Қазақ бейнелу өнерін, әрйне, Әбілхансыз көз алдымызға елестете алмаймыз. Ол-сонау 20-30 жылдары-ақ Қазақстандағы болашақ Суретшілер одағының негізін қалаушлардың бірі. Қазақ бейнелеу өнерінің көш басындағы Ардақты басшы, құрыметті ұстаз.
Әбілған Қастеевтің халққа етене жақындығы- Қанындағы қасиеті о баста-ақ ел тұрмысына қанығып, сол қазынаны көшіріп, көпшіліктің көз алдына айнытпай жайып салды. Бояу мен сурет өнерінің сан түрлі сызықтарының мәнін жете түсінбесе де, жұрт жақын ғып бейнелеуге тырысты. Халықтың хал-күйін ғана емес, ішкі жан дүниесінің дірілін, демін, мінез құлқы мен қабілетін арқаудай астастра білді. Оны біз суретшінің трнақ алды туындыларынан білеміз. Бойаулары бір түрлі күңгіріт, бір қырын ғана кейіптегі адам пішіндерінің өзі, Совет өкіметінің алғашқы жылдары жалпақ қазақ халқының рухани,табиғи кескіні, іс әрекеті, хам-қарекеті, тұрмыс тіршілігін қаз-қалпында бейнелейді. Әбілхан Қастеев өзінің алғашқы суреттерінен бастап адам бейнесін қағаз бетіне түсіруге құштарлық байқатады. Әдеттегі суретке үйрететін оқу орындарының әдістемесінде алғашқы бейнелер салу қарапайым формалардан тұрады- куб, конус, шар, т. с. с. заттардың суреті болады. Сөйтіп бірте-бірте оқудың жоғары сатсында ғана адамды бейнелеу басталады. өз бетімен сурет салып үйренушіге Қастеевтің кескіндемелері (портреттері-өйткені біздің тілде «кескін» -деген сөз тек адамғағана қаратылып айтылады) тым шебер салынғандығы даусыз еді және ол оның дарын иесі екендігінің куәсі болатын. Талдап айтатын болсақ, ең әуелі Ә.Қастеев әр адамныың бір-біріне ұқсас ерекшеліктерін көре білетіндігі, ол мінез-құлұқ бет әлпет пен тәлім-тәрбие парасаттың ншандарын дөп басып бейнелей алатындығында еді.
“Әбілхан Қастеевтің алғашқы суреті,1927 жылы салған іс тігіп отрған айел, 1929 жылы салған киіз үйдің ішкі көрнісі, 1930 жылы салған қазақ портреті, өз қарындасынның келбеті-соның айғағы. 1930 жылы салған «Мектепке» атты еңбегі қазақ бейнелеу өнерінң алтын қорына қосқан алғашқы суреттері дер едік.” ( «Әбілхан Қастеев». «өнер». 1986жыл. 6 б.) Сол кездегі теңдікті аңсаған, оқу білімге аңсары ауған, кітап құшақтаған қазақ қызының көз жанарында жас аралас арман
Өз ағасының портретінде сол қилы кезеңдегі қазақ ұғмындағаы қасрет , үргедек ұрпақ ұсқыны оның бет пішінінін, шүңірек көздерінен айқын байқаймыз.
Бала жастан жыр аңыз, дастан, қисаларға құмар Әбілхан телегей теңіз қазақ халқының ауыз әдебиетінің тал бесігінде тербеліп өсті.
Сол алтын қазына иелерінің бірі, елдің қамқоршы ақсақалының бірі Сағымбек Қисықбаевтің, ауыз әдебиетін бүгінгі ұрпаққа жеткізген кең-даря ақылды бет бейнесінен болмысына қарап, табындылар тұлғасынан ұзақ көз алмайсыз.Оның бір қырынан отрған кісілік келбетіне ізет етесің.
