Архайкалық мәдениет

Палеолит дәуірінің үңгірлерінен ерінге жағатын қызыл бояулар салынған ыдыстар табылған. Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен әйел мүсіндерін жасаған. Бейнелеу өнерінің бұл алғашқы туындылары “Венералар” деп аталған. Ол кезде әйелдер қауымының бүкіл тұрмыс-тіршілігін басқарған және туыстық жағын да әйелдер айқындайтын матриархаттық, яғни ана тілінің үстемдігі болатын. Әмірші ана ұрпақтың есен-саулығы мен өмір-тіршілігінің сарқылмас қайнар көзі болып саналады. Палеолит әйелдерінің 150-ден астам мүсіндері дүние жүзінде әр елдерінде табылған. Эрмитажда мамонттың азу тісінен жасалған осындай мүсіні қойылған: оның жасалғанына 30-40 мың жыл өткен.

Қазақтар-киелі әйел құдай Ұмайды әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашты аспанды жарқыратқан күн сәулесі мен кемпірқосақ нұрына шашылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған. Мезолиттің аяғына қарай әйелдер мен балалар үй шаруашылығына пайдалануға өте ыңғайлы, қолайлы, саз балшықтан ыдыс-аяқтарды жасауды игерді. Әлі де кебе қоймаған саз балшықтың үстіне саусақтың ұшымен немесе таяқшалар мен түрлі сызықшылар жүргізу дәстүрге айналды. Бұл бір жағынан әдемілік үшін жасалса екінші жағынан сиқыршылықпен тығыз байланысты болады. Осылай әйелдер өнері ою-өрнек болып табылады. Шаруаның тұрмыс тіршілігі жердің құнарлығына байланысты болды. Шаруа үшін жер құдай-ана болып саналады. Сондықтан да бұлар егіншілікке бай маусымдық ритуалдар, яғни егіс жұмыстарының басталуымен және шыққан егіннің жинауымен тығыз байланысты. Ұлы құдай аналар — Шитар, Кибела, Деметра, Церера әрі дархан, әрі балажан болғандықтан өздеріне жан-тәнімен табынуды талап етеді.

Конфуцийдің әлеуметтік тәртібінің басты қағидаларының бірі — үлкендерді сыйлау, оларға бағыну. Олар үлкен бедел иелері, олай болса олардың айтқандарын мүлтіксіз орындап, еркіне бағыну — мемлекет ішіндегі мүлтіксіз орындалуға тиісті ережелер болып есептелінеді. Бұл жағдай отбасылық өмірге де қатысты болды. Сондықтан да болар, Конфуцийдің «Мемлекет дегеніміз — үлкен отбасы, ал отбасы — кіші мемлекет» деген қағидасы Қытай елінде берік орнығып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Оның басты нәтижесі күні бүгінге дейін қытайлықтардың ата-анасын және үлкендерді сыйлап-құрметтеуді ұлттық дәстүрге айналдырғандығы болып табылады.

«Ата-бабаларға» табыну — ежелгі Қытайда кеңінен орын алғаны тарихтан белгілі. Осы бір ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін ғана өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тәртіп нормасына айналдырды. Сөйтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген «Сяо» — яғни «Балалар құрметі» ілімі өмірге келді. Конфуцийдің пайымдауынша, «сяо» — адамгершіліктің негізі болып саналады. «Сяо» ережелері — ата-анаға қалтқысыз құрмет көрсетуді, оларды «ли» дәстүрімен жерлеуді және дәл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді. «Сяо» тәртіптері бойынша қандай жағдай болса да, тіпті әкесі ұры немесе кісі өлтірсе де балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы шарт.

Жоралғы-қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрпындағы кәделердің бір түрі: жасы үлкен адамдарға, ағайын-туыстарға немесе сыйлы қонақтарға қалыптасқан дәстүрге сай көрсетілетін құрмет, берілетін сый-сияпат. “Жоралғысыз жол болмайды” деп түсінген қазақ халқы ата-бабалар дәстүрін шамасы жеткенше орындауға тырысқан.

Мистика (mystikos-жұмбақ, сыр)-орта ғасырда үстемдік еткен діни идеалистік-философиялық бағыт. Мистика адам “Табиғаттан тыс” күш құдаймен тікелей байланыс жасай алады деп уағыздайды. Барлық діни ілімдер мен бүкіл идеалистік философия мистикамен шырмалған. Мистика өзінің бастамасын шығыстың ежелгі заманда болған діндерінен алды. Ежелгі Грецияда мистика М.Пифогор философиясында айқын бейнеленді. Мистика орта ғасырда кеңінен дамыды. Христиан философиясында мистика схолостикамен қатар дамыды. Ортодоксольдық мистика схолостикадағы рационализмге қарсы күресте діннің негізгі тірегі болды. Мистика иррационализмге қарсы күресте діннің негізі тірегі болды. Мистика иррационализм мен аскетизмге көшуді жақтады. Ортодоксальдық емес мистика жанмен құдайдың табиғаты етене байланысты деп санап, пантеизммен ұштасты. Пантеистік мистика еректиктердің, антифеодалдық қозғалысының идеологиясы болды. Жаңа заманда дін идеологияның негізгі формасы болудан қалған мистика реакцияның туына айналды. Империализм кезінде мистика буржуазиялық идеологияға қызмет етті.