Органикалық заттардың жіктелуі

Заттарды кластарға бөліп оқудың ғылыми үлкен маңызы бар. Олай дейтініміз: 1)жүздеген, тіпті мыңдаған әртүрлі органикалық заттардың басын біріктіріп, олардың молекулалық құрылысындағы физикалық және химиялық қасиеттеріндегі ұқсастықтарды біріктіріп қарастыруға мүмкіндік береді;

2)осының негізінде жалпылама ғылыми тұжырымдар, теориялар жасауға, ғылыми болжаулар тудыруға себеп етеді;

3)жалпы молекулалық формулаларын және барлығынаортақсапалықреакцияларынжазыпкөрсетуге мүмкіндік береді.

Бүгінде органикалық заттарды кластарға бөлудің бірнеше түрі бар:

1)органикалық заттардың барлығының қүрамында негізгі элемент болып келетін көміртегі атомының молекуладағы қаңқасынық түріне қарап бөлу;

2)молекуладағы көміртегі және сутегінен басқа кездесетін элементтерге байланысты бөлу;

3) атомдар арасындағы химиялық байланыстарға қарап бөлу;

4) функционалдық топтарына қарап, заттарды кластарға бөлу.

Органикалық заттарды көміртегінің қаңқасының түріне қарап кластарға бөлмей тұрып, әуелі олардың барлығын үлкен екі топқа:

а) молекуласының құрылысында тұйық тізбсгі жоқ а ц и к л д і және

ә) құрылысында тізбегі бар ц и к л д і о р г а н и к алық заттар, деп біріктіреді.

Ациклді заттардың молекуласын құрастырып тұратын көміртегі атомдары кеңістікте бір түзудің бойында, немесе алуан түрлі тармақталып орналасуы мүмкін. Алайда, олар бір-бірімен ешуақытта тұйық тізбек түзбейді. Мысалы, мына төмендегі 1-суреттегі сияқты тізбектер болуы мүмкін:

Бұл көрсетілген мысалдардан мынадай қорытынды келіп шығады:— ациклді органикалық заттарды екі топқа бөлуге болады. Олар:

1) қаныққан құрылыстар (а, ә, б — құрылымдық фрагменттері сияқты құрылысы бар, молекуласындағы атомдардың арасында жай байланысы бар заттар), мысалы, қаныққан көмірсутектері;

2) қанықпаған құрылыстар (в, г, ғ, д, ж, з — типтес құрылысты заттар); мысалы: этилен (в, г — қаңқалары), ацетилен (ғ, д — қаңқалары), диен (е, ж — қаңқалары) қосылыстары. Олардың молекулаларында көміртегі атомдары арасында қос, немесе үшбайланыс болады. Ал кейде қос-және үш байланыс молекулада бірдей кездедеседі (единдер):— ж — қаңқасы.

Циклді органикалық заттар да екі топқа белінеді:

1) карбоциклді заттар;

2) гетероциклді заттар.

Қарбоциклді заттардың өзі тағы екіге:

а) алициклді қосылыстар

ә) арендер (ароматтықосылыстар) деп бөлінеді.

Алициклді қосылыстардың молекулалық қүрылысында циклдар (көміртегі атомдарьшың түйық тізбегі) болғанымен, олардың физикалық және химиялық қасиеттері ациклді заттардың қасиеттеріне өте ұқсас.

Арен циклді заттардың қасиеттері ациклді заттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне мүлдем ұқсамайды. Олардың тек өздеріне тән касиеттері болады. Ол қасиеттер тек арен циклінің (бензол сақинасының) қа-сиеттеріне байланысты.

Карбоциклді заттардың да екі түрі бар:

а) қаныққан карбоциклділер;

ә) қанықпаған карбоциклділер. Қаныққандарға және т. б. жатқызсақ, ал қанықпағандарға.

және басқа толып жатқан әртүрлі карбоциклді заттарды жатқызуға болады. Сонымен қатар қанықпаған карбоциклдердің қатарына ароматты көмірсутектері (арендер) және олардың туындылары да жатады. Дегидробензол (циклогексадиенин, немесе «бензин»). Карбоциклді заттардың молекуласындағы бір цикл, немесе бірнеше цикл әрқайсысы өз алдына жеке болып келуі, немесе ондай циклдер бір-бірімен ортақ жақтарымен қабысып та келе берулері мүмкін. Оларды спирандар және конденсирлснген заттар деп атайды.

Бұл көрсетілгендер, циклдері бір-бірінен дара орналасқан карбоциклдер.

Циклдер бір-бірімен бір ортақ көміртегі арқылы жалғасуы мумкін. Бұндай бициклдерді спирандар деп атайды.

Конденсирленген карбоциклдер табиғатта өте көп (витаминдер, алкалоидтар және т. б. молекулалары), сонымен қатар оларды синтездік жолмен де көптеп алады. Оған себеп олардың көпшілігі өндірісте, тұрмыста, биология мен медицина саласында жиі қолданылады. Мысал ретінде мынадай құрылымдарды көрсетуге болады.