Нейронның анатомиялық құрылысы

Жүйке жүйесі барлық ағзалардың тұтас организмнің жұмыс әрекетін басқарып, күрделі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді. Мәселен, бұлшық еттердің жиырылуы, жүректің соғуы, бездердің сөл бөлуі, зат алмасу процестерінің дұрыс жүріп отыруы. Сонымен қатар әртүрлі ағзалардың атқаратын қызметы бір-бірімен тығыз байланысты болады. Ішкі, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты не күшейеді, не нашарлайды. Бір ағзаның өзгеруіне байланысты басқа ағзалар қызметі де өзгереді. Мәселен, бұлшық еттердің жиырылуына байланысты қоректік заттар мен оттегіне мұқтаждығы артады. Осыған байланысты жүрек пен өкпе жұмысын күшейтіп, бұлшық еттерді қанмен қамтамасыз етеді. Зат алмасу процесін арттырып, организмде жылу пайда болады. Оның сыртқа бөлінуінен тері бездері мен несеп шығару ағзаларының жұмысы да күшейеді. Осы сияқты организмнің сыртқы және ішкі орталықтары тұрған әсерлері мен өзгерістеріне бейімделуі оның тіршілік етуінің негізі болып саналады. Осы жағдайдың бәрі – жүйкенің реттелуімен іске асады.

Жүйке жүйесі ми мен жұлыннан және олардан тарайтын жүйкелерден тұрады. Ми мен жұлынның орталық жүйке жүйесі, олардан тарамдалған жүйкелерді шеткі жүйке жүйесі деп атайды. Жалпы жүйке жүйесі мен жүйке тінінен нейрондар мен нейроглиядан т.б. тіндерден түзілген. Нейроглия жүйке жасушасының тірегі болумен бірге оған белгілі бір пішін беріп, оларды қоректендіру (трофикалық) жұмысына қатынасады.

Нейрон – толық келген негізгі бөлімінен, денесінен және одан тарамдалған ұзынды-қысқалы өсінділерден түзілген. Денесі сұр түсті протоплазма мен ядродан тұрады. Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер, ал ұзын өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды.

Аксон өсінділері жүйке серпінін жасуша денесінен шығарып отырса, дендриттер керісінше, жасуша денесіне жеткізіп отырады. Осы жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды.

Нейрон жүйке жүйесінің құрылыстық-іс-әрекеттік бірлігі болып саналады. Жүйке жасушалары бір-бірімен жалғасып, нейрондар тізбегін құрады. Мұндай жағдайда бір жасушаның екінші жасушамен байланысқан жерін түйіспе деп атайды. Нейрон бойындағы жүйке қозуы жасушаның дендрит-дене-аксон бағыты бойынша өтеді. Жалпы қозу (жүйке серпіні) сезімтал жүйке арқылы шеттен (рецепторладан) жүйке жүйесінің орталығына, ал одан қозғалтқыш жүйке арқылы шеткі (бұлшық еттерге, бездерге т.б.) ағзаларға өткізіледі.[7]