Ақ киізден жұқалап басып, сәнімен тігілген қалпағы, әдеппен қойған мұрты,кең омраулы сырма шапаны жарасым тапқан,кең маңдай қою қасты,көтерінкі қабағы,ойлы көзі,бейне бір бізге шежіре шертіп тұрғандай.Оның осындай тұлғасын сан ғасырлар ата-баба рухын танимыз.Адам жанының иірімін таба білетін тумысынан аналитик суретші 1942 жылы «Ана» портреті арқылы әжемізбен шешелеріміз ақ мейірімін,ізгілігін көрсетті.Кимешек киген бұл Кейуананың еңкіш тартқан отырысымен әжім торлаған жүзінен өткен өмір іздерін аңғарасыз. Ал, алысқа қадалған өткір көздерінен болашаққа деген үлкен үміті,ұрпақ тағдырына аналық мейірмен алаңдай қараған абзал жанның бейнесін көреміз.Зар заманның зорлығын мен ауыр бейнетіне бүгілмеген ана қайратына қайран қаласың! …
Әбілхан Кастеев алғашқы шығармаларының өзінгеді әр бір кейіпкерінің келбетімен ізгілік мейірім шапағат шуағы төгіліп турады.
Суретші әуел бастан әсерлі бояуларды әлміштеп жаға беруден бойын аулақ салады. Тек, бір қызығы, 1930 жылы майлы бяумен кенепке салған «Көктем» туындысынан өмірдің соңғы күндердегі «Жоңғар алатауының көктеміне» дейінгі пейзаждарында көк бояуды көбірек қолданды. Әсіресе көгілдір іңгәрлігін, отызыншы жылдарда салған «көк камзолды қыз», «қазақ қызы» атты жанырлық портіреттерінен, «шөп шабу» картинасынан анық байқаймыз.
кең жазиралы көз жетпес қиыр сағымдап, заңғар аспанмен тіресіп, көгілдір аспанмен астасып жатыр, көк-жасыл шабындықта шөп орған, тырма тартқан, шөмеле жинаған, бір кісідей жұрттың жігер қимылымен көңілді көк бояу ашып көркем көрніс тапқан.
Әбілхан Қастеевтің 1931 жылы салған «Автопортреті» дер едік. Ол кезде Әбілхан жиырма бестен жаңа асқан жігіт. Автопортреттен бізге қарап тұрған көз жанарынан өмірдің ащы-тұщысын татқан, ақыл-ой санасы өскен жігіт кескінін көреміз. Үстіндегі жұпыны, жадау сырт киімі, алабажақ бөкебайы, құлақшасын көтермей баса киген тымағы, сол кездегі қазақ жұмысшысына тан сымбат. Тік қадалған өткір көзі, жабыңқы қабағы, кеберсіген қалың ерні, шығыңқы жақ сүйегі, шымыр күш ұйалаған ұзын иегі, маңдайдағы ерте тұскен қатпар әжімі тағдыр тауқыметі мен өмір талқысын көп көргендігін аңғартады. мұнда әр түрлі бояулар қосылып, үйлесім тауып қабысып, сол кездегі қазақ жұмысшысының қйтпас қайсар, күш-қайратын бейнелейді.
Суретшінң өміріндегі жаплы тұрмыс, күш қуатын жұмсаған ұлы еңбектерінің бірі, «Турксиб» туралы жазғандары еді. бұл картинаны ол 1932 жылы салған еді. қазіргі кезде бұл туындыны оқулық беттерінен көріп жұреміз.
