Ағымдағы ахуалды талдау

Негiзiнен кеңестiк кезеңнiң өзiнде қалыптасқан елдiң экономикалық әлеуетiн орналастыру экономика құрылымының бұзылуы, iшкi экономикалық кеңiстiктiң сақталып отырған ыдырауы салдарынан оны дербес экономикалық жүйе ретiнде дамыту орнықтылығының қазiргi заманғы қажеттi талаптарына жауап бермейдi.
Қазақстанның әлемдiк шаруашылық жүйесiне белсендi кiруi Қазақстанның әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде тар мамандануымен, негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алыстығымен тежелiп отыр, бұл тұтастай елдiң де, және оның жекелеген өңiрлерiнiң де сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауымен тереңдей түседi.
Экономиканы нарық жағдайында дамыту елдiң жекелеген аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң бәсекелiк артықшылықтарын да, сол сияқты нарыққа бейiмделудiң әрқилы мүмкiндiктерiне байланысты олардың кемшiлiктерiн де анықтап бердi. Бұл жекелеген өңiрлерде өндiрiстiң бiршама құлдырауына және тоқтап қалуына, күйзелiске ұшыраған аудандар мен елдi мекендердiң пайда болуына алып келдi. Нәтижесiнде өңiрлiк теңсiздiктер тереңдедi және табиғи көшi-қон ағымына қарамастан, ел халқының бiр бөлiгi қазiргi уақытта экономикалық перспективалы емес аумақтарда тұрады.
Бұрын қалыптасқан таратып орналастыру жүйесi өз тиiмдiлiгiн жоғалтты және қазiргi уақытта қалыптасып жатқан елдi кеңiстiктi экономикалық ұйымдастыруға сәйкес келмейдi. Бұрын минералдық-шикiзат кен орындарының базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ қалыпты өмiр сүру үшiн жарамсыз аумақтардағы және даму орталықтарынан шалғайдағы ауылдар перспективасыз болып қалды.
60 шағын қаланың 10-ы күйзелiске ұшырағандар санатына жатқызылды. Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi бойынша 7512 ауылдық елдi мекеннiң (АЕМ) 1204-iнiң (халық саны 1,8 млн. Адам) жоғары, 5625 АЕМ-нiң (5,2 млн. Адам) – орташа, 595 АЕМ-нiң (189,9 млн. Адам) төмен даму әлеуетi бар және 88 АЕМ-нiң тұрғындары жоқ.
Аумақтық дамуды басқару жүйесi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз етпейдi. Аумақтық жоспарлау мәселелерiн әртүрлi ведомстволар реттейдi және тұтастай алғанда орталық деңгейде тиiмсiз үйлестiрiледi.
Елдi кеңiстiктiк ұйымдастырудың өңiрлiк жобалаумен, аса маңызды табиғи ресурстарды пайдаланудың және инфрақұрылымның салалық схемаларымен өзара байланыстырылған моделi қалыптаспаған.
Аралас әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (облыстардың, аудандардың, қалалар мен ауылдардың) мүдделерiн, трансөңiрлiк процестердi үйлестiру құралдары (тетiктерi) жоқ.
Қазiргi уақытта елдiң аумақтық дамуындағы ахуалды былай сипаттауға болады.

