Құстардың соматикалық Бұлшық еттерінің бір ерекшелігі сол, оның 50%-н аса жұмысы қанаттары мен артқы аяқтарын қозғаумен байланысты. Үлкен кеуде Бұлшық еттері (m.pectoralis major) қанатын түсіру, ал оның астында жатқан және төс әрі қыр сүйектің түбімен байланысқан бұғанаасты бұлшық еттері (т. subclavius) қанатты көтеру кызметін атқарады. Басқа майда бұлшық еттер – қабырға және қарын Бұлшық еттері-тыныс алу қозғалысының сипатына байланысты дамыған: олардың бірі көкірек клеткасының көлемін ұлғайтса (m.levatores costarum, m.intercostales), екіншілері кішірейтеді (m.obliquus abdominalis). Қарын Бұлшық еттері құрсақ прессінің ролін (m.transverso-abdominalis және rectus ubdominis) атқарады. Құстардың аяқтарының бұлшық еттері күрделі болып келеді. Біріншіден, ұшу кезінде алдыңғы аяқтың иық белдеуін-жауырын, коракоид және бұғананы мықтап ұстайтын бұлшық еттер бар. Тоқпан жілікті козғалысқа келтіріп иықты артқа қарай әкететін басқа топтағы бұлшық еттерден арқаның жалпақ бұлшық етін (m.latissimus dor si) атауға болады. Дельта тәрізді бұлшық еттер (m.deltoideus major және minor) қанатты жоғары әрі алға қарай қозғайды. Қары жілік (иықалды) қозғалысы 9 бұлшық еттің көмегімен жүзеге асады, олардың ішіндегі ең негізгілері қанатты жазатын үшбасты бұлшық ет (т. triceps) және оны жинайтын-екібасты бұлшық ет –(m.biceps). Артқы аяқтың бұлшық еттерінің құрамына 30-дан астам бұлшық ет жатады, бірақ ерекше көңіл аударуға тұратын саусақтарды бүгетін бұлшық ет (m.flexor digitorum perforans), оның сіңірінің төменгі беті кедір-бұдырлы және көлденең өсінділері бар ерекше шеміршекті қуыста (қынаптәрізді) қозғалады. Осы құрылымдардың барлығы ешқандай Бұлшық ет күшінсіз-ақ құстың бүтақта еркін түрде мықты ұстап отыруына көмектеседі. Бұл құс биологиясын есепке алуға өте маңызды процесс болып табылады. Құстардың бұлшық еттерінің тағы бір ерекшелігі сол, олардың ұшуға қабілеттілігі және аэродинамика талаптарын қатаң сақтауға байланысты, маңызды бұлшық еттердің денеде орналасуы болып табылады. Бұл дегеніміз денеге жинақтылық және сусымалдық қасиет береді. Жақсы ұшатын құстардың кеуде бұлшық еттері алқызыл түсті (капиллярлардың және қанда миоглобиннің көп болуы), ал нашар ұшатын құстарда (тауықтар, күркетауықтар) бұл бұлшық еттердің ақ түсті болатыны байқалады.