Халық әндерімен пьесаларын, шетел композиторларының шығармаларын меңгеру.

Екі этюд.

Бұл жолыда оқушыға әр түрлі характердегі екі этюд таңдаймыз. Әуелі қобыздың негізгі дыбысы «ля» болғандықтан, осы ішектегі жазылған этюдқа жаттығулар дан бастаймыз. Күнделікті ойнау кезіндегі берілген тапсырманы көрсетілген саусақтар әр ішекте толық меңгергенше жұмыс жасау керек.Алынған этюдтің негізі квинта көлемінен шықпайды.Бірақ, сол қолдың төрт саусағын ойдағыдай жаттықтыру үшін жаттығулар осы диапазонда әр түрлі интервалда(секунда, ттерция, кварта, квинта) беріледі.

6..2. Жаттығулар алғаш жай екпінде бірнеше қайталанып орындалуы тиіс. Әбден жаттығып игергеннен кейін біртіндеп екпіндете тездете жылдам ойнауға көшу керек.

Ал, штрихқа келетін болсақ, жаттығуларды бастапқыда «лига» штрихымен ойнау керек. Демек, екі нотаны бір смычокпен, төрт нотаны бір смычокпен 16 нотаны бір смычокпен ойнау дәрежесіне жету. Гамманы төрт белгіге дейін мажор, минорды орынадудағы ерекшелігі оқушы өзін өзі тыңдап үнемі әр дайым диез бемольдарды ескеріп есте сақтап, тыңдап ойнауы қажет.

6.3. Пьеса.

Қазіргі уақытта қобызшылардың фортепиано сүйемелдеуімен орындау дәрежесін үнемі өсіріп отыру қажет.Пьеса алған кезде оқытушы шығарманы егжей тегжейіне дейін зерттеп, танысып, оқушының орындаушылық шеберлігін өсіретіндерін таңдап іріктеп, талдап алуы қажет. Шығарманың мазмұны неғұрлым сапалы, санқилы болса, ол оқушы үшін соғұрлым қызғылықты және нәтижелі болады. Өз бетімен даяарланып үйрену, музыка тыңдау, оқушы үшін өте пайдалы. Біріншіден оның творчестволық шабыты пайда болса, екіншіден оның –музыкаға өзіндік көзқарасы , қояр талабы пайда болады. Ол репертуарын игеру үшін ізденеді , толғанады, өзінің ой өрісінің өсуіне, орындаушылық шеберлігінің ілгері дамуына жол ашады. Әрине, мұндай кезде оқытушы шәкіртінің өз бетімен даяарлаған шығармасын тексеріп, тыңдап өз пікірін айтуға міндетті.

6.4 Шетел классик композиторларының шығармалары.

Шетелклассик композиторларының шығармаларын алып ойнаудағы мақсат, шетел композиторларының шығармаларының ерекшелігінде.Шығармадағы форшлаг,мордент, акцент, деташе сияқты шығарманы көркемдеу оқушыға өте керек.

Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі оқушының өсуіне ықпал береді. Шығарманы түсінуге өзіндік ерекшелігіне,аккомпонементті тыңдауға көмектеседі.Классик композиторлардың, әсіресе И.С.Бах,Л:В.Бетховен,В:А:Моцарттың шығармалары өте пайдалы.

  • Бір күрделі формадағы шығарма.

Күрделі формадағы шығарманың ойнау әдісіне келетін болсақ, оқытушы характерін көрсетіп, мәнерлеп ойнау нақышын келтіріп оқушыға өзі ойнап,жеткізіп беру керек. Одан кейін шығарманың формасын талдап, ойнау ерекшеліктерін көрсетіп беру қажет. Шығарманы оқушымен бірге басынан аяағына дейін табжылмай отырып талдап шығуы қажет. Егер оқушы шаршап қалған жағдайда, Үш бөлімді үш сабаққа бөліп, фраза, фразаға бөліп, сөйлем соңына дейін жеткізіп, орындау қажет.Келесі шарт оқушымен өте жай темпте ойнаған жөн. Ньюанстарына көңіл бөліп, Крещендо ,диминумендо, сфорцандо, акцентке көңіл бөлу керек. Келесі кезенде өте жай темпте концертмейстермен қосылып орындау қажет. Концертмейстермен ор ындамас бұрын оқытушы өзі орындап беру қажет.