. Күрделі формадағы шығарма.
Күрделі формадағ шығарманы орындау ерекшеліктері оның фактурасын, шығарманың формасын, мазмұнын, идеясын түсіндіру қажет. Күрделі формадағы шығармалар әдетте үш бөлімнен тұрады. Шығарманы талдаған кезде, үш бөлімге бөліп, бір-екі айда бір бөлімін, екінші айда екінші бөлімін, үшінші айда үшінші бөлімін талдап, шығару керек. Жыл соңына дейін түгелдей шығарманы аяғына дейін жетілдіру қажет.
Шығарманы тағы да фраза сөйлемге бөліп, талдап, жол-жөнекей динамикасымен де жұмыс жасауға болады. Әсіресе, крещендо, диминумендо,форте, пиано, меццофорте, меццопиано, сфорцандо, пианиссимо, акцент, деташемен жұмыс жасаса, шығарма толыққанды болуы әбден мүмкін. Қобызшының басты міндеті – штрихтарын дұрыс қойып, күшті және әлсіз үлестерде ысқышты дұрыс қою өте маңызды. Әлсіз үлестерді ысқышпен жоғары жүргізу, күшті үлестерді төмен жүргізуге ықпалы тиеді. Сондықтан да, штрихты өте қадағалау керек.
Күрделі шығарманы орындаған кезде аппликатураның да маңызы өте зор. Әсіресе, позициядан –позицияға ауысар кезде бірінші саусақпен бірінші позицияға ауысу, екінші саусақпен екінші позицияға, үшінші саусақпен үшінші позицияға ауысуды үйрену керек. Шығарманың мазмұнын бұзбай ауысыпп үйрену керек.
8.2. Әртүрлі характердегі төрт пьеса.
Әртүрлі характердегі пьесаны орындау үшін, репертуардың мазмұны неғұрлым сапалы , сан қилы болса, ол оқушы үшін соғұрлым қызғылықты да және нәтижелі болады. Өз бетімен даярланып үйрену, музыка тыңдау студент үшін өте пайдалы. Біріншіден оның творчестволық шабыты пайда болса, екіншіден мувзыкаға өзіндіук көзқарасы, қояр талабы пайда болады. Ол репертуарды игеру үшін ізденеді, толғанады, өзінің ой-өрісінің өсуіне, орындаушылық шеберлігінің ілгері дамуына жол ашады. Әрине бұның барлығы оқытушының үздіксіз қадағалауы болуы керек.
Әртүрлі характердегі пьесаның маңызы студенттің жан-жақиы көзқарасын өсіріп, әр ұлттың шығармаларын игеруге, сол ұлттың характерін өзінше көрсетуге үйретеді. Әр ұлттың шығармаларының орындау ерекшеліктерін игере бастайды. Бірде көңілді, қызуқанды, екпінді шығармаларды ойнап үйренсе, бірде мұңды, терең ойлы шығарманы игеріп, студенттің жұрттың алдында ойнау қабілеті артады.
8.3. Ірі шығарма.
Ірі шығармаға ,концерттер, сонаталар, концертино, қысқаша симфониялық шығармалардан үзінді, анданте,адажио, фантазиялар жатады.Бұл шығармалардың орындау ерекшеліктеріде болады. Мұнда дыбысты көркемдеу ,әсемдеу үшін фложелет, форшлаг, трель, мордент, акценттерімен ерекшеленеді және де шығарманың формасымен, түрлі техникалық қиыншылықтарымен ерекшеленеді.Ірі шығарманы орындаудың өзі адамға жігер беріп , ізденуге жол ашады. Түрлі қиыншылықтарды игеріп, алға адымдауға жылжый отырып, шығарманың негізіне жетелейді. Ірі шығарманың өзі негізгі партиялармен , қосалқы партиялармен екінші тема мен күресе отырып концовкаға (шығарманың соңына) жеңіске жетелейді.
Ірі шығарманы орындаған кезде үнемі фортепианоның сүйемелдеуімен дыбыстың үйлесімін, ансамбльін, гармониясын тыңдап отыру керек. Негізгі мелодияны басып қалмас үшін, сүйемелмен ұзақ уақыт жұмыс жасауы керек. Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, дыбысты құлаштап, музыкалық аспаптың ерекшелігі мен үлкен мүмкіндіктерін көрсету керек.Ірі шығарманың өзі осыған жетелейді.
Соңғы курста студентті жан-жақты тәрбиелеп, сахна мәдениетіне де үйрету қажет. Классикалық шығармаларды орындаған кезде-өте жинақы, ұқыпты, түр-келбеті, бәрі сәйкес болуы керек. Әндер мен пьесаларды орындаған кезде шығарманың мазмұнына қарай,киім киісі , орындалу ерекшелігі сәйкес болуы керек.Сахнаға шығар алдында жинақы, түзу келіп, залға мейіріммен қарап, жымиып әрі жинақы баспен иіліп ізет жасауы керек.
Содан кейін дұрыстап отырып жайғасқаннан кейін, залға бір қарап терең дем алып, концертмейстерге ымдап көрсетіп шығарманы бастап кетуі керек.
Шығарманы орындап болғаннан кейін, бей мазаланбай, жинақы тұрып, тағы да баспен иіліп,асықпай шығып кетуі керек.Шығарманы орындаған кезде залға мейлінше өзінің шығармасын көрерменге жеткізіп орындауға үйрену қажет.Ол үшін студентоқу кезеңінің мерзімінде сахнаға көбірек шығуды дағдыға айналдыру қажет ,сонда ғана ол сахнада өзін еркін сезіне алатын болады,ол дегеніміз еркін сезіну шығарманың толыққанды болуы.