Жер ғаламшарының даму тарихын тәулікке тең уақыт аралығында қарастырсақ онда адамның дамуы шартты тәуліктің соңгы екі секундында жүріп өтті. Бірақ осынша қысқа өмірінде адам алдындағы 5 млрд. жылмен салыстырғанда орасан көп жердегі түрлердің санының жойылуының куәсі больш отыр.
Әлеуметтікэкологияныңнегізгізаңдылықтарын анықтау үшін адам мен қоршаған ортаның өзара әсерін, өзара қарым-қатынасы мен өзара байланыстарын білу қажет.
Адамның эволюциясы
Қазіргі кездегі көзқарастар бойынша қазіргі адам неандерталдықтардың африкандық бұтағынан түр тармагы ретінде пайда болды. Қазіргі барлық адамзат шартты түрде бір еркек пен бір әйелдің генотипінен тарайтын тұтас генотиптен тұрады. Олар шамамен 150 мың жыл бұрын Шығыс Африка жерінде кездескен деген болжамдар бар.
Адамның ата-тегі бұдан ертеректе африканың ағаштарда мекендеген жоғары дамыған тартанаулы маймылдарынан бастау алады (дриопитек; 22—12 млн. жыл бұрын). Дриопитектен жүретін адамга дейін (архантрон) эволюцияланган. Аталган эволюция баспалдақтарының арасында бірқатар аралық формалар, мысалы австралопитектер туысы (5—1 млн. бұрын) болған. Адамның пайда болуы мен эволюциясын тірі табиғаттың эволюциясынан бөліп қарастыру мумкін емес және ол көбіне Жердегі экологиялық өзгерістерді анықтады.
Адам эволюциясының бірқатар ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:
- Адамның маймыл тәріздес ата-тектерінде терең, морфологиялық, физиологиялық және экологиялық мамандануы болган жоқ. Бұл эволюциялық жағынан жоғары бейімдеушілік, бұтанғанэволюциягақабілеттілігініңболуына мінез-қүлқының бейімделгіштігі, әр түрлі экологиялың орталарды мекендеуіне мүмкіндік беретін еді.
- Адам эволюциясы эволюцияның жылдамдау ережесінің дәлелдемесі больш табылады. Ол ірі сүтқоректілер үшін жогары жылдамдыпен (әсіресе антропогендердің соңгы кезеңдерінде) сипатталады.
- Бейімдеушілігінің жоғарылығы консервативті инстинктерінің толық аяқталған жиынтығының болмауы және алуан түрлі құралдармен қызмет жасау адамның ата-тегінде мінез-құлықтың жоғары түрлерінің дамуына, инстинкт устілік сферасының және интеллектінің дамуын қамтамасыз етті.
- Антропогенездің соңғы кезеңдері мәдениеттің — материалдық байлықтарды жасау құралдарының, тілмен, белгілермен ақпараттарды жеткізу сигналдық естің жиынтығының қалыптасуымен сипатталады. Мәдениет адамэволюциясының басым факторына айналып, табиғи сұрыптау факторларының қысымын кемітеді.Үйретуге байланысты іскерліктер, дағдылар мен білімдер бір үрпақтан екінші урнаққа беріледі, яғни мәденимұра,дәстүрлерқалыптасады.Осы арқылыадамөзініңэволюциясындажүре пайда болған белгілерінің тұқым қуалауына табиғат салған тыйымды бұзады. Мәдениет, мәдени мұра қогам мен өркениеттің пайда болуының басты көзі болып табылады.
- Қоғамдағы мәдениет пен ақпаратты игеру генетикалық ақпараттың тұқым қуалау арқылы берілуінен анағұрлым жылдам жүреді. Сондықтан қоғамдық прогрестің даму қарқыны мен материалдық мәдениеттің дамуы биологиялық эволюцияны басып озып қана қоймай табиғи сұрыпталудың әлсіреуіне байланысты оны баяулатады.
Адамның ата-тектерінің ағашта өмір сүретін түрлерден шығуы, адамның төмедегі биологиялық ерекшеліктерін: денесінің вертикалды күйде болуы, иіс сезудің өзгеруі, түрлі-түсті көру мүшелерінің өткірлігінің артуы, аналығының бір мезгілде өмірге келтіретін балалар санының кемуімен, анықтады. Көздерінің фронтальді орналасуы көру мүшелерінің стереоэффект пен жақсы ара қашықтықты өлшеу функциясын қамтамасыз етті. Жоғары дамыған ұстау қызметі мен тактильді сезімталдылық қолдың кейінгі көпфункционалды дамуын жеңілдетті.
Шамамен 10 млн. жыл бұрын Африкадағы тропиктік белдеудің ауа райы айтарлықтай өзгеріп, үлкен кеңістіктегі орман саваннамен алмасты. Бұл біздің ата-тегімізді жер бетінде өмір сүруге және тік жүрудің қалыптасуына әкелді. Алдыңғы аяқтарының босауы еңбек құралдарымен жұмыс істеуге және құралдарды пайдаланудың дамуына әкелді. Экотоптың және қоректену сипатының (тек өсімдіктермен қоректенуден аралас тамаққа көшу) өзгеруі қоректену территориясының артуына және тамақ өндіру кезінде көп қуат жұмсауға әкелді. Жануар текті азықпен қоректенудің артуы ас қорытудың, зат алмасудың өзгеруіне, дене мөлшерінің және агрессивтіліктің артуына әкелді. Жетілген құралдарды қолдану отты, жануарлардың сүйегі мен терісін пайдалануга әкелді.
Түкті жабынының жойылуы (экологиялық жағдайлардың, гормоналдық статусының езгеруі, эктопаразиттерден қоргану мен киімнің шығуына байланысты температураны реттеудің жетілуі мен тер бөлінудің дамуымен ңатар жүрді.
Ашық кеңістіктердің экотоптарын меңгеру мен қоректену территориясының ұлгаюы архантроптардың топтарының әлеуметтік ұйымдасуын өзгертті. Антропогенезде репродуктивті функцияның және жыныстық қатынастардың өзгеруі ерекше орын ала бастады. Бұл отбасының пайда болуының алғы шарты болды. Аталған барлық факторлар, ең алдымен құралдармен жұмыс істеу, эмоционалдық сфераның кеңеюі, инстинкт үстілік мінез-құлық бас миының жылдам дамуына,интеллекттің,естің,ойлаудыңдамуына әкелді. Осының негізінде сөз пайда болды. Бұл сапалық жағынан жаңа ақпараттық ортаны жасап, ми арқылы өңделетін ақпараттың көлемін арттырды.
Антропогенездің соңгы кездері мен адамның таралу процесі ауа райының айтарлықтай ауытқулары мен сай келді. Солтүстік жарты шардағы мұздық кезеңдердің алмасуы. Тропиктік белдеуде ылғалды лықтын, жоғары болуы кезеңдері құрғақшылыпен алмасып отырды.