Көрермен қауымның ақылы мен кеңесіне, сыншы жұрттың ой-пікірімен санаса білетін сырбаз мінез Әбілхан Қастеев картинасын өзінің ой елегінен өткізіп, 1969 жылы қайта өңдеді. Шын шеберліктің сырын түсінген салдарлы суреткер сол бір дүркіреген Турксиб даңқына сай түрлі бояумен әрлендіре түсті. Алғашқы акварельді суретте түтіні будақтаған паровоз меңіреу даланы ойатып, арқырап келеді. Кезінде « от арба» атанған бұл алыпқа түйеге мінген қазақ қарты қолын маңдайына көлекейлеп, таңдана қарап тұр. Мұндағы қоңырқай, сарғыш бояудың көптігі тусыраған сартап даланың сипаты. Ал, кейін бұл «Турксиб» көрнісін түрлі бояумен айшықтап,айқындап аша түсті. Алдыңғы фондағы аттылы-жаяу адамдардың, балалардың қимылы, жүріс тұрыстары, сайын даланың сан түрлі бояауы керемет көрніс тапқан.Мұнда жер апшысын қурған алғашқы поезға таңырқаудан горі, үміт, қуанышпен қарсыалу шаттығы сезіледі. Дәл осы көрністі «қазақ фильм» киностудиясының «Транссибирь жүрдек поезы» көркемфильмінде көрсетем деп, режиссер әптен әуреге тұскені бар…
Шынайы шығарманың әсері қаншама десеңізші! Әбілхан Қастеев өз халқының өткен қасіретімен, өзгерген өмірмен біте қайнасып өсті. Ескі мен жаңаны жіті аңғарып, ажыратып, оған зерделі көзбен қарады. Өмір шындығына деген оның осы көз қарасы бізге қымбат әрі маңызды.
Ол ескіні жеріне жете жамандап, жаңаны тым асра дәріптемей, әр жылдардың өзіне тән қарапайым бар көрнісін көз алдымызға тартады. «Радио тыңдау», «сүт фермасы», «колхозшылар жаңа тұрмысы», «Колхоз тойы» секілді картинада советтік өмірдің өзіндік жаңалықтарын қысқа да тартымды ғып бейнелеген.Бұл сурет фотокөшірме емес, әр түрлі бояулармен өрнектеген шындық шежіресі іспетті.
Ол бізге есгі өмірдің елесінен шежіре силаған шынайы суреткер. Отызыншы жылдардың өзінде бұрын аш-жалаңаштықтан, азаптан тартқан дертіне қарамастан, көптеген суреттер салды.
Өксігі мол өткен заманның халққа тигізген азабын, қоғамдық теңсіздікті « Бай мен кедей құдық басында», «Тасаттық кезіндегі молда» секілді сюжет суреттерінде сарказм мен мысқыл мол. Ескі заманның сұрқиясиқын кейбір адамдардың бойындағы қылықтарынан байқаймыз.
Бір ғана «сатылған қалыңдық» атты суретінде сол кездегі әйелдер теңсіздігін, қалың малға сатылып қор болған жас ару қыздың ауыр халі, көңіл күйі бейнеленген. Қалыңдық өз әкесіндей шалға зорлқпен көніп, жек көрініщті көзбен қиыс қарап, ат ұстінде әрең келе жатыр. Зорлық иесі бай ат ұстінде көңілі жәй отыр. Оған оқтала қараған қыз ұстаушы кемпір кейпі де әйелдер теңсіздігін айқындайды. Тау арасы күңгіріт бояумен суреттеліп, сол заманның «Қыз жолы жіңішкелігін» тау ішіндегі бұраң тастақ жол бедері аша түсген.
«Ересектерге арналған кешкі мектеп» (1941) картинасы тым кеш оқыған суретшінің өз басының тағдыры деп білеміз. өйткені Әбілхан жиырма бестен асқанда барып оқуға түскен. Өз тағдырын бейнелеген сурет.
“Әбілхан Қастеевтің заттарды табиғи күйінен айнтпай салған, керек десеңіз, оларды жыр-өлеңге айландырып жіберді. олр «көкпар», «тау табиғаты», «Шежін өзені», «Қой өрісі», «Қыз жібек күймесі», «Бие сауу», «Бесбармақ», « Кедейді ескі мектеп есігінен сығалатпады» атты суретерінде осы ойлардың ұштығы байқалады”. ( «Әбілхан Қастеев». «өнер», 1986 жыл, 9 б.) Кейін оны жасандырып, жандандырып әр бояуды құлпыртып,тіл бітірді.
