Дыбыстар тіркесі – тілдің дамуының көрсеткіші. Фонетикалық заңның дыбыстар тіркесінен туындайтыны. Дыбыстар тіркесін анықтау үшін сөздің буын, дыбыс құрамын зерделеудің маңызы. Жазу, айтудың арақатысын пайымдау. Дыбыстар тіркесінің зерттелуі. Дыбыстар түбір ішінде, түбір мен қосымша аралығында, сөз бен сөздің жапсарында тіркесуіндегі ерекшеліктер. Дауыстылардың буын түрінде тіркесуі. Үнді дыбыстардың тіркесуіндегі ерекшеліктері. Қатаңдардың тек қатаңдармен, ұяңдардың ұяңдармен ғана тіркесу себептері. Қатаңдардың өзара тіркесуінде кездесетін ерекшеліктер. Ерме дауыссыздар, оның себебі. Дыбыстар тіркесінен туатын заңдылықтар. Сөз (буын) соңындағы қос дауыссыздар, оған тән ерекшеліктер. Шәлкес тіркестер. Олардың пайда болу жолдары. Табиғи тілге етер ықпалы. Қайталама дыбыстар. Олардың түбірде, түбір мен қосымша аралығында, сөз бен сөздің жапсарында қолдануындағы ерекшеліктер. Үш дыбысты тіркестер