Жоспар:
- Орындаушының естуді бақылау ән айту мен сүйемелдеу кезінде дыбыстық теңдікті сақтау мүмкіндігін қалыптастыру.
- Орындаушылық дағдыға сәйкес болып келетін вокальдыаспапты іс- әрекеттің нақты үйлесімділігін жасау.
- Сүйемелдеу партиясын бірте-бірте күрделендіру.
Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып, балаларкомпозитордың өмірі,шығармашылығыментанысады. Осылайшамуызкаға деген қызығушылығы, эмоциялық көзқарасы, қалыптасады. Және шығарманың мәнерлік құралдары болатынын ажырата алатын болады.
Халқымыздыңмузыка тілін терең түсінетіндігі ертеден –ақ аңыз болып тараған. Оған мысал ретінде «Ақсақ құлан» т.б. көптеген күй аңыздарыналуға болады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған мәселелердіңбірі осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзініңрухани азығыетіп, адам өмірін нұрландыруға, ат салысатын музыканың білімдіазамат тәрбиелеу. Оның түп-тамыры, негізі музыканы қабылдай білуде жатыр.
Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға, баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушыныңмузыкалық мәдениеттілігінқалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.
Музыканы тыңдаған кездебала еркін отыруы керек, бұл тәсіл орындалып, жатқан шығарманы қозғалмай байсалды тыңдауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ музыка тыңдап отырған кезде, сөйлеуге, мұғалімге сұрақ қоюғаболмайтынын білу керек. Бірте-бірте мұғалім балалардың музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады. Музыка тыңдау барысындағы мұғалімніңжүріс-тұрысы, өзін ұстауы өте үлкен рол атқарады.
Мұғалім тыңдауғаұсынған шығарманы өзі орындаса, мүмкіндігінше нотасыз ойнауға тырысу керек.
Вокальдық педагогикалық талаптарына сайбалаларды ән өнеріне баулуда тәжірибедеқолданылатын арнайы ән жаттығуларыныңалатын орны ерекше. Сабақтың мақсатына сай өз орнын тауып қолданылған. Жаттығулар тек дауыс аппаратын ән айтуғадайындап қана қоймай, белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуғабайланысты дағдылы қалыптастырады.
Музыкалық шығарманы игеру, оның мәніне тереңбойлай ену дәйекті де ұзақ процесс. Музыкалық шығарманы ұжымдық үйренугекірісе отырып, шығарманың музыкалық тексін дәлме-дәл орындау, шығарманың жалпы сипатын формасын, ладтық-гармониялық негізін,ритм мен әуенініңсипатын анықтау, музыка дыбысын шығарудың барлық тәсілдерін белгілеу, бүкіл пьесса бойынадыбыс күшінбөлу, вокальдық және аспаптық топтарының және топтығы әрбір партияның дыбысының тепе-теңдігіне қол жеткізу, ансамбльдіңорындаушылық шеберлігініңдәлдігіне жету қажет.
Шығармашылық мазмұнын ашу бөліп-бөліп орындаудан біртіндеп негізгі мағынасын және оның көркемдік детальдарын тұтас біріктіруге дейін жүреді. Осыдан келіп шығарманы үйрену методикасы мынаған саяды. әдеби және музыкалық тексті, шығарманың әсерлілік құралдарын, музыкалық образдың сипатын талдау; шығарманы орындаудағы қиын тұстарды анықтау; ансамбльдіңорындаушылықмүмкіндігімен оны «өлшеп-пішіп» көру; қиын тұстарды ойлап үйрену жөніндегі жұмыс әдістемесін анықтау; көркемдік – орындаушылық ой-тұжырымды әзірлеу.
Шығарманы үйрену үстінде оның ұлттық ерекшелігін оның ұлттық ерекшелігін анықтапалу қажет. Бұл көркемобраздың мәніне терең бойлай ену үшін маңызды. Халық музыкалық творчествосының элементтерін; халық аспаптарының өзіндік ырғақтарын, ладтарын, тембрларын, халықтық орындаушылық өнер тәсілдерін пайдаланып үйрену керек.
Сондықтан біз халық-музыкалық творчествосын үйренуді шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлеміз. Вокальдық – аспаптық ансамбльдің оқу сабақтары ән айтудан, вокальдық – есту және аспаптық құлақ күйі келтіруден басталады. Шағынжаттығуларды, репертуардағы әндерден үзінділерді әндету, ансамбльдік орындау дағдыларын жетілдіруді көздейді.