Химиялық синтез пәні

«Органикалық синтез» терминінің өзі органикалық химияның бұл саласының мақсаты органикалық молекулаларды құрастыру болып табылатындығын көрсетеді.Бұл молекулалар қарапайым,қол жетерлік заттардан құрастырылады.

Органикалық заттар туралы жалпы материалдың біршама толық болуы үшін олардың табиғатта неден алынатынын және олардыц барлығына тән ортақ ерекшеліктеріне тоқталмай кстуге болмайды.

Органикалық заттардық басым көпшілігі өсімдіктср мен жануарлардан, олардын ыдырау қалдықтарынан алынады. Мысалы, ағашты құрғақ айдау арқылы: фенолдар, формальдегид, сірке қышқылы, ацетон, этил спирті, скипидар, камфора, түрлі лактар, канифоль целлюлоза, синтетикалық талшықтардың кейбір түрі (капрон, найлон) т. б. алынады.

Бұдан басқа органикалық заттардың тағы бір басты табиғи қорлары, құрамында көміртегі мол больш келетін — көмір, торф және сланец. Бұлардан өндірістік көлемде: этил спирті, фенолдар, қымыздық қышқылы, сірке қышқылы, бензин, ацетон, балауыз, фурфурол, қопарғыш заттар, бояулар, тісмай, әтір және т. б. алынады.

Табиғи газдардан негізінен, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер, ал оларды әрі қарай өңдеудін. нәтижесінде жүздеген органикалық заттар алынады.

Органикалық заттардың табиғи қорларынын. ішінде мұнайдың алатын орны мүлдем ерекше. Мұнай — органикалық заттардың негізгі табиғи қоры. Одан алынатын органикалық және бейорганикалық заттардын. санының, көпшілігі сондай, бүгінде мұнай химиясы деген жалпы химиянын. жаңа бір саласы пайда болды. Органикалық синтез жолымен алуан түрлі заттар синтезделеді .Мысалы мынадай схема бойынша

СН4 + СО2 → СН3СООН

Метан мен көмір қышқыл газынан сірке қышқылын алу өте оңай болып көрінеді ,бірақ практика жүзінде бұл реакция жүрмейді.Бірақ жанама жолдар бар ,нәтижесінде қорытынды реакция жоғарыда келтірілгендей күйде болады.

Қазіргі уақытта органикалық синтез «кез келген заттан кез келген затты» синтездейтіндей дәрежеге жеткен.Бірақ органикалық синтездің құдіреттілігі органикалық реакциялардың өту заңдылықтарын білуде жатыр.Сондықтан болашақ синтезді жоспарлаудың маңызы ерекше.

Органикалық синтездің мақсаттары бір қарағанда оңай түсінетіндей дәрәежеде емес.Тек қана пайдалылық тар шеңберінде қарастыруға болмайды. Органикалық синтездің мақсаты бір жақты және даусыз. Органикалық синтездің іргелі мақсаты — заттардың қасиеттерінің оның құрылымына байланыстылығын айқындау. Органикалық химияның бүкіл даму барысында теориялық пікірталастар туындап отырған .Осыларды шешуде органикалық синтездің алар орны ерекше.

Көмір, мұнай және табиғи газдарды химимялық синтез жолымен өңдеу арқылы алынатын көптеген органикалық заттар: жанар және жағармай, отын ретінде, сонымен қатар металлургия саласында, коксхимияның, мұнай химиясы өнімдері сияқты әр алуан заттар (пластмасса, бояғыш, дәрі-дәрмек, қопарғыш және т. б.) пайдаланылады.

кіндік туды.

Тек органикалық синтездің негіздерінің арқасында ғана, азық-түлік заттарды үзақ мерзім сақтағанда, немесе өңдегенде міндетті түрде жүретін кейбір химиялық процестерді түсіну мүмкін болды. . Бұлармен қоса кейінгі жылдары көптеген азықтық заттардың, синтетикалық жолмен алына басталғанын айтпай кетуге болмайды. Мұның, өзі органикалық синтездің ғылыми жетістіктерінің елімізде азық-түлік программасын шешуде ерекше орында екенін көрсетеді.

Органикалық синтездің халық тұтынатын өндірістік товарларды жасауда да үлкен мәні бар. Өзімізге белгілі бүгінде көптеген өндірістік товарларды жасауда синтетикалық материалдар кеңінен пайдаланылды.

пластмассалардың әртүрлі мебель жасауда, әр алуағі үй тұрмысында қолданылатын бұйымдар (мысалы, ыдыс-аяқ, түйме, әсемдік заттар) өндіруде қолданылады. Со-нымеы қатар пластмассалық материалдардан әртүрлі электр товарлары және басқа белшектер жасалады. Жасанды смола мен каучуктер, синтетикалық терілердің түр-түрі алынады, ал олардан аяқкиім, тон, суланбайтын маталар және т. б. толып жатқан бұйымдар өндіріледі.

Әртүрлі мәдени товарлар, қағаз, фотографиялық материалдарды ендіру де органикалық синтездің негізінде ұйымдастырылған. Бұлармен қатар көптеген иіс майлар, әтір, еріткіш заттар, түрлі-түрлі бояғыштар, пигменттер және суытқыштардың органикалық заттар екенін де ескерсек, бүгінде органикалық синтездің адам баласы қоғамының өмірінде алатын орнының орасан зор екенін түсінеміз.