Әбілхан Кастеев- бейнелеу өнерінің жанырлық жағынан жеделде жан- жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.
Ол Октябрь тудырған көп ұлтты өнерге өзіндік қол танбасын қалдырды.Творчестволық жолдармен әдістер туралы айтсақ, Әбілхан Кастеев- суреткерлік азматтықты арындай сақтаған суретші. Ол қаншама жылдар бойы тіккен боп жабысқан түрлі «изімдердің» бірде-біріне еліккен жоқ. Халықтың қадырын, елінің ерлігін,адамдардың арын, жаңа заман, жаңа адам тұлғасын, ересен еңбегін, биік мақсатын көрсете білді.
Совет өнерінде ол тарихи революциялық полотноның портреттік жанордың, лирикалық көріністердің авторы, хас шебері болып қалды.
Тағы бір өмірінің үлкен белесі болып қалған “1939 жылы салған Амангелді портреті болып табылады. Әбілхан Кастеев сол жылы бірде – бір суреті болмаған халық батыры Амангелдінің портретін жасауға тауекелмен Торғайға аттанды.Ай бойы ат арылтып, Аманкелдінің ауылын,жүрген жерін аралап, көз көрген адамдармен, сарбаздармен көзбе көз сұқпаттасты. Түр-пішінін, тұлғасын сұрап біліп, кескіндеп, жұздеген жоба жасады. Ақыры батыр портіреті пітті. Бірақ көз көрген бірнеше адамдардың ғана емес, суретшінің де өз көңілінен де шықпады. Автоор бұл тақырыпқа тағы қайта оралды. Ол Амангелді туралы ел аузындағы аңыз-жырға ғана сүйеніп қалған жоқ, атының тұяғы тиген, алмас қылыштың қаны тамған татрлы даланың бедеріне дейін барып, көңілге тоқып, ақ қағазға түсірді. Бұл кезде елдің ері Амангелдінің ерлігін бүкіл еліміз батыр туралы түсірген филімнен көріп жатты. Ардагердің атағы бүкіл жалпақ жұртқа жайілді… Өлең-жырға, әнге айналды. Бірақ батыдың шын тұлғасы, бейнесі әлі беймәлім еді. Сол себепті республика үкіметі халық батырының бейнесін жасауға конкурс жариялады. Оған таңдаулы деген өнер иелері қатысты.Арнайы көрме ұйымдастырды.
Осы көрмені өкімет басшыларыкеліп көрді. Әбілхан Қастеев ауыл-елдегі Амангелдінің ағайын, тустары, серіктері дән риза болған кейінгі портіретті бәйгеге қосты.
Амангелді Имановтің үзенгілес серігі, роволюционер Әліи жанкелдин бұл псртіретке ықыласы ауып, ұзақ қарап, батырмен жүздескендей болды.
- Бәрекелді! Ерлік жасапсың!.. Досымды енді іздеп таптым. Басқалардың суреттерінен гөрі мына сенің Амангелдің көзіме оттай басылды. Бет-бішіні, түрі, тұлғасы, мінезін түгел тауыпсың. Құдді өзі!- деп қуанып, Қастеевтің қолын қысты”.(«Әбілхан Қастеев», Альбом, Алматы, 1986жыл. 10 б.).
Ақ семсерін асынып, қыран көзінен жауға деген от ұшқындаған, соңына саң мың сарбаз ерткен батырдың алып тұлғасы сол кезден күні бүгінге дейін бірнеше ұрпаққа рухани әсер етіп келеді.
«көрермен болып қалар ем , бір ғана суретіңе»- деп ұлы ақын пушкин айтқандай, осы бір бортіретпен суретші бүкіл қазақ елін қуантты. Одан кейін жазған « Қызыл армияның құрылуы», «Қазақ көтерісшілері», « Амангелді жорығы», « Торғай жорығы», « Амангелді сарбаздары» атты картиналары батыр тұлғасын ірілетіп қана қойған жоқ, тұтас бір батырлы жанрға ұластрды. Әр кезде бейнеленген батыр портіреттері серияларға, фрагменттерге бөлінді.
Ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында Қастеев тек қылқаламмен елін қорғалы. тұтқиылдан тұтанған соғыс өртін, күңіренген қалың елдің күресін, «күз» атты картинаснда жақсы бейнелеген. Қоңыр аспанды қою бұлттар қаптап, долы жел жасыл желек жапрақтарды жұлып, терең тамырларды жұлқып,бақ іші сидам тартсада, ағаш иілседе, діні сынбай тұр. Бұл халықтың бірлігін, тұтастығын, қайсарлығын танытады. Саны сиресе де, сағыны сынбаған құдіретін паш етеді. ҚазТГ арқылы саяси-әлеуметтік тақырыпқа, отан қорғау тақырыпқа, сондай-ақ, карикатуралық, сатиралық суреттер салып, фашистік қан құйлы жаудың жауыздығын әшкерлейді.
Біздің бейнелеу өнерімізде, сынт сурет саласынының тұңғыш тұсауын кескендердің бірі — Әбілхан Қастеев. Осы еңбектері үшін ол қзақ СССР інің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағына ие болды.
Портырет жаныры қашанда таланытпен тәжірибеден туындайды. Әбілхан Қастеевтің адмдары әрдайым туған жерімен тамырлас, өмірмен, өзектес, төл ұғымға тән бояумен бейнеленеді.
Ұлы ақын абай, жыр атсы Жамбыл, мархабатты Мұқтар, батыр Бауыржан бейнелері соның куәсі. Ол одан бұрын өз анасының, Шоқанның, Тоқаш Бокиннің, Мәншүктің және басқада ондаған еңбек ерлерінің тұлғасын табиғат ортасында дәріптеді. Әр-бір адам – ол үшін бір әлем. Ақын, батыр, қоғам қайраткері, ғалым мейлі қарапайым колхозшы болсын, оның әр бір адмы тек өзіне үқсайды. Портрет адам жан дүниесінің документі. Суретші ең алдымен өзі салатын адамның жан дүниесіне терең үңіліп, мінез-құлқы, табиғатын танып біледі… Сезім күйін, ішкі жан әлемінің әуенін жеткізеді.
Әбілхан Қастеввтің адмдарының тұла бойынан,қарапайымдылық дидарынан мейірім мен шапағат шашылып тұрады. Бірде-бір суреті болмаған Амангелдіні ғана емес, ертеректе біржан, Балуан шолақты, кейін Сүйінбай бабамызды бұгінгі ұрпаққа қайта тірілтіп әкелгенін ерлік деуге болады. Суретші ол үшін қаншама ізденді, тер токті десеңізші!…
Ослай, ел мәртебесін көтеріп, көсегесін көгертуге өлшеусіз үлес қосқан Әбілхан Қастеевтің еңбегіне елі риза. күні кеше ғана шоқайын сүйретіп, сиыр, қой бағып, жаркеніте кісі есігіне жалшы болып, кейін жол салған жұмыскер Әбілхан қырық жасында атақты суретші атанды. 1944 жылы оған қазақ ССР-інің халық суретшісі деген құрметті атақ берілді.
Көңілге көргені мен тоқығаны көп, аңғарлы азаматтың сауатының аздығын әр саққа жүгіртіп, алыпқашпа аңыздар да шыққан кездер болды. Ол, әрине, көкірегінде, көңілінде сәулелі ойы бар суретшінің еңбекқорлығын күндеушілердің күңкілі еді. Ол арнайы академия, инстут, тіпті, мектеп қабырғасынан түбегейлі білім алмаса да, өз жерінің шежіресіне, өз халқының тарихына қанық еді. Не бары екі-үш кластық біліммен уақыт көшінен қалған жоқ . Оған дәлеліміз – суретшінің тамаша еңбектері. Барлық еңбектерін хронологиялық әдіспен тізсек, Әбілханның өміріндегі өзгерістер мен оқиғалардың бірде-бірінен қалыс қалмайды.
