«Scythian Land» туристік фирмасының бағалық саясаты

Нарық пен баға ажыратылмайтын ұғымдар. Олардың бір қалыпты «өмір сүру ортасы» – нарықсыз – баға өзінің экономикалық мазмұнын жоғалтады, экономикалық байланыстарды пәрменді түрде реттеуші мүмкіндігінен айырылады, сөйтіп біздің өткен тәжірибеміз көрсеткеніндей жай ғана шығын деңгейін тіркейтін құралға айналады.

Бағаның өз міндеттерін атқаруы-қоғамдық еңбек шығындарын жалғастыруы, айырбастың эквиваленттілігін, өндірісті ынталандыруы, сұраным мен ұсынымның арақатынасын реттеуі, нарықтағы тепе-теңдікке жетуі үшін – олар белгілеген бір дәрежеде икемді болуға және өздерін айқындайтын жағдайлармен бірге өзгеріп отыруға тиіс. Жалпыға бірдей орталықтандырылған баға қою жағдайында мұндай икемділікке жету мүмкін емес. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл ретте баға жүйесі бірте-бірте өзінің құндық негізінен қол үзіп, экономиканың «қисық айнасына» айналады.

Бағаның айқындығы оның мәнімен сипатталады. Экономикалық теория үйреткеніндей баға құнның ақшалай көрінісі болып табылады, оның мөлшері қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталады. Баға қалыптасқан нарық конъюктурасына байланысты тауардың құнына сәйкес болуы немесе сәйкес болмауы мүмкін. Баға өте қозғалмалы және көптеген факторлардың әсеріне бейімделгіш: а) сұраным мен ұсыным; ә) бәсекенің күші; б) баға емес сипаттағы факторлар. Дегенмен осы факторлардың әсерімен баға құннан қалай ауытқыса да, оның негізгі құн болып табылады.

Баға тек қана экономикалық емес, сонымен бірге психологиялық факторларында әсерімен қалыптасады. Мысалы, бағаны белгілегенде нарықтық қатынастардың делдал, жабдықтаушылар мен мемлекеттік органдар сияқты басқа да қатысушылардың әсерін ескеру қажет.

Бәсеке негіздегі нарықтық бағаны реттеуді қамтамасыз ету мүмкіндігі жақын уақытта өте шектеулі болып отыр. Бізде бір тектес немесе ұқсас тауарлар мен қызметтермен нарыққа шығатын бәсекелестердің жоқтың қасы деуге болады. Баға белгілеудің жалпы бағытын таңдауда, қызмет көрсету, өнім өткізу көлемін ұлғайту үшін жаңа және шығарылып жатқан тауарлар мен қызметтерге бағаны анықтауда маркетингтің алатын рөлі зор. Қазіргі уақытта жаңа тауарлар мен қызметті нарықта тиімді өткізу үшін бағаның негізгі алты түрін қолдануына болады:

  • нарықтағы «бетке шыққан кілегейді алу», яғни, жаңа және жетілдірілген бұйымдарды тұтынушылардың белгілі бір ауқатты топтары сатып алады деген үмітпен оларға жоғары баға қойып сату;
  • нарыққа қызметті немесе өнімді өндіру үшін қойылатын баға, яғни нарықта бар сол өнімге ұқсас тауарлардың бағасынан төмен баға қою;
  • қызмет немесе өндіріс шығындарының орнын толтырумен қойылатын баға;
  • мәртебелі баға, яғни ерекше қасиеті бар сапасы өте жоғары тауарларға қойылатын баға.

«Scythian Land» туристік фирмасының басшылығының алдында маркетингтің жәрдемімен жаңа қызметтерге қойылатын баға түрін және соған сәйкес қандай баға белгілеу әдісін таңдап алу міндеті тұрады. Таңдау көптеген факторлардан тәуелді болады, солардың ішінен мыналарды атап көрсетуге болады: өткізу нарығының сол фирманың бақылауындағы үлесі, жаңа қызметті немесе өнімді нарыққа өндіру жылдамдығы, күрделі қаржының өтелу мерзімі, нарықтағы бәсеке күресінің қаттылығы және т.б.