Қазақтың жалпыұлттық демократиялық басылымдары

Дүние жүзі халықтарының,оның ішінде бұрынғы кеңес Одағы халықтарының арасында тап қазақтардай шетқақпай көрген ұлт кемде –кем шығар.Бәлкім,базбіреулер айтпақшы бәле-жаланың барлығын кеңес үкіметі мен комунисттік партияға жабудың қажеті жоқ,оның үстіне өткен іс өтті деп есептейтін болар.Алайда,келер ұрпақ өз тарихына қатысты бар шындықты білгені жөн.Өйткені,қазақ жеріндегі «кіші Октябрь», «ашаршылық», «репрессия», «ұлт жауларымен күрес», «тың көтеру», «желтоқсан оқиғалары»тікелей осы кеңес үкіметі саясатының жемісі болып есептеледі және соның бәрін тарихи заңдылық санап, «уралағандар»да болды.

Енді міне,тарихтағы «ақтандақтар»ақиқаты біртіндеп ашылуына байланысты,қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ Орта Азия халықтарына,оның ішінде қазақтарға да қарсы большевиктер тарапынан «бастып алушылық»саясат жүргізілгендігі айқындалып отыр.Бұл саясатты жүзеге асыруда ең алдымен зиялылыардың үнін өшіру қажет еді.Ал оны жүзеге асыру үшін қазақ тіліндегі баспасөздің үнін өшіру аса қажет еді.Демек,көптеген газет-журналдардың жабылуы соның бірден бір мысалы.Оған мысалды алыстан іздемей-ақ,күні кешеге дейін ұлтшыл,байшыл,алашордашыыл болады деп жала жабылып келген,қазақ тіліндегі «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Алаш», «Ұран», «Абай»сияқты,тағы басқа қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары күйе жағылып жабылуы сол негізгі мақсаттың жүзеге асуы болды.

«Сарыарқа»газеті.

Кезінде «ұлт қамын ойлап,шарқ ұрған», «Сарыарқа»газеті әлі де болса толық зерттеліп,бағасын ала қойған жоқ.Бодан елдің санасына тәуелсіздік рухын сіңіріп,жұртты оятқан «қзақ»газетімен үндес,бағыттас бұл басылым 1917-1918 жылдары Семей қаласында шығып тұрған.Газеттің жауапты шығарушысы-алаштың ардақты азаматы,соңынан кеңестік саясаттың құрбаны болған Халел Ғаббасұлы.

«Сарыарқаның»көтерген мәселесі:Алашорда өкіметін құру,қазақ мемлекетін жасау,жоғалған елдікті қайта орнықтыру болады.Сондай-ақ,Алашорданың Семей тобының саяси бағдарламасы да осында басылды.Ең бастысы сол кездегі қазақ қазақ қайраткерлерінң іс-қимылдарымен де осы газеттен танысуға болатын еді.

«Сарыарқа» газетінде кезінде негізінен ел,жер,халық қамын ойлаған Ә.Бөкейхан,Х.Ғаббасұлы,Ж.Аймауытұлы,Т.Құнанбайұлы,М.Тұрғанбайұлы сияқты арыстардың жүрекжарды еңбектері жарияланып тұрған.

Жалпы,Ж.Айауытұлы тамаша ақын,талантты жазушылығымен қатар ойлы публист те бола білген жан.Олай дейтініміз,1917 жылы ақпан төңкерісі болып,патша тқтан түскенде ол алғашқылардың бірі болып «Сарыарқа»газетінің бетіне «Тұр,бұқара,жиыл кедей,ұмтыл жастар» деген мақала жазып, «Жасыратын қылық жоқ-бостандық,теңдік күштіге,жемқорға келген теңдікемес,бұл өзі қара бұқарға,кедейге келген теңдік,қолы жете алмай жүргендерге берілген бостандық»,-деп жар салған болатын.

«Сарыарқаның»бетінде Ж.Аймауытұлы сияқты,елдің қамын ойлаушылардың мақалалары аз болаған.Солардың бірі-Абай атамыздың бел баласы Тұрағұл Құнанбайұлы деп білеміз.Өз әкесінің ақындық өнерін болмаса да,адамгершілік,азаматтық рухын одан әрі жалғастырған Тұрағұл қиын-қыстау бұлыңғыр заманда туған халқының қажетіне жарауға,демеп отыруға күш салған.Оны Тұрағұлдың «Ел қамы»,деген мақаласынан айқын аңғарамыз.

