Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің әдістемесі

Жоспар.

  1. Педагогикалық технологияның мәні және белгілері.
  2. Тұлғаның белгілі сапасын дамытуға түрлі педагогикалық технологиясын ықпалының дәрежесі.
  3. Кәсіптік білім берудің технологиясының басымдылықтары.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

а) Негізгі әдебиеттер:

1.ҚР Білім туралы Заңы Алматы, 1990

2.ҚР 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

Астана, 2003

3.ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 20004

4.ҚР Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2005

5.Айтмағамбетов З, Сәрсекеев М. Мектеп және мамандық таңдау. Алматы, 1983

6.Өстеміров К, Шаметов Р, Васильев И.Б. Професиональная педагогика. Алматы, 2005

б) Қосымша.

1.Акулова О.В. Информационная работа в условиях профилного обучения. Каро, 2005

2.Бақтыбаев Қ, Әлмағамбетова Д. Бастауыш кәсіптік білім мамандықтарына арналған оқу – жоспарының моделін жасау жөніндегі нұсқаулар. Алматы, 2002

3.Гладкая И.В, Ильина С.П, Ривикина С.В. Основы профилного обучения и предпрофильной подготовки. Каро, 2005

Лекция мәтіні

1.Педагогика тәрбие және оқыту процесін зерттейді. Оны оқыту процесінің әлеуметтік, дидактикалық, жалпы педагогиканың мінездемелері қызықтырады. Оқыту процесінің төмендегідей педагогикалық мінездемелері оқу әдебиетіне кірді:

  • үнемі дамып отырушылығы;
  • оқыту процесінің 2 жақтылығы;
  • оқытушының да, оқушының да іс-әрекеті сипаты;
  • оқыту процесінің бір тұтастығы және жеке бағыттарға бөліну мүмкіншілігі.

Осы мінездемелердің бәрінің педагогиканы оқыту процесіне қатысы бар.

Педагогиканы оқыту процесінің ерекшеліктері сол – педагогиканы оқыту қоғамның алдына қойған мақсатына байланысты. Қазір білім беру ісінде реформалар жүріп жатыр.

Дидактиканың қазіргі міндеттері:

  • 12 – жылдық оқу бағдарламаларын, оқулықтарды енгізу;
  • оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
  • интерактивті әдістерді енгізу;
  • мектептерді компьютерлендіру;
  • дарынды балалармен жұмыс.

2.Педагогиканы оқыту принциптері:

  1. ғылымилық принцип;
  2. түсініктілік принципі;
  3. жүйелілік және бірізділік принципі;
  4. теория мен практика байланыстылығы;
  5. саналылық және белсенділік принципі;
  6. нақтылық және абстрактылықтың бірлігі;
  7. беріктілік принципі