К витамині химиялық құрылымы және биологиялық қызыметі

Табиғи К1 витаминіне басқа олардың синтездік аналогтары белгілі. Ондай аналогтардың антигеморрагиялық қасиеттері  болады. Бұл аналогтар К3, К4, К5, К6 витаминдер деп аталады. К3 витамині /викасол/ медицинада қолданылады. Ұлы Отан соғысы жылдырында жараланған көптеген Совет жауынгерлерінің өмірін сақтап қалуға себеп болды. Ол суда жақсы ериді және улы әсері жоқ.

 Биологиялық қызметі. К витаминінің жалғыз ғана қызметі – ол қанның ұюына қатысады. Бірақ оның өзі тікелей қан ұюы жүйесіне кірмейді. К витамині жетіспеген кезде протромбиннің, антигемофильдік глобулин шамасы төмендейді. Протпромбин бауырда түзіледі және ол К витамині жоқ кезде оны тромбинге айналдыратын кальций иондарын байланыстыра алмайды. Фибриногеннің фибринге айналуы үшін тромбин катализ қызметін атқарады, қан ұюының мағынасы осы негізге байланысты.

К витаминінің жалғыз ғана қызметі — ол қанның ұюына катысады. Бірақ оның өзі тікелей кан ұюы жүйесіне кірмейді. К витамині жетіспеген кезде протромбиннің, антигемофильдік глобулин шамасы төмендейді. Протромбин бауырда түзіледі және ол К витамині жок кезде оны тромбинге айналдыратын кальций иондарын байланыстыра алмайды. Фибриногеннің фибринге ауналуы үшін тромбин катализ қызметін атқарады, қан ұюының мағынасы осы негізге байланысты,

Авитоминоз. Жоғарыда айтылғандай К-авитаминоз сырқатына тән белгі – терісінің астына және бұлшық еттерге қан құйылуы (геморраги). Ондай жағдай қан ұюы жылдамдығының төмендеуінен болады.

Табиғатта таралуы. К витаминіне әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктер, сәбіз, капуста, томат, қалақай жапырағы бай келеді. Сол сияқты К витамині бауырда, жұмыртқада, сүтте кездеседі.

Қажеттілік мөлшерде. К витамині жануарлар мен адамдардың ішек-қарындарында микроорганизмдер синтездеп дайындайды. Сондықтан оның организмге қажетті тәуліктік мөлшерін анықтау қиын. Адамға қажетті мөлшері күніне 0,2-0,3мг.

К витамині тауық, қаз, үйрек, түйетауықтар үшін өте-мөте қажет.