 Күштi жақтары

Елдiң Еуразия құрлығының орталығында, екi континенттiң – Еуропа мен Азияның қиылысында қолайлы географиялық орналасуы. Қазақстан әлемнiң аса iрi елдерi – Ресей Федерациясы мен жылдам өсiп келе жатқан Қытайдың арасында, Орталық Азия мемлекеттерiмен, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Оңтүстiк Азия өңiрлерiмен көршiлес орналасқан.
Шекара маңындағы өңiрлердiң басым болуы. Қазақстанның 14 облысының 12-ci шекара маңында. Дамыған және серпiндi дамып келе жатқан елдердiң тәжiрибесi шекара маңындағы өңiрлер осы мемлекеттердiң өсу аймақтарына айналғанын көрсеттi. Шекара маңындағы өңiрлер экономикалық белсендiлiк орталықтары болып табылады және бүкiл елдiң әлемдiк экономикалық жүйеге ойдағыдай кiрiгуiне ықпал етедi.
Ауқымды жер ресурстары мен табиғи-климаттық ерекшелiктердiң әралуандылығы алуан түрлi аграрлық өнiм өндiруге мүмкiндiк бередi. Республиканың аумағы он табиғи-ауыл шаруашылығы аймағын қамтиды, ауыл шаруашылығы алқаптарының үлесi – 82 % (1, 2, 3-қосымшалар).
Iшкi қажеттiлiктердi қамтамасыз етуге де, сол сияқты елдiң өсiп келе жатқан экспорттық мүмкiндiктерiн iске асыруға да мүмкiндiк беретiн әралуан және бай минералдық-шикiзат базасы. Уранның, қорғасынның, мырыштың, мыстың, мұнайдың, көмiрдiң, хромның, темiрдiң, марганецтiң, қалайының, алтынның, фосфориттердiң, бор мен калий тұзының барланған қорлары жағынан Қазақстан әлем елдерiнiң алғашқы ондығына кiредi.
Елдiң өндiрiстiк әлеуетi: өнеркәсiп пен аграрлық өндiрiстiң көп салалы құрылымы, тиiстi өндiрiстiк қуаттардың болуы. Өнеркәсiптiң дамыған базалық салалары – отын-энергетика және тау-кен-металлургия кешендерi.
Елдiң бүкiл аумағын қамтып жатқан көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым желiсiнiң болуы. Темiр жолдың және автомобиль жолдарының желiсi шектес елдерге шыға отырып, барлық өңiрлер арасында тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Қазақстандық автомобиль жолдары мен темiр жол халықаралық көлiк дәлiздерiнiң құрамына енгiзiлген. Ақтау теңiз портын «ТРАСЕКА» және «Солтүстiк-Оңтүстiк» халықаралық көлiк дәлiздерiнiң құрамындағы мультимодальдық көлiк торабы ретiнде пайдалану мүмкiндiгi бар. Елде 21 әуежай (22-нiң iшiнен) жұмыс iстейдi, оның 14-iне халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етiлген. Елдiң барлық өңiрлерiн талшықты-оптикалық байланыс желiлерiмен байланыстыратын Ұлттық ақпараттық супермагистралдың құрылысы аяқталып келедi.
Инновациялық-бiлiм беру әлеуетi: кейiннен бiлiм беру-инновация кешендерiн қалыптастыру базасы ретiнде университеттердiң, iрi жоғары оқу орындарының және мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталықтарының болуы.
Бiрегей рекреациялық ресурстар: табиғи кешендер және олардың құрауыштары, мәдени-тарихи ескерткiштер мен сәулет объектiлерi.
Демографиялық оң серпiн және еңбек ресурстары резервiнiң болуы. Соңғы жылдары халықтың табиғи өсiмiнiң ұлғаюы. Еңбек ресурстарының резервi ретiнде ел iшiнде жұмыс күшi артық өңiрлердiң болуы. Демографиялық резерв ретiнде көршiлес мемлекеттердiң шекара маңындағы өңiрлерiнде қазақ диаспорасының болуы.

