Жоспары:
- Оқыту нысандары туралы түсінік.
- Дүниетану пәнін оқыту нысандары.
Пайдаланатын әдебиеттер :
- Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелікнұсқау. Алматы, 1998.
- Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
- Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
- Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар — Асвета, 1985.
- Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
- Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
- Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
- Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
- Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
- Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М., Просвещение, 1983.
- Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
- Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
- Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.
- Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение, 1990.
- Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
- Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
- Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1980.
- Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
- Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
- Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.
Лекция мәтіні:
Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі нысандары пайдаланылды. Оқыту нысандарының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми –техниканың өзгеруіне байланысты болды.Ерте кезде оқытудың жеке, топтық т.б. түрлері болды.
Оқыту процесін ұйымдастыру нысандары дегеніміз арнайы ұйымдастырылып белгіленген тәртіппен режимне жүргізілетін оқу танымдық іс-әрекеттің процесі.
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары (“форма” – латынша сыртқы түрі, пішіні деген мағынаны білдіреді).Оқытудың жеке, топтық түрлері қалыптасқан.
Оқыту процесін ұйымдастыру нысандарының классификациясының негізіне төменгі принциптер жатады.
- Оқушы саны (жеке, жұп, кіші топ, бұқаралық, ұжымдық)
- Оқыту жері (мектепте, сабақтан тыс кезінде, шеберханада, клубта)
- Уақыт мөлшеріне қарай ұйымдастырылады (классикалық – 45 минут), бастауыш мектепте – 35 минут, жұпталған сабақ – 70-80 минут)
Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан сынып (класс) деп аталатын мұғалімнің басқаруымен жүргізілетін оқу жұмысы.Сабақта әртүрлі оқыту нысандарын пайдалануға болады.Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әр түрлі формаларында ұжымдық, топтық, жұп және дербес нысандары жатады.Оқыту нысандарын таңдап алу, біріншіден, оқу-тәрбие жұмысының міндеттеріне, екіншіден, оқу материалының көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, ұжымдағы оқушылардың оқу мүмкіншілігіне байланысты.
Мектептегі “Дүниетану” пәндерін оқыту барысында сабақтан басқа да оқыту нысандары қолданылады. Сабақтың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін танымжорықтар (экскурсия), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар, міндетті емес сыныптан тыс жұмыс түрлері, мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар мен тірі табиғат мүйісінде, арнайы кабинетте орындалатын жұмыстар.
Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық әдіс-тәсілдерін қолданады.Өсімдіктер мен жануарларды демонстрациялайды, зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың құрылысымен таныстырады. Тірі ағзалар тіршілігінің дамуын, бір-бірімен қарым-қатынастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытудың басқа нысандары қолданылады және ол сабақ оқыту нысанын толықтырады.
Сабақ кезінде орындалатын практикалық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, оқу-тәрбие учаскесі, тірі табиғат мүйісі, жас табиғатшылар үйірмесіндегі орындалатын жұмыстардың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар оқушылардың танымдық қызығұшылығын, ұйымдастыру қабілеттілігі мен қоғамдық дағдыларын, еңбек мәдениетін және көпшілдік сезімін дамытады. Табиғаттың көркемділігі, оның байлығымен танысу, әсіресе топсеруен кезіеде отаншылдық және эстетикалық, экологиялық сезімдерін тәрбиелейді. Табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға бағытталған тәрбие жұмыстары жеке бастың әтикалық ерекшеліктерін де қалыптастырады.