Бұқаралық ақпарат құралдарының қайта құрылуы.(1985 – 1991)

Қайта құру кезеңінде халықтың мүддесімен тілегіне қажетті әрі оқырмандарын қызықтыратын көптеген материалдар республикалы “Социолистік Қазақстан и” ,”Лениншіл жса”, облыстық “Орталық қазақстан”, “Ақжол ”,”Жетісу”,” Оңтүстік қазақстан ” газеттерінде молынан басылады. Бұл басылымдарда көкейкесті тақырыптарды қозғап, жұрттың көкейінде жүргени ой – пікірлер ашық жарияланады.

1988 жылғы есеп бойынша Қазақстан көлемінде 500 респбликалық,республика аралық,облыстық,қалалық,аудандық және көп тиражди газеттер,жиырма миллион танамен журналдар мен журнал тектес басылымдар шығып тұрды.

Енді, 1988-1991 жылдар аралығында жоғарыда аталған газет – журналдардың қатарына тағы да қазақ тілінде шығатын бірнеше жаңа басылымдар келіп қосылды. Оларға жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ,оның алғашқысы “Алматы ақшамы”газеті.

Бұл газет 1988 жылдың 1 шілдесінен бастап шыға бастады.Ол Қазақстан компартиясы Алматы қалалық комитеті мен Халық депутаттар қалалық кеңесінің газеті болып есетелді.Тиражы 36000.Бөлімдері : партия тұрмысы және коммунистік тәрбие,кеңестер және әлеуметтік мәселелер,спорт хабарлары,әскери – патриоттық тәрбие және жедел хабар,экономика және социолистік жарыс,хаттарды тіркеу. Негізгі айдарлары : “Елімізде”, “Жыңалықтар”, “Шетел телетайпыннан”, “Партия тұрмысы”, “Кеңестер және қайта құру”, “Қайта құру және біз”, “Тетр,кино,жарнама”деп аталады.

Мәселен, “Баспасөз баршаға”айдарымен бұл газет өз оқырмандарын болып жатқан оқиғаларға көзқарастарын,оқырмандар мен баспасөз арасындағы көзқарастарын, байланыстарын үнемі қадағалап,жазып отыруды дәстүрге айналдырған.

Келесі басылым – “Өркен”деп аталады.Ол кезінде сенбі күндері шығып тұратын апталық газет болды.1988 жылдың қаңтар айынан бастап шыққан. Құыртайшылары : Баспасөз министрлігі мен редакция ұжымы. А 3 форматымен 12 бет көлемінде.Екі тілде.

Алғашқыда бұл студенттердің газеті ретінде шығарылды. Көп ұзамай ақ газет жастардың іздеп оқитын қызықты дща жанашыр газетіне айналды.Әдепкі сандарынан бастап ақ “Өркен”батылдығымен,көтерген мәселелердің тереңдігімен,принцпшілдігімен ауызға ілікті.Бұл оның бас редакторы Алтынбек Сарсенбаев бастаған редакция колективінің ізденімпаздығы мен алғырлығының арқасында жүзеге асырылды. “Әлеуметтік көзқарас”, “Студент және нарықты эканомика”, “Демократия тағылымдары”, “Музыкалық коллаж”, сияқты айдарлары болған. Кейде “Оқырмандар “Өркен”жайында”деген айдармен де материалдар беріліп тұрған.Бұлардың көшілігі ұлттық дәстүр,мәдениет,тіл проблемаларына арналған.

1989 жылдң мамыр айында Қазақстан кәсіподақтарының “Әділет”деп аталған апталық газеті жарық көрді.Бұл басылым қазақ және орыс тілдерінде шығарылды.Тиражы 14342 дана.Редакторы Сағыныш Сариев. Газеттің басты міндеті – ақпарат,жаңалықтарды тарату.Дәлірек айтсақ, “Әділет”өз оқырмандарын кәсіподақ өмірімен,олардың жұмыс бағдарламасымен,жоғарғы кеңес жаңалықтарымен жақынырақ таныстыруға тырысады. Айдарлары : “Нарық және халық”, “Кәсіподақ – еңбек қорғау”, “ресми ақпарат”, “Болашақ маман үшін”, “үндемеуге хақым жоқ”, “Шетелдік әріптестер тәжірибесінен”деп аталады.Жарнама басылымның соңғы бетінде беріледі.

1991 жылы Невада – Семей антиядролық қозғалысының “Аманат”газеті жарық көрді.Бас редакторы С. Айнақұлов. Бұл басылым Семей полигоны,оның зардаптары төңірегінде проблемаларды көтерді.Көлемі 8 бет.Оның “Полигон”, “Эпицентр”, “Жаралы жер”, “Редакцияға хат” “Алтын арқау”т.б. айдарлары бар.

“Қазақ батырлары”газеті 1991 жылдың мамыр айынан бастап шыға бастады. Айына бір рет жарық көреті тарихи – этнографиялық басылым, “Қазақ батырлары” қазақ халқының тарихы,әдет-ғұрпы,дәстүр мәселесін қозғайды.Газеттің жауапты хатшысы — Жолдасхан Бозымбеков.