдеуге маманданған. Сонымен бірге мұнда АӨК-ң астық шаруашылығы салалары, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған.

Тау-кен өнеркәсібі салалары темір рудасын асбест, боксит, энергетиклық көмір және т.б. өндірумен байланысты қалыптасты. Олар өткен ғасырдың тек 1960 ж. Дами бастағанмен, аудан экоомикасында қазіргі уақытта маңызды рөл атқарады.

Қара металлургиятемір кенін өндіру мен оы байытуға негізделген. Ол Соколов-Сарыбай және Лисаков КБК болып табылады.

Түсті металлургия салаларынан боксит өндіру дамыған (Арқалық қаласының маңында). Алюминий шикізаты дүние жүзіндегі ірі зауыттардың бірі саналатын, алюминий тотығын өндіретін республкадағы жалғыз Павлодар алюминий зауытына жіберіледі.

Химия өнеркәсібі салаларының дамуына ас тұзы, сонымен қатар Батыс Қазақстан мен Батыс Сібірдің (Ресей) мұнайы шикізат базасы болып табылады. Мұнай өнімін өңдеуден шығаратын зауыт Павлодарда жұмыс істейді. Республика бойынша 3-ші орында.

Солтүстік Қазақстанның машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары шығаратын өнім-ауыл шаруашылығы машиналары –АӨК –ке қызмет етеді.

Солтүстік экономиклық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК орналасқан.

Солтүстік Қазақстан — еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қара топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығының дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) жаздық бидай өсіру. Дәнді дақылдар егістіктерінің ең үлкен аумақтары Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Акмола облыстарында орналасқан (3 млн га-дан астам).

Бұдан басқа, мұнда сұлы, арпа, күздік бидай және қарақұмық та өсіріледі. Экономикалық аудан жалпы астық жинаудан Қазақстанда алдыңғы орын алады (67%), сонымен бірге оның басым бөлігі үш облыстың — Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының үлесіне тиеді .

Техникалық дақылдардың үлесі (күнбағыс, зығыр, кыша және т.б) көп емес, дегенмен күнбағыстан алынатын өнім біршама жоғары — республикадағы жалпы өнім жинаудың 11%-ын құрайды (Шығыс Қазақстаннан кейін 2-орында). Аймақта алдыңғы орынды Павлодар облысы алады (жалпы аймақ өнімінің 89%-ы).

Қала маңдары мен өзен аңғарларында көкеніс, картоп және бақша дақылдары өсіріледі. Бұл дақылдардың жалпы жиынтық үлесі 15%, бірақ бұл аймақтың бүкіл халқын қамтамасыз етуге жеткілікті.

Аймақтың ауыл шаруашылық жерлерінің басым бөлігін (25%-дай) азыктық дақылдар — көпжылдық шөптесін өсімдіктер, жүгері, азықтық қызылша алып жатыр.

Аймакта сүтті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге болатын жайылымдық және шалғындық жерлер де мол.

Сонымен қатар қой, жылқы, құс және шошқа шаруашылықтары да дамыған.

Астана, Петропавл, Кекшетау, Павлодар, Қостанайдағы ірі ұн тарту комбинаттары жоғары сапалы ұн, әр түрлі жармалар, азықтықжем, т.б. өндіреді.

Барлық қалалар мен кейбір ауылдық елді мекендерде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Олар тері, тоқыма және тігін өнімдерін шығарады.

Солтүстік Қазақстанның Шортанды-Бурабай курорттық зонасы (Ақмола облысы) сияқты табиғат кешендері тек біздің елді ғана емес, шет елдік туристерді де қызықтырады.

Қалалары. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанда 62 қалалар мен кенттер бар.

Орталық Қазакстаннан солтүстікке карай Ақмола облысы орналасқан. Облыстың құрамында республикалық маңызы бар Астана қаласы мен облыстық дәрежедегі 2 қала бар, олар — Көкшетау мен Степногор.

Астана (511 мың адам) — республика астанасы — Қазақстанның географиялык орталығында дерлік орналасқан. Қала ірі көлік. магистральдарының қиылысында орналасқан.

1950 жылдары қала мемлекеттің солтүстігіндегі тың және тыңайған жерлерді игеру орталығы болды. Астана мәртебесін алғаннан кейін жылдам көркейіп, өсе бастады. Орталығы мен шет жақтарында биік үйлер бой көтерді.

Астана — республикамыздың ірі өндірістік, ғылыми және мәдени орталығы. Қалада ауыл шаруашылығы машиналарын шығару, сонымен қатар тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. Астана мәртебесін алуына байланысты құрылыс индустриясы да жылдам қарқынмен дамып келеді.

Ақмола облысының солтүстігінде облыс орталығы Көкшетау каласы орналасқан (135 мың адам).

Қаланың халқы біртіндеп көбейіп, жұмысіпылар саны есті. 1941 жылы Көкшетауға эвакуациямен Подольск іс машиналарын шығару зауытының жұмысшылары мен кұрал-жабдықтары тиелген эшалон келді. Ол қалада жұмыс істеп тұрған механика зауытына келіп орналасты да, бірден әскери-қорғаныс өнімдерін шыгаруға кірісті.

1960-1970 жж. ескі, қайта жабдықталған және жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары іске косылды.

Радиозауыт, Васильков кен-байыту комбинаты және т.б. жұмыс істей бастады. Қалада орыс драма театры, әдебиет жөне өнер мұражайы жұмыс істейді.

Экономикалық ауданның шығысында Павлодар облысы орналасқан, онда Қазақстанның әсем қалаларының бірі — Павлодар орын тепкен (305 мын, адам). Біздің ата-бабаларымыз қала үпіін ең қолайлы жерді — Ертіс өзенінің жағалауын таңдап ала ілген.

Павлодардың қолайлы географиялық жағдайы, тас көмірдін, мыстың, алтынның, күмістің және басқа да сирек кездесетін металдардың мол қоры өткен ғасырдың өзінде шет елдік іскер топтардың назарын аударған болатын. Ал 1950 жылдардың ортасынан бастап қалада өнеркәсіп дами бастады.

Солтүстік Қазастанның батысында Костанай облысы орналасқан, облыс орталығы — Қостанай қаласы (204 мың адам). Бұл Солтүстік Казақстанның ірі өнеркәсіп жене мәдени орталығы. Қаланың 1897 ж. іргесі қаланды. Ол кезде мұнда жыл сайын жәрмеңке өткізілетін. Жергілікті ауыл шаруашылық шикізатының негізінде ұсақ кәсіпорындар — тері илейтін зауыт, бу диірмендері жұмыс істеді.

Өткен ғасырдың ортасынан бастап, темір (Соколов-Сарыбай) және асбест (Жітіңара) кенорындарын игерудің нөтижесінде темір жолдар салынып, қала жылдам дами бастайды.

Соңғы жылдары тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыды, ет-консерві комбинаты, кондитер фабрикасы, мәуіті-шұға кәсіпорны, аяқ киім және тігін фабрикалары жұмыс істейді.

Петропавлды (193 мың адам) «Республиканың солтүстік қақпасы» деп орынды атайды. Ол 1752 жылы салынған, Петропавл атауын 1807 жылы алған. Қаланың транзиттік экономикалық-географиялык жағдайы өте қолайлы. Оның Транссібір және Трансқазақстан темір жолдарының қиылысында орналасуы қаланың сауда орталығы ретінде жылдам өсуіне әсерін тигізді.