Дүние жүзілік мұхит – жер шарының көпшілік бөлігіне (70, 8 %) жайласқан, құрлықты материктерге және аралдарға бөліп тұрушы су қабаты. Ауд 361060 мың км2 , орташа тереңдегі 3795м, ең терең жері 11022м.
Мұхиттардың негізгі морфометриялық көрсеткіштері.
Мұхиттар | Ауданы | Көлемі мың км2 | Орташа тереңдігі | Ең терең жері, м. | |
Мың км2 | % | ||||
Тынық | 179680 | 50 | 724000 | 3 984 | 11022 |
Атлант | 93360 | 25 | 337000 | 3 926 | 8428 |
Үнді | 74920 | 21 | 292000 | 3897 | 7130 |
Солт. Мұзды | 13100 | 4 | 17000 | 1205 | 5449 |
Дүние жүзлік мұхит | 361060 | 100 | 1370000 | 3 795 | 11022 |
Мұхит суының физикалық және химиялық сипатының таралуы негізінен географиялық зоналықтың жалпы заңдылығына байланысты келеді. Жарты шарлардың субтропиктік ендігі мен шығыс және батыс жарты шарлардағы мұхиттың қоңыртай белдеулерінде судың тасымалдануы ендік зоналықтан меридиандық бағытқа ауысады.
Тірі организмдер бүкіл мұхит қабаттарында тіршілік етеді. Мұхиттың органик дүниесі бентос, планктон және нектонға бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар; негізінен фитопланктон және фитобентостан тұрады. Өсімдіктер жарық жақсы түсетін 200-300 м тереңдіктегі жоғарғы қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай олардың ішінде моллюскілердің 60 мың, шаян тәрізділердің 20 мың, балықтың 16 мың, бір клеткалы жәндіктердің 15 мыңдай, еркін тіршілк етуші құрттардың 5 мың түрлері мекендейді. Сүт қоректілерден тек қана кит тәрізділермен ескекаяқтылар ғана кездеседі. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай шұғыл кеми береді. Мұхиттың кез-келген ауданындағы организмдердің саны және оларды қалпына келтіру шапшаңдығы негізінен мұхит суында биогендік заттардың еріген мөлшерімен анықталады. Осы аталған заттар мұхит суының түпкі қабаттарына жиналып, вертикальды циркуляция әсерінен беткі қабаттарға көтеріледі. Вертикальды циркуляция әсерлері күшті байқалатын аудандар тіршілік етуші жәндіктер түрлерінің санына бай келеді. Мұндай аудандарға негізінен циклондық ағыс аудандары жатады.