Дайындық кезеңіндегі оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру

Бастауыш математика курсын оқыту барысында пәнді әрі қарай оқып –үйренуді жалғастыра түсу үшін қажетті даярлық жүзеге асырылды. Оқушылар осындай даярлықты құрттың құрамды бөліктері мен өзекті мәселелері бойынша алады. Ал мұның өзі математиканы алдағы уақытта оқытуға практикалық негіз қалатын болуы тиіс. Соның ең бастысы-“таза арифметикалық” материалдарды оқытудың қорытынды нәтижесі болып табылатын есептеу машығы мен биімділігі. Өйткені арифметикалық амалдарды таблицалық, таблицадан тыс ерекше жағдайларда ауызша, сондай-ақ көп таңбалы сандарды жазбаша орындауда қатысты машық пен икемділік орта буында сандардың жаңа аймағына қолдану нәтижесінде жетіледі, дами түседі. Бұл бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастықты іске асыруда маңызды роль атқарады.

Бастауыш буында оқытылатын есептердің түрлері және орлды шығару жайындағы оқушылар білімдері орта буында бірте-бірте күрделене беретін есептерді шешудің негізіне алынады. Әсіресе программа талабы деңгейінде ұсынылған есепті шығару жолын барлық оқушылар өздері таба білуге үйренуі қолданылатын жалпы әдістерді меңгеріп алуы және математикалық құрылысы әртүрлі есептерді шығаруға қатысты бір шама тәжірибе алып шығаруы орта буында есепті олардың табысты шығарып кетуінің негізін қалайды. Орта буында оқушылар сандар мен олардың амалдар жүргізуі арифметикалық амалдардың мән мазмұнын ашу, олардың қасиеттерін түсіндіріп әртүрлі қолданылуы жағдайларын салыстыру процесінде есеп шығару жолындағы бөлімді творчествалық пен қолдануға бағыт- бағдар берілді.