Альдегидтер мен кетондарды тікелей көмірсутектерге тұз қышқылындағы мырыш амальгамасының көмегімен жүзеге асыруға болады, (Клемменсен), немесе катализатор қатысындағы сутекпен ,немесе металл гидриді мысалы литий алюмогидридінің көмегімен жүзеге асыруға болады.
Кижнер — Вольф бойынша тотықсыздандырғанда карбонильді қосылыстарды алдымен сәйкес келетін гидразонға айналдырады ,одан соң оған сілтімен әсер еткенде көмірсутектер түзіледі. Кетондардан тиокетальдер алуға болады,олардан , этанолдағы Реней никелінің көмегімен көмірсутектер алынады
Тікелей әдістердің ішінде ең кең таралғаны Клемменсен әдісі болып табылады.Әдістің негізі -карбонильді қосылысты амалгамдалған мырыштың және тұз қышқылының артық мөлшерінде кері тоңазытқышта қайнату. Қосымша өнім ретінде олефиндер, пинакондар,карбинолдар түзіледі. Гомогенді орта пинакондар түзілуіне жағдай жасайды
Металлдарда электрондар бос күйінде шарлап жүреді. («электронды газ») және сондықтан «нуклеофильді агент» ретінде карбонилді қосылыстарға қосылады.
Мұндай реакциялар нәтижесінде карбонилді қосылыстар тотықсызданады.
Мұндай тотығу тотықсыздану реакциялары ,әрине тек металл батінде ғана жүре алады.Бұл кезде карбонилді қосылыстың металл бетінде байланысы түзіледі. (хемосорбция).Электрон тасымалы тоқтағаннан кейін хемосорбцияланған молекула қайтадан десорбцияланады. ов:
Мұндай тотықсыздандыруды өздерінің кернеу қатарына сәйкес асыл емес металдар ғана жүргізе алады. Сілтілік металдар ең бір инертті карбонилді қосылыстарды тотықсыздандыруға қабілетті (мысалы карбон қышқылдарының эфирлерін),ал магний немесе алюминий тек альдегидтер мен кетондармен ғана әрекеттеседі.Мырыш пен темір тек қыщқыл ортада ғана тотықсыздандырғыш бола алады. .
Карбонилді қосылыстарды каталитикалық гидрлеу
Карбонилді қосылыстарды каталитикалық гидрлеуде қос байланысты көміртек — көміртек байланысын гидрлеуде пайдаланылатын катализаторлар пайдаланылады.
Лабораторияларда қаңқалы никель, платина мен палладий қолданылады..
Басқа карбонилді реакциялар сияқты бұл түрленулер де қышқылдармен катализденеді.
Карбонилді қосылыстардың белсенділік қатарында әсіресе оңай альдегидтер мен кетондар гидрленеді.
Меервейн—Понндорф—Верлей бойынша тотықсыздану
Және Оппенауэр бойынша тотығу
Альдегидтер мен кетондарды магний алкоголяты немесе алюминий арқылы спирттерге тотықсыздандыруға болады содан соң түзілген алкоголят
Сәйкес келетін карбонилді қосылысқа дейін тотығады.
Алюминий алкоголятындағы алюминий Льюис қышқылы болып табылады ,себебі карбонил тобының электрофильдік белсенділігін арттырады . Бір мезгілде негативтелген комплексті байланысқан алюминий атомы одан шығатын байланыстардан электрондарды ығыстырады,нәтижесінде
Алкоголяттың а-сутек атомы (криптонегіз) тебіліп ,позитивтелген көміртектің карбонильді атомына барады. Электрондар қайта таралып IV: қосылыс түзіледі
Натрий алкоголятымен салыстырғанда алюминий алкоголяты органикалық еріткіштерде еріп ыдыраусыз айдалады.Оларды гомеополярлы қосылыстар деп есептеуге болады. Осының салдарынан және хелат түзілуге қабілетінің болуынан алюминий алкоголяттары Меервейн— Понндорф — Верлей бойынша тотықсыздандыруға жарайды..
Жоғарыдағы реакция типтік қайтымды процесс сондықтан жоғары өнім алу үшін реакция аймағынан алюминий алкоголятынан түзілген карбонилді қосылыстарды алып кетіп отру керек . Осыған байланысты тотықсыздандырғыш ретінде изопропил спиртін пайдалану керек :одан түзілетін ацетон жүйенің ең ұшқыш компоненті болады. Егер тотықсыздандырғыш ретінде этилов спиртін пайдаланса ацетальдегид түзіледі ,оны реакциялық қоспадан азот ағыны арқылы аластатады,
Реакцияның негізгі маңызы тотықсыздандыру кезінде қос байланыстар нитротоп,галоген атомдары өзгеріссіз қалады.