« Жаңа заман өмірді де, адмдардыда өзгертті. Халық өмірінен тыс қалу — өнерден де тыс қлыу. Өмірді, өзіңді қоршаған ортаны білмеген адамға өнер деген қасиет қалай қонады!»- дейтін суретшінің өз қағидасы бар.
Уағыт талабында ұғып, өз жүрегіне жақын тақырыптарға бар өнерін айамады. Ауыл тірлігіне, колхоз өміріне, дала өміріне арналған « Құрметті базасы», « Жайлаудағы табын», «Еңбек ерлерінде қонақта», «Жайлаудағы радио», «Қызыл отау» секілді полотнолары көрмен залынан түсіп көрген жоқ.Суретші бұл туындыларында бейне бір кешегі,бүгінгі ауыл өмірінен әсерлі әңгіме шертіп отырғандай,көрерменді өзіне баурап алады.Осы тақырыптардың негізінен туындаған,формасын,тәсілін тапқан сериялық топтамалары тығыз денамикалы, кең өрісті,тынысты бояулармен шешім тапқан.
Мөлдірлік пен тазалыққа,іңкәрлікке толы осы тақырыптық шығармалар өзінің нанындылығымен тебірендіреді.
Орайы келгенде айта кету керек,кезінде: «Кастеев ошақ басынан шықпайды», — деп қиыс қарап,сынаушылар болды.Ал, Әбілхан оларға: « Ошақ басынан басталмаған өнерде жылылық болмайды», — деп жауап қайтарды. Оның өз жумыстарынан да байқатты. Осы жаңғырған, жаңарған ауылдың тыныс- тіршілігін бейнелейтін полотнолар, шын мәнінде,шамырқанған шабыттантуған. Сондықтан жүрекке жақын,көнілге жылы әсеретеді.Әр бір бояудан адамдарының жасампаздық рухы сезімді шоқтай шарпып өтеді.
« Қазақстан жерінде», « Советтік Қазақстан», «Тың жер», секілді табиғатты кестелеген тақырыптық серияларын толғанбай көру мүмкін емес. Әсіресе, осы сериядағы көрерменді ынтызар ететін « Таулы жердің тыңы», « Егін орағы», « Алтын дән», « Шалкөде жайлауы» картиналарында өмір шындығы мен ерен еңбек табиғаттың түрленуімен астасып бейнеленген.Нақтылық, тиіптендіру тәсілі жаңа кырымен ашылып, сонылық байқалады. Бұлардан өзгерген, өркендеген атамекен даламыздың ақ бидайының алтын шуақты сәулесі шашырап, жазиралы жайлауының жусан иісін сезгендей боласын.
Суретші көп жылдар брйы жері бай, елі бай, Қазақстанның аппақ қарлы асқар тауын асып, алма бағын аралап, күнгейімен теріскейін түгел аралап, тасқынды өзенінен өтіп, жауһаз жайлауының төріне шығып, жаны жаңғырып, жолаушылап көп жұоетін. Қырмызы қызғалдақты кохоз қыры,ақ бидайлі аулы, түскейі толы төрыт түлік, жайлау даласында болып, шабытты күй кешетін.
Әлемге әйгілі американдық суретші Рокуэл Кент: «Қастеев шығармаларын көріп, кең байтақ Қазақстанды аралағандай болдым», деп бағалауында үлкен мағына бар.
Бұл сериядағыәрбір полотнода адмдар, заводтарт, алып техникалар текплакаттағыдай емес. Ірі планда, фонда болсын одан өмір тынысы сезіледі. Суретші әрбір картинасында жоқтан өзгені тықпалай бермейді. Әрқашанда оның негізгі обьектісі- адам. Үлкен құбылысты, алып құрлысты көрсеткенде, көрерменге әсер ететін ерекше, өркешті деталді ескереді. Сондықтан да сурет бедері айқындала түседі.
