Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар

Жоспары:

1.Тірі табиғат мүйісінде орындалатын жұмыс түрлері.

2.Оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар.

3.Табиғатта орындалатын жұмыстар.

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелікнұсқау. Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар — Асвета, 1985.
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М., Просвещение, 1983.
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение, 1990.
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1980.
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекция мәтіні:

Мұғалім тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы кластарда және онан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады.

Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті бөлме өсімдіктерін (агава, алоэ, аспидистра, аспарагус, кактустар, тасжарғыш, кливия, пеларгония, традесканция, фикус, фуксия т. б.) тікелей сынып белмесінде арнаулы тіректерге орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөліктерін, көбею жолдарын, қоршаған ортаға бейімделулерін көрсетуге оқушыларды жер шарының әр тараптарының өсімдік әлемі өкілдерімен таныстыруға болады.

Сынып бөлмесіндегі терезелердің аралығына іліп қоятын аквариум мен шағын террариум құруға болады. Олар жергілікті және аквариум балықтарының, бауырмен жорғалаушылардың немесе қос мекенділердің жеке өкілдерін ұстауға қолайлы. Оқушылар аквариумның шынысы арқылы су асты патшалығының бір бұрышын көре отырып, табиғаттағының бәрі өзара тығыз байланысты екеніне көрнекі түрде көздерін жеткізеді. Дұрыс жабдықталған аквариум жануарлары табиғи жағдайға жақын жағдайда болады, сондықтан аквариумдегі бақылау олардың тіршілігі мен мінез-құлқы туралы, сонымен бірге су ортасына алуан түрлі бейімделулері туралы қызық деректер береді.

Аквариумде валлиснерия, бақа оты, су мүгі, қауырсын жапырақ уруть, бұйра шылаң, мүйіз жапырақ, балық от, элодея өсімдіктерін өсіруге болады. Көптеген балықтар (голец, табан балық, тұқы балық, қара балык, ақ қайран, уклейка) қапаста жақсы тұра береді. Аквариум балықтарынан тіршілік жағдайын көп талғамайтындары барбустар, гуппалар, семсершілер, алтын балықтың түрлі тұқымдары— кометалар, шілте құйрықтар, телескоптар т. б.

Аквариум балықтар тіршілігін, шабақтардың бірте-бірте дамуын, температура мен қоректенудін балықтардың өсуі мен дамуына әсерін, қоректенуге байланысты шартты рефлекстің тууын (таяқшамен аквариумді тықылдатуға, қоңырауға, шам жағуға т. с. с), балықтар тәбетпен жейтін жемдердің тізімін жасауды, балықтардың ауа райын болжауын (шырмабалықпен және голецпен тәжірибе) т. б. бақылауды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.

Тірі табиғат мүйісі террариумда әр түрлі хайуанаттар: құрбақа, көл, бөген бақасы, жалды тритон, кәдімгі су жылан, күйрек веретеница, дала тасбақасы, сергек және тірі туатын кесірткі ұсталады.

Оқушыларды логикалық тұрғыда құрылған, айқын, нақты жоспарлармен жұмыс істеу, икем-дағдыларын қалыптастыру қажет. Бұл мәселені іске асыру үшін оқу-тәжірибе учаскесінде көлемді педогогикалық мүмкіншіліктер баршылық. Алғашқы кезекте, оқу- тәжірибе учаскесін, ондағы егістік және отырғызу жұмыстарын педогогикалық тұрғыдан ойластырылған, ұйымдастыру және жоспарлау жұмыстары тұр. Оқушылар мектеп учаскесінде жұмыс істей отырып, өздерінің алған білімдерін тірі өсімдіктер мен жануарларды бақылау нәтижесінде кеңейтіп, бекітеді. Сонымен қатар шаруашылық өсімдіктерін агрономиялық өңдеу әдістерімен танысады. Оқу-тәжрмбе учаскесінде жұмыс орындау барысында оқушыларды ұйымдастырушылық, ұжымдық дағдыларды, еңбек мәдениеті, эстетикалық сезім, өсімдіктерді өсіріп, баптап күту дағдылары қалыптасып тәрбиеленеді.

Оқу тәжірибе учаскесінде көктемде арнайы бағдарламалар бойынша практикалық сабақтар, жазғы, күзгі, көктемгі бақылаулар мен тәжірибелер жүргізіледі. Учаскеде жас табиғатшылар үйірмесі және мектеп көлеміндегі сыныптан тыс өкізілетін іс-шаралар ұйымдастырылады: “Алтын-күз”, “Құстар күні”, “Бау-бақша күні” мерекелері, көрмелер, ата- аналар үшін топ серуендер т.б. жұмыстар.

Осындай әдістермен дүниетануды оқытуды ауыл шаруашылық практикасымен ұштастырып тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыруға болады.

Мектеп учаскелерінде мектепте оқытылатын өсімдіктер болуы тиіс: дала, бау-бақша, жеміс-жидек, мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер. Соған сәйкес арнайы учаскелер болады. Атап айтсақ: дала өсімдіктері, көкөніс, жеміс-жидек, әсемдік, биологиялық, зоологиялық бөлімдер . Әрбір мектепте учаскенің ауданы, пішіні, үйлесімі түрліше болғанымен жоғарыда айтылған бөлімдердің болуы шарт.

Табиғатта сабақтан тыс орындалатын жұмыстар – жазғы тапсырмалар деп аталады.Жазғы демалыс кезінде әртүрлі елдерге, жерлерге баратын оқушыларға мұғалім тапсырма беріп, әртүрлі материалдар жинап алуына болады.Жазғы тапсырмалар белгілі бір мақсатта жүргізіліп, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына мүмкіндік туады.