Қайта кристалдану әдісі қатты заттарды бір-бірінен ажыратып алуда және олардың құрамдарын бөгде заттардан тазарту кезінде қолданылады. Бұл әдіс арқылы заттарды тазартқанда мына төмендегідей үш мәселеге көңіл бөлінуі қажет.
а) органикалық заттың ерігіштігі температураға тікелей байланысты болуы шарт;
ә) берілген бір еріткіште тазартылуға тиісті зат бөгде заттарға қарағанда өте жақсы еруге тиіс;
б) еріткіш тазартылатын затпен реакцияға түспеуі қажет.
Қайта кристалдану әдісінің мәні мынада:
құрамында бөгде нәрселері көп, ластанған органикалық қатты заттар белгілі бір ыңғайлы еріткіште кыздырылып ерітіледі. Бұдан әрі қызған ерітінді фильтр арқылы сүзіледі, ал сүзгіден өткен ерітінді суылтылады. Сол кезде суыған ерітіндіде зат қайтадан кристалданады. Бұл түзілген таза кристалдарды екінші рет фильтрлі сүзгіден өткізсек, таза зат ала аламыз.
Бірден булану (сублимация) әдісі де органикалық заттарды тазартудың тиімді түрлерінің бірі. Сублимациялау дегеніміз қатты заттарды қоспадан қыздыру арқылы бірден буға айналдырып содан сон, ол буды суытып, қайтадан қатты зат алу. Бұлай тазартудың қолданылатын жері аз. Оған себеп, сублимацияға ұшырайтын органикалық қатты заттар санаулы ғана.
Сублимацияның екі түрі болады:
а) қарапайым сублимация
ә) вакуумде өтетін сублимация .
Қарапайым сублимацияны кәрден тостағанында жүргізуге болады. Кәрден тостағанына заттар қоспасы салынады да, оның бетіне воронка төңкеріледі. Тостағаншаны қыздырғанда сублимацияға ұшырайтын зат буға айналып воронканың ішкі бетіне келіп соқтығады және сол бетте ол бу қатты заттың кристалына айналып, воронка қабырғасына жабысады. Одан затты қырып жинап алуға болады. Кейбір заттарды вакуумде кыздырып сублимациялап алу ыңғайлы болады.
Экстракция (немесе шаймалау). Экстракциялау дегеніміз қатты, немесе сұйық заттарды қоспалардан басқа бір еріткіштер арқылы бөліп алу. Мұның мәні мынада: суда немесе су мен қышқыл қоспасында еріп тұрған затты бұл ортаға органикалық еріткіштер кұю арқылы ерітіп, бетіне қалқытып шығарады да, судан бөліп ағызып алады. Экстракциялауды көп жағдайда бөлгіш воронкаларда жүргізеді .
Экстракциялау үшін органикалық еріткіштер: диэтил зфирі, бензол, толуол, хлороформ, дихлороэтан, төртхлорлы көміртегі ,петролейн эфирі, этилацетат және т. б. жиі қолданылады.
Экстракция жүргізудің әртүрлі жолы бар. Олар мына төмендегі әдістер:
мацерация — қалыпты жағдайда немесе бөлме температурасында қатты затты бірнеше қабат аздаған мөлшерлі еріткіште ерітіп экстракциялау;
д и г е р л е у — қатты затты еріткіштің порцияларымен қыздырып экстракциялау;
перколяция — қатты заттың үстінен еріткішті үнемі ағызып өткізу арқылы экстракциялау;
перфорация — заттың ерітіндісінің ішінен еріткішті үнемі айналдыра өткізіп отыру арқылы (циркуляциялау арқылы) экстракциялау;
қ а р а м а — к а р с ы а ғ ы н д а б ө л у — затты және еріткішті бір-біріне қарама-қарсы ағызып, екі түрлі сұйықтық фазаның арасында экстракциялау.
X р о м а т о г р а ф и я. Қазіргі уакытта органикалық заттарды бір-бірінен бөліп шығаруда, тазалау және жекелеп алуда көп қолданылып жүрген әдістердің бірі. Хроматографияның негізі — заттардың ерітінділерінің сорғыш материалдардың бойымен жылжып өтуі кезіндегі жылдамдығының әртүрлі болатындығы. Басқаша айтсақ, әрбір заттың ерітіндісі сорбенттің (сорғыштық қасиетібар заттар) бойымен өткенде әртүрлі жылдамдықпен жылжиды және сол сорбенттің бойында белгілі бір уақыт сақталып тұра алады
Заттарды хроматографиялық жолмен, тазалаудың төрт түрі бар:
а) адсорбациялық хроматография;
ә) бөліну хроматографиясы;
б) ион алмасу хроматографнясы.
в) газды хроматография
Әр түрлі әдктер арқылы тазартылып алынған органикалык заттарды әр алуан жолдармен құрғатып, одан әрі олардың тұрақты физикалық константаларын анықтайды (балқу немесе қайнау температурасы, тығыздығы, жарық сәулесін сындыру қасиеті.
Нағыз таза заттар үшін оның барлық физикалық константалары тұрақты, аз ғана интервалды өлшемдер болып келеді.Бұдан арғы жерде заттың құрамын анықтау жұмыстары жүргізіледі.