Гетероциклді заттардың молекулалық құрылысындағы циклді құруға көміртегі атомдарымен қоса басқа элемент атомдары да қатысады. Ондай атомдарды гетероатомдар деп атайды. Олардың ішінде органикалық заттардың көбінде кездесетіні азот, оттегі, күкірт фосфор, бор, кремний, германий, қалайы және т.б
Осы аталған гетероатомдардың көміртегі атомымен қосыльш, тізбек түзе (тұйық немесе тұйық емес) беретін органикалық заттарының көптігі сондай, тіпті олардың басын біріктіріп органикалық химияның жеке салалары ретінде оқып игеруге тура келіп отыр. Мысалы, қазірдегі элементорганикалық химияны алып қараңыз.
Гетероциклді заттардың да, карбоциклділердегі сияқты циклдері алуан түрлі болады жәие олар жекелеп те, бір-біріне қабысып (конденсирленіп) та кездеседі.
Гетероциклді заттарды да молекулаларындағы байланыстарына қарап: а) қаныққан және ә) қанықпаған деп бөлуге болады. Бұл заттардың қанықпаған кұрылыстары табиғатта кеңінен тараған (көбінесе өсімдіктерден бөлініп алынады), ал қаныққан түрлері түгелдей дерлік синтездік жолмен алынады.
Қанықпағандарына мысалдарды жоғарыда керсетіп еттік, ал қаныққан гетероциклдерге мыналар мысал бола алады:
Циклдегі гетероатом бір типтес немесе әртүрлі болып келуі ,сонымен қатар олар циклде екі не одан да көп болып келуі мүмкін.
Осыған дейінгі айтьш келгендерді жинақтап, былай деуге болады:
— органикалық заттардымолекуладағыкөміртегі
каңқасының конфигурациясьша қарай ү ш к л а с қ а бөледі.
Олар:
- Ациклді қосылыстар;
- Қарбоциклді (изоциклді) қосылыстар;
- Гетероциклді қосылыстар.
Алайда, бұл жіктеудің және басқа принципті жіктеулердін, (химиялық байланысынын, түріне қарап және элемент атомдарына қарап бөлудін) өзіндік жақсы жақтары да бар, кемшіліктері де аз емес.