Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері

Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері

Оқытудың мақсаты дегеніміз-жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады: заттар туралы білім; химиялық теориялар мен заңдар жөніндегі білім; химиялық өндіріс туралы білім.

Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті— жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химияның алатын орнын көрсету.

Химиядан орта білім берудің екінші міндеті— пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу және түсіну саласында физиканың әдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады. Жер туралы ғылымдар минералдар мен тау жыныстарының өзгерістерін олардың құрамына кіретін заттар деңгейінде қарастырып түсінуге тырысады. Организмдердегі тіршілік әрекеттерінің мәнін физика мен химия заңдылықтарына сүйеніп, молекулалық биология зерттейді. Бұл ғылымдар арасындағы байланыстар алуан түрлі.

Химиядан орта білім берудің үшінші міндеті- табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асатын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөніндегі ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Химиядан орта білім берудің төртінші міндеті— орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы материалын іріктеу.

Химиядан орта білім берудің бесінші міндеті— химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.

Химиядан орта білім берудің алтыншы міндеті— орта мектепте оқылатын теориялардың мазмұнын, деңгейін және орнын негіздеу.

Химиядан орта білім берудің жетінші міндеті— орта мектептегі химия ғылымының негізіне кіретін өндірістік материалды анықтау арқылы оқушылардың политехникалық әзірлігін арттыру.

Химиядан орта білім берудің сегізінші міндеті— табиғатты аялай білуге баулу.

Химиядан орта білім берудің тоғызыншы міндеті— оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру.

Химиядан орта білім берудің оныншы міндеті— оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту.

Химиядан білім берудегі оқу-танымдылық міндеттер

Оқыту мен тәрбиелеу- бір-біріне байланысты екі үрдіс. Химияны оқыту үрдісінде оқушылардың жеке басының қызметін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оны оқу- танымдық бірінші міндет деп санауға болады.

Оқу-танымдық екінші міндет интеллектуалды және сарамандық іскерлік. Химияны оқыту кезінде оқушылардың репродуктивті және продуктивті танымдық әрекеттерінің дамуы маңызды рөл атқарады.

Оқу-танымдық қызметті дамытудың үшінші міндеті- оқыту құралдары мен оқыту әдістерін жұмылдыру.

Оқу-танымдық қызметті дамытудың төртінші міндеті- оқытудың уәжділігін арттыру, факторлармен түрлі заңдылықтардың туу себебін аша білу.

Оқу-танымдық қызметті дамытудың бесінші міндеті- оқушылардың дербестік және шығармашылық қабілеттерін күшейту. Сонымен қатар, химияны оқытуда мынадай жалпы міндеттері де шешіледі:

  1. Химияны оқытудың ерекшеліктерін анықтау және оларды ғылыми негіздеу;
  2. Педагогикалық үрдістің жалпы заңдылықтарын химияны оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану үрдісін зерттеу;
  3. Химияны оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және керегінше қорытындылау;
  4. Педагогикалық жаңалықтар мен жетістіктерді оқыту үрдісінде қолдану және тәжірбиеге енгізу тетігі мен әдістемесін жасау.

Сонымен, бұл міндеттерді шешу ғылыми негізделген, тәжірибеден өткен оқыту әдістері мен тәсілдерін мектеп өміріне енгізу басты міндет болып табылады. Осыдан келіп химияны оқытудың мынадай жеке міндеттері туындайды.

  • оқытудың ұйымдастыру формаларын жетілдіру;
  • Оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдарысын бағалаудың және оқыту әдістерін жеке тәсілдерін жақсарту;
  • Оқыту үрдісінің тиімділігін тексеру;
  • Мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;
  • сыныптан тыс жұмыстардың формаларын жетілдіру жолдарын табу;