Табиғи және жасанды желім
Желім табиғи және жасанды болып келеді. Табиғи желім өте ерте уақыттан белгілі. Адамзат қауымы көптеген заттарды желімдеу арқылы лайықты форма беріп немесе сынған, мүжілген бұйымдарды алғашқы өз қалпына келтіріп отырған. Табиғи желім өсімдіктер және жануарлар майынан жасалады. Табиғи желімге крахмалды, каучукты, целлюлоза, казеинді жатқызуға болады және оларды адамзат ерте кезден бастап пайдалана білген. Ал жасанды желім көбінесе полимерлер негізінде жасалады. Ал олардың тарихы үстіміздегі дәуірден басталады. Карбинол және бутвар-формальдегидтік желім алуда оқымыстылар И.Н. Назаровтың және Г.С. Петровтың еңбектері зор. Желім сұйық немесе паста түрінде шығарылады. Оларды көбінесе суда, органикалық ерітінділерді ерітілген түрінде пайдаланады.
Қазіргі уақытта сауда орындарында 50-ден астам желім, мастик, герметик сияқты дәнекерлеуге, заттарды бір-біріне жапсыруға әдейі арналып шығарылған компоненттердің түрлері түседі. Табиғи және жасанды (нитроцеллюлозалық, фенолформальдегидтік, карбамидтік, каучук және эпоксидтік) желімдердің кейбір түрлері әмбебап та, ал басқалары белгілі бір заттарға арналып шығарылады.
Тұрмыста кеңінен қолданылатын полимерлік байланыстырғыш ерітінділердің немесе олардың органикалық еріткіштермен қоспасын әмбебап желім дейді. Оларға қойылатын негізгі міндеттер:
- Әр түрлі заттардың бетінде жабысқыштық қасиетінің болуы.
- Тез кебетіндігі
- Әр түрлі созылғыш заттарды бір-бірімен біріктіру қасиеті.
- Суға беріктігі
- Желімделген заттарға агрессивсіз болуы.
- Организмге әсер ететін иісінің неғұрлым әлсіз болуы.
Желім үй тұрмысында, медицинада жеңіл және ауыр өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады. Заттарды және әр түрлі деталдарды желімдеу үшін әуелі барлығына ортақ ережені сақтау керек. Бірімен бірі желімделетін заттардың бетінен май дақтарын, кір, тоттарды, бұрынғы желім қалдықтарын мұқият тазалау қажет. Егер желімге 8-10 процент мөлшерде пигмент қосылса желімделінген жер көзге онша оғаш көрінбейді және заттың сәні бұзыла қоймайды. Желім заттарға неғұрлым жұқа жағылса, ол соғұрлым немесе ауыр салмақтың астында ұстаса дәнекерлену сапасы арта түседі.
Металды пісірмей желімдеу
“Эпоксидная шпатлевка”, “БФ-2” желімі металдарды өзара немесе оған басқа заттарды жапсыру үшін қолданылады. Желімделетін беттің бұдырлау болғаны дұрыс. Алдымен желімделетін заттардың бетіндегі май, тотық дақтары кетіріледі. Ол үшін ацетон немесе бензинмен май дақтарын немесе қалдықтарын тазалау қажет.
Алдымен тазаланған, құрғатылған бет қабаттарына желім жағылып, содан кейін желімделінетін зат бір-біріне беттестіріліп, біраз уақыт қысып ұсталынады.
Банкідегі “Эпоксидная шпатлевканы” пайдалану үшін оны алдымен ыстық суда 30 минуттай ұстайды. Желімнің температурасы 300С аспауы керек. Жылытылған шәйірді сұық кептіргішпен мұқият араластырады. 3г шәйір мен 0,5г сұық кептіргіштен дайындалған желім 10см2 ауданға жұмсауға жетеді. Желім қолданудан 15-20минут бұрын дайындалған жөн. Желім жағылып, заттар беттестіріледі де содан кейін 24 сағат бірімен бірін қысқыш арқылы қысып қойылады. Қысылған кезде шыққан желімді ацетон сіңірілген шүберекпен сүртіп тастайды.
Жұмыс істеген кезде кептіргіштің улы, денеге тисе зиянды екенін ұмытпау керек. Сондықтан жұмыс істегенде резина қолғапты пайдаланған жөн. Егерде кептіргіш сұйық не оның негізінде жасалған желім қолға немесе көзге тисе, тез арада жылы сумен жуу керек.
Метал бұйымдарға “БФ-2” желім жағылған соң 1 сағат кептіру керек те, содан кейін 50-600С температурада газ пешінің духовкасында 10-15 минут ұстау қажет. Әрі қарай желімделінген беттің үстіне екінші рет қалыңдау етіп “БФ-2” желімі қайта жағылады. Сәл кептіріп барып бөлшектерді беттестіріп қысады да духовкада 130-1500С температурада 1-2 сағат қайта ұстайды. Желімденетін заттар бір-бірімен қатты қабысу үшін тағы да 48 сағат қойып, қысқышты содан кейін алады. “БФ-2” желімі дансаулыққа зиянды болғандықтан онымен ыдыстарды желімдеуге болмайды. Аталған желімге немесе онымен жапсырылған жерге суды тигізбеу керек.
Пластмассадан жасалған заттарды желімдеу
Барлық пластмасса бұйымдарын желімдеуге болады. Пластмассадан жасалған заттарды желімдеуге нитроцеллюлозалық, поливиниацетаттық, эпоксидтік және перхлорвинилдік желімдерді пайдаланған жөн. Айталық “БФ-2” желімі 1300С дейін қыздырылатын заттарды ғана желімдеуге қолданылады. Онымен целлюлоид, полистирол, винипласт және әйнекті желімдеуге болмайды. Сондықтан пластмассалық бұйымдарды тек “Марс”, “Феникс”, “Момент-1” және “Уникум” желімімен жапсырады.
Поливинилхлоридтен жасалған дастархан, плащтар мен сөмкелерді “Марспен” желімдеу керек. Егер жыртылған жерлері болса, онда оған желімдерді жағып жамау жапсыруға болады.