Әбілхан Қастеевтің өндіріс ошағы, құрлыс орны, жайлау төсі қай- қайсында да болсын еліміздегі тарихи ұлы оқиғалардың жалын оты жарқрап, келешек ұрпақтарға сөнбей жетеді. Болашақ ұрпақ үшін бұл оқиғалар аңыз болып қалады. Осы топтама сериялары үшін суретші Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақ СССР Мемелекеттік сыйлығына ие болады.
«… Суретші көңілінде мәңгі үйалап қалатын бір сезім болады. Ол қуаныш сезімі . Қыл қаламды алғаш ақ қағаз бетіне тартқаннан бастап, қашан қуат кеткенше сол сезім сенің өн бойыңнан арылмайды. Ол қуаныш әуелі суреткер бойындағы өмірдің ізденгіш табиғатынан туады. Соның мейлі қай тақырып болсада, халық өмірінің шаттығы ма, елдігіме, әлде өрлігі ме, әйтеуір осының барлығын қайтадан полотнода тірілте алғандығына қуаншты. егер шын дарын иесі болса, әр шығармада суретші бұл сезім сан толқытып, сан бунайды. Ақыры, автордың сол сезімі- арудың ақ жүзінде, сәбидің пәк күлкісінде, болатшының жіпсіреген маңдайының мөлдіреген жалғыз тамшы терінде, қопарылған борозданың қыртыснда, көк майса жайлаудың құлпырған реңінде қалады. Қуаныш- қуаныш шақырса ғана қуаныш, сезім ойатса ғана қуаныш. Егер олай болмаса ше? Ендеше ол суретші не дарынсыз, не өтіркші, жалған иллюзияның соңына түскен көз бойаушы.
Қастеевтің өнердегі мұраты, поэтикасы да, халық әні секілді, құлаққа құйлған сыры да, міне, осында!
Жоңғар алатауының төрт маусымын кестелеген төрт туындысы- суретшінің жан сырының сәулелі нұры, шамырқанған шабыты, биік парасаты.
Әсіресе, Алматыдағы биік таудағы Медеу мұз айдынының, жұмақ жер есік көлінің селден бұрынғы келбеті мен көрнісі кімді қызықтрмайды. Оның «Есік көлі», «Биік мұз айдынында», «Мұз айдынына барар жол» живописьтік әсем суреттері, басқа да Қазақстанның көрікті жерлеріне арналған акварельдерінде нәзік лиризм желігі байқалады.
Қастеевтің қайсы бір табиғат көрністерін салған суреттерін салғанын көрсеңіз де, олар бір-бірін қайталамас көркімен көз жауын алып, көңілге жылы үйалайды. Жыр болып төгіліп, өлең болып шалқып, күй болып төгілгендей таңырқатады. Қастеев қаламының тағы бір құдыреті осында.
Әбілхан Қастеев қазақ елі алдындағы ең құрыметті , ең силы кісі болды. Ол 10 жылдан астам уақыт Қазақстан Суретшілер одағын басқарды. Екі рет Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болып сайланды . Қазақстанның қоғамдық және мәденй өміріне белсене ат салысып араласты.
1960 жылдары қастеев өнеркәсіптік пейзаж- жаңа тақырыпқа бет бұрды. Көз алдында етек жайған ұлы жеті жылдық құрлыстарын бейнелеу – көкке шаншылған көтергіш крандардың мойындары (Руда алу фабрикасының құрлысы, 1960 ж.) терең рудалық карьерлер таудан құлаған өзендердегі тосқаулар мен завод ғимараттары бола тұрсада да Қастеев өзінің негізгі тақырыбын туған өңірдың жаңарған табиғатын алып өнер кәсіптің көлеңгелері арасынан көре білді. Жаңа тақырып Қастеев палитрасына да өзгерістер береді. Нәзік өрнекті күмістей өрілген түр-түс қосындылары сол « өнеркәсіптік» табиғатты кескіндеп жатты.
