Психодраманың даму фазасы

Жоспары.

  1. Психодраманың псикикалық әдістері.

2 . Дж.Мореннің социометриялық концепциясындағы психодрама түсінігі жайлы.

  1. Тәлім – тәрбие кезіндегі тұлға бойында коллектившіл бағытының қалыптасуының әлеуметтік және психологиялық, коллективизм қасиеттерінің ерекшеліктері.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Негізгі:

  1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573

2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367

Қосымша:

3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.

4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994

5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983

6.История зарубежной психологии МГУ1986

7.История советской психологии труда МГУ 1983

8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985

9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999

10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984

Лекция мәтіні.

Қарым – қатынас барысында ақпарат бір адамнан (коммуникатор – ақпарат беруші) екінші адамға(реципиентақпарат алушы) тек беріліп –алынбайды, алмасады. Сондықтан, ортақтасудағы ақпарат алысу- тікелей ары – бері ауысу ғана емес, бұл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің жалпы мағынасын анықтау, ортақ көзқарасты белгілеу мен келісімге келу.

Осы міндетті шешу үшін тұлғааралық қарым – қатынас барысында кері байланыс механизмі қызмет етеді. Бұл механизмнің мәні: тұлғааралық коммуникацияда ақпарат алмасу екі есе көбейеді, коммуникатордан реципиентке өткен ақпараттың ішкі мағынасымен қатар реципиент коммуникатордың ақпаратына, оның тәртібіне қалай қарайтыны, қалай бағалайтыны жөнінде мәліметтер беріледі.

Кері байланыс дегеніміз – коммуникатордың әрекетіне реципиенттің реакциясы туралы берілетін ақпарат. Кері байланыстың мақсаты- қарым – қатынас серігіне оның мінез – құлықтары өзгелер жағынан қалай қабылданып, сезіліп тұрғанын түсінуге көмектесу болып табылады.

Кері байланыс түрлері: тікелей және жанама. Тікелей кері байланыс кезінде рециптенттің сөйлеушінің құлқына реакциясы ашық түрде көрініс алады. Мысалы, тікелей сөйлемдер “сен айтып тұрған нәрсе маған ұнамайды”, “Не деп тұрсың, түк те түсінбей жатырмын”. Не болмаса, тікелей қуаныш, ашу, ыза, мұң сезімдерін айқын көрсететін ым – ишаралар. Тікелей кері байланыс реципиентті коммуникатор тусінуі үшін қолайлы жағдай жасап, ортақтасуды тиімді және нәтижелі етеді.

Кері байланыстың жанама түрі – психологиялық ақпаратты қарым – қатынас серігіне жасырын, астыртын жеткізу жолы.ол үшін неше түрлі риторикалық сұрақтар, кекетулер, қатынас серігі күтпеген эмоциялық реакциялар пайданылады. Коммуникатор реципиенттің өзіне қарасты әсері, қатынасының шынайы сипаты туралы өзі ойлап жетуі керек. Сөйлеушінің ойлаған сезімдері мен пікірлері үнемі дұрыс бола бермегендіктен қарым – қатынас барысы да, ақпарат алысу да белгілі дәрежеде күрделене түседі.