Жаңа ұғым және әрекет тәсілімен оқып үйретуге дайындық кезеңі

Қандай да болмасын білімге талпыну, таным кеңейту, соның ішінде математикалық білімді игеріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру маңызды да қиын мәселе. Танымдық іс-әрекеттер арнайы құрылған проблемалық ахуалдар кезінде пайда болады да, оны оқушылар бұрын немесе жаңадан оқып-үйретуге үнемі өз қажетіне жарата алады.

Жалпы алғанда математиканы оқып-үйрету ұғымды қалыптастыру мен оны терең танымдық дәрежеге жеткізуден, математикалық тұжырымдарды теоремаларды дәлелдей білуге үйретуден және оны нақтылы іс-әрекеттен, есеп шығаруға қолдана білуден тұрады. Есептің құрылысы және оны шешу прорцесі жайындағы оқушылар түсінігін тиянақтай түсу мақсатында әр түрлі методикалық тәсілдер қолданылады. Мектеп оқушыларының бойында ғылыми- ұғымдар жүйесін қалыптастыру- оларды жалпы ғылыми білімдер жүйесімен қаруландырудың, маңызды элеметтерінің бірі. Әрбір оқу пәні бір-бірімен өзара байланыстағы ұйымдар жүйесін және пән байланыстағы ұғымдар жүйесін қамтиды. Оқушылардың жалпы пәні бойынша білімдердің санасы олардың ұғымдар жүйесін меңгеруіне байланысты. Заттардың қасиеттері мен сипаттарын, материя қозғалысының формалары мен олардың, алуан түрлі көріністерін оқып-үйрету математика және жаратылыстану пәндері мектептің курсының мазмұны болып табылады.

Ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды саналы түрде білу мүмкін емес, өйткені олардың, өзі ұғымдар арасындағы байланыстарды білдіреді. Ал ұғымды меңгеру дегеніміз- болмыстық, заттар мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, олардың арасындағы мәнді байланыстырады, ара-қатынастарды білу. Ғылыми зерттеулер мен адамның практикалық қызметінде кеңінен қолданып жүрген. Ғылымның, “қаруы” ретінде қабылданған ұйымдардың, мазмұны оқу үрдісінде біртіндеп ашылады. Ұғымды меңгеру оқушылардың белсенді ой қызметімен, анализ және синтез, салыстыру, обстракциялау және жалпылау сияқты ойлау амалдарын (операцияларын) орындаумен байланысты.