Ауыл шаруашылығына келе бастаған жаңа технологиға « жүгері заводының жалпы көрнісі», «Ауыл шаруашылығындағы авиция», (1962), суэлектір стансиаларға « Болашақ Қапшағай ГЭС-і» арналған (Қазақстан байлығы) атты топтама суреттер дүниеге келеді. Бұл еліне, жеріне деген ыстық ықласпен, оның еңбек жемістерін уақытында бейнелеп қалуға деген талабынан туған. Сондықтан біз Қастеев шығармаларын ерекше көркемөнерлік құжат екенін мойындаймыз.
Қазіргі халық суретшілері Хакімжан Наурызбаев, Молдахмет Кенебаев, Гүлфайрус Исмаилова, Үкі Әжиев секілді іні-қарындастары Әбілхан Қастеевтің шәкірттері. Өзінің туған балаларынан артық көрмесе, кем көрмеген, бірінен-бірін бөле жармай, әрқайсының оқып, білім алып, өнер жолында адал қызымет етуге көмектеседі. Олардың өмірдегі әр қадамын, өнердегі жүріс- тұрысын жіті бақылап, жақсылығына жүрек жара қуанып жүрген қария, шын мәнінде, шүлен тартқан шал сиақты еді. Оның суреткерлігі мен азаматтығы бір тұтас болатын. Өзінде барын өзгеден қызғанып көрген емес. ол бойындағы бар қабылет, дарын, талапты жастардың ізгілігіне арнайтын.
Әбілхан Қастеевке халық халық құрыметі, атақ- даңқы аспаннан түсген жоқ. Ол бейнелеу өнерінің бейнетін кешті. Нңбекпен зейнетін ұқты. Өмірінің соңғы күндеріне дейін мыңнан астам туындылар жасады. Газет, жорнал беттерінде шығармалары талданып, өмірі мен өнері, өнегесі туралы кітаптар жазады, деректі кинофилым түсіреді.
Өзінің көзінің тірісінде 200-ден астам көрмеге қатынасады. қай көрмеге қойылсын, оның шығармалары өз ұлтының ұғымна тән бояумен, талап- талғаммен бейнеленеді. Қылқалам тілімен шерткен шежіресі, қай елге болсада таңсық. Қастеев туындылары өз отанымызда ғана емес, АҚШ, Канада, Бразилия, Франция, Индонезия, Үндістан, ГДР, Венгрия, Югославия, Полша, Болгария, Моңғолия сиақты шетелдерды шарлап кетті.
Әбілхан Қастеев – Біздің республикамыздың өнеріндегі өте сирек кездесетін дара тұлға. Оның шығармалары халықтың руғын, сезімі мен ойын білдіреді. Суретшінің өте терең ойлауы, ақылдылығы, кішпейілдігімен қалжыңдап сөйлеуді ұнататындығы – осының бәрі халқымыздың бойындағы бар қасиеттер қой. Сонымен бірге Қастеев интернационал суретші, оның адл, шынайы шығармаларын барлық халық жақсы біледі. Ол туған республикамыздың өнерінің асыл қазынасына баға жетпес ұлестер қосты. бейнелеу өнеріміздің ұлттық тақырыбына жаңа бір бағдар иен өзгерістер алып келіп, бейнелеу өнеріміздің дамуына ұлкен даңғыл жол ашып берді. Ол өзі көз жұмсада, оның артта қалған еңбектері, кейнгі ұрпақтардың жадында мәңгі сақталып, олрдың өнер жолындағы бағыт бағдарларын көрсетіп береді. Қазақстан бейнелеу өнері үшін бүл сарқылмас қайнар бұлақ. Әліде мәуелі жемісінен нәр алып тұрамыз.