Еуразия материгі

Жер көлемі – 54427 млн км2.

Шеткі нүктелері:

солтүстікте – Челюскин мүйісі,

оңтүстікте – Пиай мүйісі,

батыста – Рока мүйісі,

шығыста – Дежнев мүйісі.

Ең биік нүктелері (м):

Джомолунгма шыңы – 8848,

Коммунизм шыңы – 7495,

Чагори тауы – 8611,

Жеңіс шыңы – 7439,

Монблан – 4807.

Ең төмен орналасқан жері (м): Өлі теңіз —403.

Ең үлкен түбегі (км2): Арабия ауданы – 3 млн.

Ең ұзын өзендері (м):

Янцзы – 6300,

Хуанхэ – 5464,

Амур – 4444,

Енисей – 4092.

Ең үлкен көлі (км2): Каспий теңізі – 396000.

Ең терең көлі (м): Байқал көлі – 1620.

Ең суық температура тіркелген жері: Оймякон—71°С.

Ең ыстық температура тіркелген жері: Таршөлі – +53°С.

Еуразияны құрайтын екі дүние бөлігі- Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жаға-лауы, Кума-Маныч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара тең-ізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бүғаздар аркылы өтеді (Атластағы физикалық картадан қараңдар).

Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі — Челюскин мүйісі (77° 43′ с.е. 104°18′ ш.б.) мен оңтүстіктегі шеткі нүктесі — Пиай мцйісі (1°16′ с.е. 103°30′ ш.б.) аралығындағы кашықтық 8000 км. Кейбір арал-дар солтүстік полюске таяу орналасса, Малайя архипелагының арал-дары экватордан оңтүстікке қарай 11°о.е. дейін созылып жатыр. Материк батыстан шығысқа қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр. Батыстағы шеткі нүктесі — Рока мүйісі (38°47′ с.е. 9°34′ б.б.) мен шығыстағы шеткі нүктесі — Дежнев мщісі (66°05′ с.е. 169° 40′ б.б.) аралығындағы қашықтық 16000 км-ге жуық. Материктің біраз жері шығыс жарты шар аумағынан шығып, батыс жарты шарды да қамтиды. Географиялық орнының осындай ерекшеліктеріне сәй-кес, материкте солтүстік жарты шарға тән барлық климаттык белдеулер мен табиғат кешендерінің толық жиынтығы кездеседі.

Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізі маңынан басталған. Осы жағалауда түң-ғыш географиялық түсініктер қалыптасып, алғашқы географиялық үғымдар жинақталған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда Крит аралын ме-кендеген ежелгі миной халқы негіз салған. Минойлар Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сауда қарым-қатынасын жүргізген.

Ертедегі Үнді мемлекетін мекендеген халық-тар да Оңтүстік-Батыс Азия елдерімен кұрлық аркылы да, теңіз аркылы да сауда катынасын жасаған. Біздің заманымыздың I ғасырында үнділер Суматра мен Ява аралын ашып, казіргі Индонезия жеріне қоныстана бастады. Ал ма-лайялықтар жеңіл кемелерімен Индонезия арал-дарын түгелге жуық аралап шығып, сауда қаты-насын орнатқан. Кейіннен олар Мадагаскар ара-лын ашып, кейбіреулері тіпті сонда түрақтап қалған.Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. Олар ба-тысқа және солтүстікке жорықтар жасап, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді. Ал гректің ер жүрек теңізшілері — аргонавтардың алтын жабағыны іздеп Колхида ойпатына саяхат жасағандығы туралы «Одиссея» аңызында баяндалған

Еуразияның зерттелу тарихындағы маңызды зерттеулер мен ірі гео-графиялық жаңалықтарды естеріңе түсіріңдер.Еуропа мен Азияның жағалық бөліктері ту-ралы толық географиялық мәліметтер болғаны-мен, Азияның ішкі аудандары үзак уақыт бойы зерттеушілердің өзіне жүмбақ болып келді. Әсіресе жан-жағынан биік таулармен қоршалып, ұшы-қиырсыз шөлдермен көмкерілген Орталық Азия жерлеріне аяқ басу көптеген ғалымдар мен жиһанкездердің арманы болды. Тек XIX ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар кұрыла бастады. Бұл зерттеулерді жүргізуде орыс саяхатшы ғалымдарының еңбектері ерекше зор. Әсіресе Н.М. Пржевалъский басшылык еткен экспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орталық Азияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Сол аймакқа жасаған төрт саяха-ты нәтижесінде Н.М. Пржевальский Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және Янцзы өзендерінің бастауын тапты. Ғалым құммен бірге көшіп жүретін Лобнор көлінің табигат жағдайларын сипаттады. Сонымен қатар көптеген өсімдіктер мен жануарлардың ғылымға белгісіз жаңа түрлерін -жабайы жылкы мен жабайы түйені анықтады. Н.М. Пржевальский саяхат кезінде жүрген жолдарын картага түсірді, олардың коорди-наты мен биіктігін анықтады, метеорологиялық байқаулар жүргізді, тау жыныстары мен өсімдіктердің бай коллекциясын жинады.

Н.М. Пржевальский Орталық Азияға жасаған бесінші саяхаты-ның бас кезінде қайтыс болды. Ол қайтыс боларының алдында өзін Тянь-Шань тауындағы Ыстықкөлдің жағасына жерлеуді өсиет етіп қалдырған.

Орталық Азия табиғатын зерттеуде орыс ғалымы П.П. Семенов та зор үлес қосқан. Тянь-Шань тауына екі рет саяхат жасаған бұл ғалым тау жүйесінің шекарасын анықтап, үзақ уақыт осы таудың биік нүктесі деп есептелетін Хантәңірі шыңын ашкан. П.П. Семенов түңгыш рет Тянь-Шаньдағы биіктік белдеулерін ажыратып, қар сызығының мұнда Альпіден әлдеқайда биік жатқанын анықтады. Ға-лым Ыстықкөл колінің ағынсыз тұйық, тектоникалық терең кол екендігін де дәлелдеген. Осындай зор ғылыми жетістіктері үшін ға-лымның аты-жөніне таудың аты косарланып берілді. Орталык Азия-дағы ірі тау жүйесі, биік шың және мұздық П.П. Семенов-Тян-Шан-ский есімімен аталады.

1856-59 жылдар аралығында Ресей Географиялық қоғамының тапсыруы бойынша қазақ халқының ағартушы ғалымы Ш. Уәлиха-нов Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпында қалып келген ішкі боліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған. Қашғарияның алты шаһарына саудагер ретінде жасырын барған Шоқан коптеген көне тарихи кітаптар, этнографиялық бағалы бұйымдар, тау жыныстарының үлгілерін жинап кайтқан. Қазақ зерттеушісі болған жерлерін сипаттап, тұрғылықты халықтың тұрмыс-тіршілігін дәл бейнелейтін суреттер салған, өзі жүріп өткен жерлердің карталарын жасаған.