Мектеп психологының кәсіптік бағдар беру жұмысы

Жоспар.

  1. Кәсіби даярлықта кәсіптік бағдар беру және хабарламалық жұмыстыр ұйымдастыру.
  2. Кәсіби даярлықтың алдындағы мақсат пен міндеттер .

Пайдаланылатын әдебиеттер:

а) Негізгі әдебиеттер:

1.ҚР Білім туралы Заңы Алматы, 1990

2.ҚР 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

Астана, 2003

3.ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2004

4.ҚР Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2005

5.Айтмағамбетов З, Сәрсекеев М. Мектеп және мамандық таңдау. Алматы, 1983

6.Өстеміров К, Шаметов Р, Васильев И.Б. Професиональная педагогика. Алматы, 2005

б) Қосымша.

1.Акулова О.В. Информационная работа в условиях профилного обучения. Каро, 2005

2.Бақтыбаев Қ, Әлмағамбетова Д. Бастауыш кәсіптік білім мамандықтарына арналған оқу – жоспарының моделін жасау жөніндегі нұсқаулар. Алматы, 2002

3.Гладкая И.В, Ильина С.П, Ривикина С.В. Основы профилного обучения и предпрофильной подготовки. Каро, 2005

Лекция мәтіні

  1. Әлеуметтік жағдайлармен қызмет түрінің мазмұнына орай жеке

тұлғаның кәсіби қалыптасуы 5 кезеңнен тұрады.

Онтация – кәсіптік түсініктерді қалыптастыру, таңдаған мамандық бойынша психофизиологиялық даярлықты қалыптастыру.

Кәсіптік білім – кәсіптік білім, білік дағдыларды қалыптастыру, кәсіптік маңызды, әлеуметтік мазмұнды саналарды, кәсіптік бағыттылықты қалыптастыру.

Кәсіптік бейімделу – жаңа әлеуметтік ролді меңгеру, кәсіптік

өзін — өзі анықтау, кәсіптік қызметті орындау тәжірибелерін үйрену.

Профессионализация – кәсіптік позицияны қалыптастыру, кәсіптік білімді, білікті меңгеруқызметті кәсіби деңгейде орындау.

Кәсіптік шеберлік — өз кәсібін толығымен шеберлікпен орындай білу.

  1. Қазіргі кезде жұмысшылар мен мамандарды даярлауда кәсіби мінездеме

негізіне көңіл аударылады.

«Кәсіби мінездеме» дегеніміз кәсіптік оқу орнын бітірушінің талаптарға сай кәсіптік білімі, біліктілік деңгейі.

Кәсіби даярлауда жеке тұлғаның даярлық санасының негізіне оның кәсіптік профессиограммасы жатады.

Оларға мыналар жатады.

  1. Кәсіптік әлеуметтік — экономикалық мінездеме.
  2. Кәсіптік өндірістік мінездеме.
  3. Еңбек мазмұны: негізгі өндірістік операциялар.
  4. Кәсіптік санитар – гигиеналық мінездеме.
  5. Жеке қызметкердің жеке басына қойылатын кәсіби талартар.
  6. Кадрлар даярлау.