Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Дүниетанымның мәні, қызметі баланың ғылыми дүниетанымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылыми философиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қалыптасады.

Көзқарастар- баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары.

Балаолар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады.

Сенім-ақаиқат екендігіне бала ешқандайкүмән келтірмейтінбілімдер, ұғымдар, тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар.

Бала өз сеніміне сүйеніп ол үшін күреседі, басқалардан қорғайды, өз басына төнген қауіптен қорықпайды, басқа балаларды өз соңынан ілестіргісі келеді.

Сенімге сезім әсер етеді. Таным процесінде қуанубілімнің ақиқаттығына сену, өз алдына мақсат қою, сұлулықта,н ләззат алу сенімнің қалыптасуына ықпал етеді.

Қажымайтын қайрат— дүниетаным құрамындағы маңызды бөлік. Баланың ғылыми дүниетанымынқалыптастыру үшін оған теориялықбілімдердіберумен шектелуге болмайды. Практикалық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала өз алдына мақсат қойып, соған жету үшін жігерлене еңбек етеді.

Теориялық ой— дүниетанымныңэлементі, болмыс туралы білімдерді, құбылыстарды шығармашылықпен, терең түрде ой елегінен өткізе білу, дүниетанымдыжетілдіру, сенімді басшылыққа алып іс-әрекет жасауға ұмтылу.