Барлық заттар өздерінің химиялық реакциялар кезінде әрекеттесетін басқа бір затқа тигізетін әсеріне қарай, басқаша айтқанда, реакция кезінде қышқыл немесе негіз ретінде әрекет жасауына сәйкес үлкен екі топқа:
а) электрофильдер және
ә) нуклеофильдер деп белінеді.
Электрофильдер — Льюис анықтамасы бойынша қышқылдық қасиетін көрсетстін электрон дефицитті заттар, ал нуклеофильдер — керісінше, орбитасында бос электрондары бар негіздік қасиет көрсететін заттар.
Егер химиялық рсакция электрофильдердің басқа бір молекуланы шабуылдауы нәтижесінде жүрсе, ондай реакцияларды электрофильді реакциялар деп, ал егер реакция нуклеофильді реагенттердің шабуылымен жүретін болса, ондай реакцияларды н у к л е о фильді реакциялар деп атайды.
Электрофильдік және нуклефильдік реакциялардан басқа бос радикалдардың қатысуымен жүретін реакциялардың да органикалық заттар арасында көп тарағанын айта кету қажет. Бұл реакциялардың бір-бірінен айырмашылығы мынада: электрофильді және нуклеофильді реакциялар электрон бұлттарының тығыздығының молекулалар құрамындағы аз ғана өзгерістерінің өзіне өте сезімтал, ал радикалдар арқылы жүретін реакциялардың жүру барысына электрон бүлттарының тығыздығының молекуладағы өзгерістері аса әсер ете қоймайды. Бұл реакциялардың жүруіне ,жылдамдығына және т. б. факторларына — радикалдардың реакцияға өте тез түскіштік қасиеттері әсср етеді.
і Бүгінде органикалық заттардың түсетін реакцияларының төрт типі бар деп қарастырылады:
- Орын басу реакциялары. Мұнда атом немесе атомдар топтарының орнын басқа атомдар басады.
Мысалы: С2Н5СІ + ОН— → С2Н5ОН + СІ—
хлорэтангидроксидэтанолхлорид
ионыионы
- Қосылу реакциялары. Екі молекула қосылып, бір молекула түзеді.
Мысалы: СН2 = CН2 + Вг2 → ВгCН2CН2Вг
этиленбром1,2-дибромэтан
- Бөліну (элимирлену) реакциясы. Молекула екі немесе одан да көп басқа молекула түзеді.
Мысалы: С2Н5ОН → СН2 = CН2 + Н2О
этанолэтиленсу
- Қайта топтасу. Бір молекула екінші молекулаға айналады.
Мысалы: СН3 – СН – СН = СН2 → СН3 – СН = СН — СН2СІ
СІ
3-хлорбутен-11-хлорбутен-2
Көптеген органикалық реакциалар екі молекуланың арасында, молекула мен ионның
арасында немесе молекула мен радикалдың арасында жүреді. Қандай бөлшектің арасында жүретіндігіне байланысты оларды иондық, радикалдық механизм деп бөледі, егер реакция радикал қатысында жүрсе, радикалдық механизм деп атайды, оны R – деп белгілейді. Ионның қатынасында жүрген реакцианы иондық механизм деп атайды.
Шабуыл жасайтын реагенттің табиғатына байлаысты иондық реакция электрофильді және нуклеофильді болып екіге бөлінеді.
Реакцияға қатысатын реагент өзінің электрон жұбын байланыс түзуге басқа молекулаға берсе, онда нуклеофильді (электродонорлы) реагент деп атайды. Нуклеофильдің қатысында жүретін реакциаларды нуклеофильдік реакциалар деп атайды Nu деп белгілейді.
Мысалы: +—+:Nu—R-Nu+:X — нуклеофильдік орын басу реакциасы.
Егер молекула басқа молекуланың жұп электронын қосып алса, оны электрофильді (электронакцепторлы) реагент деп атайды. Электрофильдің қатысында жүретін реакциаларды электрофильдік реакциалар деп атайды, Е деп белгілейді.
Мысалы: электрофильдік орын басу реакциасы.