Концерттік қойылым

Жоспар:

  1. Концерттік қойылымға дайындық.
  2. Сахнада орналасу, жарық киім, режиссер кеңестері.

Концерт қойылымдарынұйымдастыру, байқауларға, конкурстарға, көркем өнерпаздар үйірмесінің фестивальдарына қатысу – «кері байланысты» жүзеге асырудың, қол жеткен нәтижелерді бақылаудың білімді іске жаратудың, оқыту мен тәрбие тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық тиімділігі есепке алудың маңызды жолы.

Теориялық практикалық оқу, репетициялық сабақтарды және т.б. ұйымдастыру арқылы түрлі ұйымдық формаларда өтетін музыкалық бөлімдердегі оқу процесі педагог пен тыңдаушылар қызметінің алуан түрлерін қамтиды.

Педагог-музыкант студенттердің білімді, шеберлік пен дағдыларды игеруде белсенділік пен дербестікті дамыту және халық музыкалық творчествосының негіздерін оқып үйреніп, оларды оқумен көркемөнер практикасында қолдануы жөнінде жүйелі жүргізуді қамтиды.

Педагог эстетикалық тәрбие ретінде вокальдық-аспаптық ансамбльдің музыка өнеріндегі алатын орны мен ролін анықтап, вокальдық- аспаптық жанрдың көркемдік атқару бағыты мен стилін ашуы, вокальдық және аспаптық топтардың жеке-жеке ансамбльдік орындау дағдыларына ие болуы үшін жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл орайда оқу-тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлыжәне маңызды мәселелерін шешіп, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын нақтылайды, ансамбльде творчестволықжәне еңбек тәртібін нығайтады.

Вокальдық – аспаптық ансамбль сабақтарында қатысушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой-пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды.

Тіпті концерт кезінде орындау сапасы шығарманы игеру, оған көзқарас дәрежесінің толық «обьективті» көрсеткіші сияқты.