«Scythian Land» туристік фирмасының жалпы басқару құрылымы

«Scythian Land» туристік фирмасының басқару органдарының қызметі, сондай-ақ олардың шешімдер қабылдау және басқару органдары атынан әрекет жасау тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген.

Фирманың бас директордың ерекше құзыретіне:

  1. фирманың жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын жарғысын бекіту;
  2. фирманың жылдық қаржылық есептемесін бекіту және оның таза табысын бөлу;
  3. фирманың ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;
  4. фирманың коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;
  5. фирманы қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;
  6. филиалдар мен өкілдіктерді ашу туралы шешім қабылдау және олардың ережелерін бекіту;

«Scythian Land» туристік фирмасының негізгі жұмыс қағидалары:

  1. Сапалы қызмет — бұл тұтынушының қалауы;
  2. Фирмада сапа және қауіпсіз мәселелеріне бәрі де жауапты;
  3. Әрбір қызметкер өз еңбегінің сапасына жауапты;
  4. Кез – келген жұмыс бірінші  кезекте    атқарулуы     тиіс;
  5. Қателіктердің алдын — алу;