Ол бұл шағын да болса мәнді де мазмұнды еңбегінде: «Әкем Абай марқұмның:

«Біріңді қаақ бірің дос

Көрмесең істің бәрі бос»,-

Деп айтқаны бірсыпыра халықтың ойында бар шығар.Аталарымыздың елдікті бірлік пен ерліктің арақасында сақтап ел болып жүргені артына қараған алаштың ұлына мәлім.

Патшалы Ресейдің отарлау саясаты тұсында шарықтау шегіне жеткен ұлтаралық қатынас арасындағы алауыздық ақпан төңкерісінен кейін де өрши түспесе өшкен жоқ.Газет бетінде бұл мәселе де кеңінен қамтылды.Себебі,қазақтар өз жерінде отырып,басқаларға тәуелді болады.Бұған сіздер Манан Тұрғынбайұлының «Орыс пен қазақ арасы»,дегенмақаласымен танысу арылы көздеріңізді анық жеткізесіздер:

«Өскеменнің оңтүстік жағындағы Шар өзенінің бойындағы мұжықтардың «қазақтан зиян шегіп жатырмыз»деген арыздары жаңбырдай жауған соң,П.Колтсовпен екеуімізді 6-күнде орыс пен қазақ дауын бітіріп,ажырастыру үшін областной қазақ комитеті мен орыс комитеті шығарады»…..

«Сарыарқада»осынай партия,ел қамы,ұлтаралық қатынас мәселелерімен қатар одан да ауқымды тақырыптар,мәселен мемлекет күйі де сөз болған.Онда авторлар оқырмандарды ақпан төңкерісінен кейінгі саяси оқиғалармен таныстырып,мемлеет басында күнделікті болып жатқан өзгерістерден хабардар етіп отырған.Әсіресе,бұл орайда газет редакторы Халел Ғабасұлының жазғандары өткір де шыншыл материалдар болып есептеледі.Оның бір ғана Ресейде болып өткен қазан төңкерісінен іле-шала жазып, «Сарыарқада»жариланған «Мемлекет күйі»деп аталатын тарихи,ғылыми,публистикалық еңбегінен күні бүгінге дейін «ақтаңдақтар»қатарына жатқызылып келген көптеген жайларды ұғынуға болады.Соның бірі-большевиктердің үкімет басына келуі туралы:

«300 жылдан аса Романов тұқымының бұғауында жүрген Россия жұртының көксегенде көрген бостандығын большевиктер бүгін «қара күшке»сеніп,басқа теуіп отыр.Кеше жұрт бостандығы үшін түмеде,крепісте тәні шіріген,каторгыда айдалып,басқа мемлеет ішінде қашып жүріп табаны тесілген атышулы сабаздар Плеханов,Кропокин,Брешко-Брешковскаялар бүгін сыртқа тебіліп, «бостандыққа қас»дұшпан аталып отыр.Кеше Николай заманында саясат майданында өзі түгіл ізі жоқ,бостандық таңымен «мартта туған арамзалар»-большевиктер шоқпар,найза,мылтыққа сүйеніп,мемлекет көшінің алдында хәкімшілікті қолына алып отыр.

Екіншіден мақала авторынаң кеңес үкіметінің қазына-мүлік,жер,су жұртқа қылдай бөлініп берілсін деген ұраны туралы: «Большевиктер көсемі Лениннің 2-әмірі-жер,су,өлі құрал мен тірі құрал жер комитеттері арқылы еңбек қуған жұрттарға бөлініп берілсін деген.Бұл үстіміздегі заманда өмір жүзіне орын таба алмайтын,әдемі ғана құр сөз.Жұрт бірімен бірі пышақтасар,бірақ бәрін ортаға салып,жөншілікпен бөлісіп алыспас;түптің түбінде бұл іске асса ,бірақ осы күнде емес;жер судың әділдікпен жұртқа бөлініп беру жағын біз де көздейміз һәм осы пікірімізбен қызмет қылмақшымыз.Бірақ бұл күнде найзаның бар қазынаны ортаға салдыруға баспаймыз.

Жалпы осыдан 76 жыл бұрын жазылған материалдардан бүгінгі күннің рухы есіп тұрғандай.

Басылымда бұдан басқа Әлихан Бөкейханның,Ш.Құдайбердіұлының,С.Торайғыровтың және тағы да басқа халқым деп аңыраған бірталай абзал азаматардың көптеген еңбектері жарияланған.

«Сарыарқа»аттары аталған ойшылдардың қымбат мұраларын елге таныстырумен,бүгінгі ұрпаққа сақтап келуімен құнды.