Спирттер және жай эфирлер өздеріне протонды қосып алып, о к с о н и й и о н ы деп аталатын қосылыстар түзеді. Бұл жағдайларда спирттерден түзілген оксоний ионын протондандырылған спирт, ал жай эфирлерден түзілген оксоний ионын п р о т о н д а н д ы -р ы л ғ а н э ф и р деп атайды.
1923 жылы Г. Льюис заттардың қышқылдығы және негіздігі деген ұғымға өз теориясын ұсынды. Льюис бойынша, қ ы ш қ ы л д е г е н і м і з,— электрон жұбын қосып алып ковалентті байланыс құра алатын заттар, ал негіздер — бос электрон жұбын өз орбитасынан басқа элементке (затқа) ковалентті байланыс түзу үшін бере алатын заттар. Сонда қышқыл электрон жұбының акцепторы да, ал негіз — оның доноры. Жоғарыда көрсетілген спирттердің және жай эфирлердің қышқылмен әрекеттесу реакцияларында спирт және жай эфир Льюистің негіздері (электрондардың доноры), ал хлорсутектің құрамындағы протон Льюис қышқылы (электрондардын, акцепторы) болып есептеледі.
Нейтралдау реакциясы акцептор мен донордың өзара әрекеттесуі болып табылады:
Льюистің анықтамасы бойынша заттың кышқылдық қасиет көрсетуі үшін, құрамында протонның міндетті түрде болуы шарт емес. Зат қышқыл болуы үшін, онын, құрамындағы кез келген элементтің негізгі біреуінің электрон жұбын қосып алатын қабылеті болуы қажет. Міне, сондықтан да А1С13, ВҒ3, SпС14 және т. б. заттар да қышқылдар болып саналады. ВҒ3-тің құрамындағы бордың сыртқы орбитасында алты электрон бар, ендеше ол сыртқы қабатындағы электрондар санын октетке жеткізу үшін тағы екі электрон қосып ала алады, яғни ВҒз қышқылдык қасиет көрсетіп аммиак немесе жай эфирлер сияқты негіздермен реакцияға түсе алады. Дәл сондай жағдай А1С13-те де болады. SпС14тің орбитасында сегіз (октст) электрон бар, алайда ол тағы екі электрон қосып алып SпС1 -2ионы
түріне айнала алады. Ендеше ол да қышқылдық қасиет көрсетеді.
Бернстед-Лоури бойынша қышқыл болу үшін заттың құрамында міндетті түрде сутегі болуы қажет. Ал, оның қышкылдық дәрежесі, сол сутегін ұстап тұрған атомның молекула құрамынан протон бөлініп шыққаннан кейінгі жерде электрон жұбын ұстап тұра алатын қабілетіне байланысты. Электрон жұбын ұстап тұру қабілеті элемент атомының электртерістігіне және оның көлем мөлшеріне (размер) байланысты болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда Д. И. Менделеевтің периодтық таблицасындағы периодтарда, элементтердің электртерістігі артқан саііыіі, сол элемент құрамына кіретін заттың қышқылдығы артады.
Қышқылдықтың периодтағы өсуі:
Ал таблицадағы топтарда сутегін үстап тұратын элемент атомының көлемдік мөлшері өскен сайын, заттың қышқылдығы артады:
Қышқылдықтың топтағы өсуі:
Льюис бойьшша зат қышқыл болуы үшін, оның молекуласы электрондармен қанықпаған (электрон дефициті) болуы қажст, демек, тек секстет электронды болуы шарт.
Бернстед-Лоури және Льюистің анықтамалары бойынша зат негіз болуы үшін, оның молекуласында жаңадан бір ковалентті байланыс жасауға жұмсалатын бос электрон жұбы болуы қажет. Бос электрон жұбының болуы да сол электрондарды ұстап тұратын атомның әртүрлі қасиеттеріне байланысты. Олардың негізгісі сол атомның электртерістігі және оның көлем мөлшері. Алайда, бұлардың әсері заттардың қышқылдық дәрежесін анықтаудағымен салыстырғанда қарама-қарсы бағытта болады. Неғұрлым атом бос электрондар жұбын мықты ұстап түрса, солғұрлым оның байланыс қүруға қабілеті нашар, яғни ондай молекуланың негіздік қасиеті нашар және керісінше.
Химия ғылымының барлық салаларының, әсіресе органикалық химияның дамуында Льюистің қышқылдык-негіздік анықтамасының алатын орны аса зор.