Карбонилді қосылыстардың тотығуы

Альдегидтерді фелилг сұйықтығымен қыздырғапда мыс тотығы мыстың шала тотығына айналып тотықсызданады да, альдегид тотығып қышқылға айналады.

Мыстың қызыл түсті шала тотығы СuО түгелдей тұңбаға түседі. Кетондармен мұндай реакция жүрмейді.

Кетондардың тотығуы, кетонның құрылысына қарай әр бағытта, көміртек тізбегінің үзілуі арқылы жүрсді.

А. Н. Поповтың жоне Е. Е. Вагнердің көп жылғы жұмыстарыньщ нәтижесінде кетондардың тотығу процесінде бірнеше заңдылықтар тағайындалған, олар Попов-Вагнер ережелері деп аталады:

  1. I) тотықтырғыштың (мысалы, хромды коспа) әрекеті карбонилмен көрші көміртек атомдарының біріне қарай бағытталады, сонда алдымен оксикетон (спирт-кетон) түзіледі, одан кейін дикетон түзіледі. Сонан соң сутек асқын тотығының элементтерін қосып алу арқылы көміртек, тізбегі үзіледі мысалы

2) егер аралас кетон болса реакцияныц негізгі беталысы карбонилмен көрші сутегі аз көміртек атомын тотықтыруға бағытталады:

көптеген кетондар тотыкқанда бірнеше өнімдердің коспасы түзіледі: ол өнімдер реакцияның негізгі және қосалқы бағыттарының нәтижелері, мысал үшін этилизопропиллкетонның тотығуын қарастыралық:

Тотығу өнімдеріне қарап кетондардың құрылысы жөнінде де пікір айтуға болады; кетондар екінші спирттер тотыққаида түзілетіндіктен, сол спирттердің құрылысы жөніпде де пікір тудыруға болады.

Конденсациялау реакциялары.

Негізділігі нашар ортада (калий ацетаты, сақар, калийсульфит бар болса) альдегидтер альдольды конденсацияға ұшырайды (А. П. Бородин); нәтижесінде, қысқартқан түрде альдольдар деп аталатын, альдегидспирттер (оксиальдегидтер) түзіледі. Альдольдар альдегид карбонильге а-күйіндегі С—Н байланысын үзіп жіберіп альдегидтің басқа молекуласының, карбониль тобына қосылған кезде түзіледі; осыны мәселен сірке альдегидінде көрсетелік:

Мысалы пропион альдегиді тәрізді басқа альдегидтер альдольданғанда, реакцияға, карбонилге а-күйдегі, топ қана катысады, өйткені осы топтың ғана сутек атомдары карбонил тобының, әсерінен жеткілікті дәрежеде активтенеді:

Егер карбонилмен қатар көміртектің төртіншілік атомы тұрса альдольдану реакциясы жүрмейді: мысалы триметил сірке альдегиді (СН3)з’С—СНО альдоль түзбейді.

Негіздермен катализатор қатыстырып, жүргізілетін альдольдік конденсацияның реакция механизмі мынадай: а-көміртек атомынан гидроксиль ион (катализатор) протонды үзіп алады:

Осылайша пайда болған анион (I) күшті нуклеофильді бол-ды да, альдегидтің екінші молекуласындағы электрофильді көміртекке қосылады:

Қыздырылса альдоль (су тартқыш. затсыз) су бөліп шығарады және қанықпаған кротон альдегиді түзіледі.