 Әлсiз жақтары

 Негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алшақтық. Теңiз (мұхит) қатынас жолдарына тiкелей шығудың болмауы.
Әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде елдiң тар мамандануы мен көптеген өңiрлердiң бiржақты бейiнi, құрылымның бұзылуы мен экономиканың сақталып отырған ыдырауы. Экономикада экспорттық шикiзатқа бағдарланған оқшауланған секторлары және бәсекеге қабiлетi төмен қайта өңдеу өнеркәсiбi бар, салалық, сол сияқты аумақтық аспектiде өзара әлсiз байланысқан экономикасы бар екi қарама-қайшы құрылым қалыптасты.
Өнiмдiлiктi төмендететiн және аграрлық өндiрiстiң тәуекелдiлiгiн ұлғайтатын факторлардың болуы. Егiстiк сапасының салыстырмалы төмен болуы. Егiстiк бонитетiнiң (құнарлылықтың салыстырмалы деңгейiн көрсететiн) 50 бiрлiктен асатын балы 23,2 млн. Гектар егiстiктiң тек 4,2 млн. Гектарына қатысты. Ауыл шаруашылығы алқаптарының 30,8 млн. Гектары (14,8 %) су және жел эрозиясына ұшыраған (4-қосымша). Өнiмдiлiгi аз жайылымдардың басым болуы.
Елдiң жекелеген өңiрлерiнде су ресурстарының тапшылығы. Ел өңiрлерiнiң басым бөлiгi құрғақ аймақта орналасқан және сумен қамтамасыз етуде қиындық шегiп отыр (5-қосымша). Жерүстi суларының тек 56 %-ы ғана Қазақстан аумағында қалыптасады, ал қалғаны сырттан келедi, бұл республиканың кейбiр өңiрлерiнiң шекаралас мемлекеттердiң су ресурстарына тәуелдiлiгiн күшейтедi.
Минералдық-шикiзат ресурстарының әркелкi бөлiнуi. Әлеуеттi бай қорлардың аз игерiлген және жұмыс iстеп тұрған өндiрушi кәсiпорындардан шалғайдағы аудандарда шоғырлануы.
Электр энергиясы бiр өңiрлерде артық болған кезде басқа өңiрлерде тапшы болуы. Елдiң солтүстiк және шығыс өңiрлерi электр энергиясын шамадан тыс шығарады, ал сонымен бiр мезгiлде оңтүстiк және батыс өңiрлерге ол елдiң басқа өңiрлерiнен немесе таяу орналасқан елдерден (Қырғызстан, Ресей, Тәжiкстан) импортталады.
Ел экономикасының осы заманғы қажеттiлiктерiне сай келмейтiн көлiк желiсi. Көлiк инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Республиканың негiзiнен кеңестiк уақытта қалыптасқан көлiк жүйесi қазiргi жағдайда республиканың халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне толық қосылуын тежеп отыр. Елдiң темiр және автомобиль жолдары өткiзу қабiлетiнiң төмендiгiмен сипатталады. Қарқынды тозу мен бұзылудың салдарынан жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары желiсiнiң шамамен 30 %-ы күрделi жөндеудi талап етедi, 75 %-ы берiктiк пен тегiстiктiң қолданыстағы нормативтерiне сай емес.
Тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымның тозуының жоғарылығы. Елдiң шағын қалалары мен ауылдық аудандарындағы инфрақұрылым желiсiнiң нашар дамуы. ЖЭО-ның негiзгi құралдарының табиғи тозуы 40-60 % көлемiне жеттi, бұл иелiктегi электр және жылу қуаттарын шектеуге әкеп соқты. 2010 жылға қарай ЖЭО турбиналарының 50 %-ы өзiнiң белгiленген қуаттарының парктiк ресурсын бiтiредi. Елдi мекендердiң энергия желiлерi мен су құбыры-кәрiз желiлерiнiң айтарлықтай тозуы. Ел халқының 1,7 %-ы әкелiнетiн сумен жабдықталады, 25 %-ы жеткiзудiң қиындығына байланысты суды алдын ала тазартылмаған ашық көздерден iшедi.
Су шаруашылығы инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Бөгеттердiң, су тораптарының және өзге құрылыстардың нашар техникалық жай-күйi.
Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерi желiсiнiң жеткiлiксiз даму деңгейi. Ел өңiрлерi әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiмен әркелкi қамтамасыз етiлген. Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне қолжетiмдiлiк жоқ немесе қиын. Халықтың табиғи және миграциялық өсiм қарқыны жоғары iрi қалалар мен өңiрлерде әлеуметтiк инфрақұрылымның даму қарқыны артта қалған.
Рекреациялық инфрақұрылымның дамымауы. Рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiнiң көпшiлiгi кеңестiк уақытта салынған, өте тозған және халықаралық стандарттарға сай емес.
Елдiң бүкiл аумағында экологиялық ахуалдың нашарлауы. Әуе бассейнiнiң ластануы, су ресурстарының таусылуы және ластануы, «тарихи» ластану, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар, жердiң шөлейттенуi және тозуы, биологиялық әралуандылықтың бұзылуы, радиоактивтi ластанулар өңiрлердегi қоршаған ортаның басты проблемалары болып қалып отыр (6, 7-қосымшалар).
Елдiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылымының осы заманғы талаптарға сай болмауы. Нарықтар мен елдi мекендер жүйелерiнiң шекарасы өңiрлердiң әкiмшiлiк шекарасына әркез сәйкес келе бермейдi. Бұдан басқа, облыстық (11 қала) және аудандық (10 қала) маңызы бар кейбiр қалалар өз мәртебесiне сай емес (8-қосымша). Мысалы, Ақтөбе облысының Жем, Темiр сияқты аудандық маңызы бар қалаларының халық саны 2,5 мың адамнан, ал Қызылорда облысының Қазалы, Ақмола облысының Степняк сияқты қалаларының халық саны 6 мыңнан аспайды. Бұрын құрамына селолық округтер енгiзiлген қалалардың шекарасы реттелмеген.

