МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

«Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп,тез иеленгенім соншалық,қалған бүкіл өмірімде мен соның жүзден біріне де ие болмаған шығармын? Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жаңа туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық», — деп Л.Н.Толстой мектепке дейінгі шақ туралы айтқан болатын. Бала мектепке дейінгі жылдарда күн сайын өзі үшін жаңа заттармен, құбылыстармен ұшырасады. Осы кездерде балалардың білім қорын дәйекті түрде ұлғайту, оларды ретке келтіру, нақтылау, жүйелеу-тәрбиешінің міндеті. Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, сапасы және қасиеттері жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алуы керек. Сондайақ табиғат құбылыстары жыл мезгіліне тән белгілері, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары жайлы білім алады. Өлі табиғат құбылыстарын, өсімдіктердің, жәндіктердің, хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиешібалалардың бойында дүние жайлы ұғымдардың бастамасын қалыптастырады. Мектепке дейінгі балаларды олар түсіне алатын қоғамдық құбылыстармен және оқиғалармен: еліміздің астанасы – Астана мен, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірімен оның атқаратын қызметімен, елімізде болатын атаулы мереке күндерімен таныстыру қажет. Себебі қоғам бойынша еліміздің қоғамдық өміріне деген қызығушылықты тәрбиелеуге, отанға деген сүйіспеншілік сезімінің және интернационализм негіздерінің қалыптасуына жәрдемдеседі.

Өйткені бүгінгі қоғам саясаты дамыған мемлекеттер қатарына енудің негізгі жолы – жас ұрпақтың білімді, саналы, бәсекге қабілетті тұлға болуын талап етеді. Осындай аса жауапты міндеттің баянды болуы мектеп жасына дейінгі шақтан, яғни балабақша табалдырығынан басталатыны белгілі.

Сондықтанда балабақшада оқыту және тәрбиелеу бұл мақсат тұрғысында аса жауапты кез. Себебі бұл кез балалардың дүниетаным қалыптастыруға бағытталған. Мектеп жасына дейінгі балаларды айналамен таныстыру сабағын оқытудағы міндет – олардың қоршаған орта, табиғат туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымдық ұғымдарын «Адам – қоғам – табиғат» дүниенің үш үлкен бірлігі арқылы, олардың өзара байланысын күнделікті, жүйелі жұмыс жүргізу арқылы дамытуды көздейді.

Бұл жағдайда біліміді игерудің бірінші кезеңі және табиғат құбылыстарын немесе деректерін қабылдау болып табылады.Қабылдау баланың сезім анализаторлары арқылы жүзеге асып, танымға ұласады. Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Дүниетанымның қалыптасуына адам, қоғам, табиғат туралы білімдер тірек болады. Адам, қоғам, табиғат — біртұтас дүние. Адам, қоғам, табиғат арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын балалар мектепке дейінгі кезеңнен бастап оқып, түсінуі шарт. Себебі дүние қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп, шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады. Мысалы: айналамен таныстыру сабағында балаларға тәрбиеші тапсырма береді. Нәтижесінде балалардың санасында обьектінің немесе табиғат құбылысының сыртқы түрі туралы алғашқы түсінік туады. Түсінік балалардың санасында көрнекті бейнелер түрінде туады және нақтылы сипатта болады.

Сонымен қатар жас бала өмірінің біразы табиғат аясында серуен, ойын, саяхат, еңбек кезінде өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның таңғажайып сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдығы. Осыған байланысты А.Меңжанова мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру ісін жүйелі ұйымдастыру барысында, баланың дүниетаанымын қалыптастрыуға болады, сондықтан да балаларды табиғатпен таныстыру негізінде көркем әдеби шығармаларды кеңірек қолдануды ұсынады.Тек түсіндіріп, көрсетіп қою ғана емес, олардың әсемдігін образды сөздер, теңеулер, салыстырулар арқылы да ұғымын, танимын кеңейту іске асырылады. Көркем әдебиет шығармаларының барлық жанры түгендерлік қолданылуы керек. Себебі баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Жас ұрпаққа табиғат құбылыстары арқылы тәрбие беру санасында жинақталған тәжірбие мол, әрі ол бүгінгі таңда бұл мәселенің мазмұндық жүйесін жаңартып, қайта құру ісіне зор үлес қосылады.