Диазоқосылыстардың азот бөлінбей жүретін реакциялары

Азот пен көміртек атомдары арасындағы электрондардың үш жұбының ядромен қосарлануға қатысуының арқасында бензолдық ядродағы электрондық тығыздық күшті артады.

Бірігу әр қашанда n-қалыпта өтеді, ал егер ол қалып бос болмаса, онда орто- қалыпта жүреді.

Нейтрал және әлсіз қышқылдық ортадағы біріншілік пен екіншілік ароматик аминдер жағдаиында азотоп ароматик ядроға емес, аминотопқа енеді.

Диазоаминқосылыстар, алынады.

Қыздырғанда диазоаминоқосылыстар қышқылдардың әсерінен аминоазоқосылыстарға айналады. Бұл айналу молекулалыұ қайта топтасу сипаттас емес. Ол диазоний тұзының аралық түзілуі арқылы жүреді:

Азоқосылыстар – түсі боялған заттар, өйткені оларда еселік байланыстар болады.

Диазоқосылыстарды тотықтыру.Диазотаттарды сутектің асқын тотығымен тотықтырғанда нитроаминдер және нитрозогидроксиламиндер алынады:

Азобірігу реакциясы.Бұл реакция әлсіз сілтілік ерітіндіде фенолдарды және әлсіз қышқылдық ерітіндіде ароматик аминдерді диазоний тұздарымен әрекеттестіргенде оңай жүреді:

Азобірігу- электрофилдік орынбасу реакциясы, нитрлеу, сульфолау және галогендеу сияқты. Тек диазокатион активтік реагент болып табылады. Диазо қосылыстардың басқа түрлері азобірігу реакциясына қатыспайды.

Диазоний ион тек құрамында амин немесе гидроксил топ сияқты күшті активтендіруші топтары бар ароматик ядросындағы сутекпен ғана алмасады. Үйлесу реациясы күшті қышқылдық ерітіндіде өтпейді, өйткені амин топ бензолдық ядроны дезактивтендіретін аммони тобына айналады. Фенолдармен бірігуді әлсіз сілтілік ортада өткізеді, себебі фенолят ионы фенолдың өзінен гөрі әлдеқайда активтілеу. Оттек атомының бос электроиондарының ткені құрамында хромофорлы топ –N = N- бар, ол спектірдің көрінетін аймағында сәуле сіңіруге пайдалы әсерін тигізеді. Окси- және аминоазоқосылыстар боялғыштар болып табылады.

Ауксохромды окси- және амино топтар бояу түсін қалыңдатады және бояғыштардың талшыұтарға сіңуіне пайдалы әсерін тигізеді.

Қазіргі техникада құрамы мен түсі бойынша алуан түрлі азобояғышитар қолданылады. Лабораториялық тәжірбеде азобояғыш метилоранж пайдаланылады (индикатор есебінде):

Оның түсі боялған түрлерінің біріне- бірі айналуы ортаның реакциясына байланысты мынадай тепе теңдікпен анықталады.