 Қауiптер (Шектеулер)

 Мыналар елдiң орнықты аумақтық дамуына кедергi болатын факторларға айналуы мүмкiн:
өңiрлiк және әлемдiк еңбек бөлiнiсiнде елдiң тар, негiзiнен шикiзаттық мамандануының, транзиттiк тәуелдiлiгi мен экономикалық оқшаулануының нығаюы, тиiсiнше – елдiң даму қарқынының тұмшалануы мен экономикалық артта қалуы;
бәсекеге қабiлеттiлiктiң төмендiгiнiң және өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы өндiрiстiң тоқтап қалуының салдарынан бiраз аумақтардың индустрияланбауы;
бiрiктiрушi көлiк-коммуникациялық желiнiң дамымауына, өңiрлiк аумақтық-шаруашылық жүйелерi үшiн сыртқы тартылыстың әртүрлi бағыттылығына (көптеген инфрақұрылымдық жобалар транзиттiк экономиканы қамтамасыз етуге анағұрлым бағдарланған және елдiң экономикалық кеңiстіктiк кiрiгуiнiң бiртұтастығын қамтамасыз етпейдi) байланысты елдiң ыдырау ықтималдығы;
кең ауқымды трансеуразиялық сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық дәлiздердi қалыптастыру бойынша өңiрдiң iргелес мемлекеттерi тарапынан болатын, сондай-ақ елде халықаралық кiрiгудiң өңiрлiк орталық қалаларын қалыптастыру бойынша көршiлес мемлекеттердiң iрi қалалары тарапынан болатын бәсекелестiк;
елдiң шекара маңындағы өңiрлерiнде көршiлес мемлекеттердiң экономикалары үстемдiгiнiң, ауыл тұрғындарының қалаға ағылуының күшеюi және бiраз ауылдық аумақтардың депопуляциясы, демографиялық қысымның және елдiң шекара маңындағы өңiрлерiне көршiлес мемлекеттерден санкцияланбаған көшi-қонының күшеюi;
экологиялық ахуалдың нашарлауы, табиғатқа антропогендiк әсердiң күшеюi салдарынан өмiр сүру ортасының тозуы және соның нәтижесiнде өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы аумақтардың азаюы.