Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріне келіуі

Қазақстан бейнелеу өнерінде көпшілікке есімі мен шығармашылық тағдыры қызғылықты таланыт иесі аз емес, солардың ішінде Ә. Қастеевтің көптеген себептермен алдымен ауызға аламыз. Әрі суретші шғармасын бұрынғы деңгейде қарап қоймай, бүгінгі көз қараспен қайта үңіліп, оның өмірлік және шығармалық жолына көз жүгіртіп тұлғалық таланыттың мәні мен күш қуатын толығырақ сезінуге болады.

Арғы ата-бабалары, өзінің әке-шешелері диқандықты кәсіп етіп, еңбегін емген жарлы-жақпайлы қарапайым от басы. Әкесінен тым ерте айырылды. тағдыр тәлкегі оны сегіз жасында қыспаққа алды, табанынан тозып сиыр бақты. Шоқайын сүйретіп, күн шықпастан Шежіннің өрісіне сиыр айдайтын. бірақ осы бір жапа машақ жұмысқа бола, өзін қажытып өнбей өшкен жоқ қайта күн сайын аңғарлы өзені арқырай ағып, қыраны қалықтаған қүз-қиасы күн сәулесіне шағылысып, түрлі реңгі түске боялған, тік шаншылған шыңдағы шынарлар мен сыңсыған самырсындар, аспанға тірелген асқар шыңдар тәнітті болып, олардан тамаша әсер алып, болашақ кәсібіи өнерінің алғашқы елестерін көз алдында қалыптастыра берді.

Табиғат шіркін адамды әлдилеген ана ғой. Оның таң ала көленгедегі тамылжытатын боз торғайының үні, салқар соққан самалының қоңыр лебі, желбіреген желбіржекені, жұпар аңсыған жусаны мен жуасы, ойға ой қосады, сананы сәулелендіреді. Сол табиғат ананың ертегідей елітіп жаратылыстың таңғажайып құбылысын көріп дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алмаған адамның көкрегі шемен, Құлағы керең, жан дүниесі жарым жан болып қалмайма? Қаршадайынан ел арасында «Көзінің айнасы бар бала» аталған Әбілхан, тамашасы таусылмайтын осы бір тілсім табиғаттың сан түрлі бойауын санап, түрлі ағаш атаулы, жан-жануардың, өсімдіктің, тіпті, топрақтың түр түсін саралап өсті. Тілсім табиғат айнасынан, жалыт еткен көрністі қалыт кетірмей бақылап, көңіліндегі көп ойдың қоржынна салып отырған. Осы ойға жиналған көркем көрніс көреген көздіңқалтарысында қалып қоймай болашағындағы тамаша пейзаждарының таптырмас искіздерін жадысында жазып жүрді.

Өнері өміршең, табиғаты өзгеше жаратылған Әбілған Қастеев бір туар тұлға. Бейнелеу өнерін бедерлеуде ұлттық ұн қосқан ұлы суретші халқының өмір тіршілігін қаз қалпында бейнеледі. Өткен өмірдегі салыт- дәстүрлер, наным – сенімдер түрлі ырымдарды өнермен сабақтастыра білді. Оған шағын мысал ретінде суретшінің бала кездегі қызғылықты өмірін қыстыра кетуке болады. «кейін қойшы бала қойларын бір сәт жусатып тастап, жықпыл бойлап, аңғар аралап, асыл тастар іздеп, одан қойнында «қалашы» мол әжелерге, әсемдікке құмар әпеке-қарындастарына ұршық қуршақ жасап, түрлі моншақты маржандай тізп әкеп жүреді. Оның бұлақ басы болған бүл өнеріне әркім ақ қызыға қарайтын. Бірте-бірте ол тастан қашап түрлі мүсіндер жасауды үйренді. Алаң көңілді көкейін осы бір өнер кескен бала ұсталыққа, Зергерлікке аңсары ауып, бас көтермей талай рет алдындағы қойынан айрылды. Өзі қорлық көркен бай мен молдалардың мүсінін жасады. Одан жүрыт жағасын ұстап шошыды. Осыншама өмір қыспағына түссе дағы, өзінің өмір жолынан ешқандай адасқан жоқ. Бұдан сорақы болғанда «Әкет бәлекетті»,- деп, ағалары тер төккен тастарын шашты. Елді бұзар, шала сауат сәлделі молдалар: «Тірі адамның суретін салу күнә, кейін ақретте оған жан бітір деп қинайды»,-деп, бала талабына таң қалған жұрттың өзін қорқытты. Осы «күнәсі» үшін, ол талай рет сойдғада жығылды. бірақ асау ат жалынна жармасқандай. арманынан айрылмады. «өнерлінің қолын ұста, өнегенің жолын ұста»,- деп, Түргенбай зергерді ұстаз тұтады. Ослайша халық өнерінің қайнар көзі болған қолөнердің ғажайыптарынан сусындаған Әбілхан текемет, киіз басып, алаша тоқыған әжелері мен апаларының, әпегелері мен қарындастарының дала әуеніне толы әсем ою-өрнектерінен әсер алып, оны көңіліне тоқып, көкірегіне ұяалатып үсті. Суретші өз бойындағы бурқаған талабымен тек ауыл арасында ғана көрініп жүрді, әже апа, әпекелеріне ою-өрнек сызып беріп, түрлі әсем бұйымдар жасап алғыс алса, қайсы бір кертартпа жұрт оның өнерін құбжық көрді. Бірақ ол бұған бола салынын суға кетірмей одан ары шыңдала, шынығып шыға берді».  ( «Әбілхан Қастеев» Альбом. Алматы 1986. 8.б ).

Біз бұлан нені аңғара аламыз, меніңше бұдан Қастеевтің әр қашан алған бетінен қайтпайтын қажырлы қайратын көруге болады, әрі суретшіні таза қазақыи өнердің арасында өсіп, сол өнерден тамыр жайып қаулай өскен тума таланыт иесі екенінкөруге болады.

Ә.Қастеев еш қашан иен даладағы тоқтау судай бір жерде қаңсып қалмай, өн бойындағы өнерге, өмірге деген көз қарасын кеңітіп, арман жолын ары қарай жалғастыру үшін, ол алғаш рет ауылдан аттанды. Аттанар алдында 13 жыл қой бақтым. Енді оқимын, Тайақ қуат болсада мұрат емес!- деп ақ тайақты лақтырып тастап, Жаркенітке жайяау жол тартады.

Арман жолы әр қашан оңай болушы меді, әр қандай өнерге келуші адам басында өмірдің ашты тұштысымен азап тозағына ілінетіні айтпасада белгілі, бірақ одан тартынбаған, бағыт бағдарын берік ұстай алатын адам ғана, қамалын бұзып шыға алады. Я дәл осындай тағдыр Қастеев өмірінде көп жолықты. бірақ оған арланбады. Жаркеніттегі бір татар байына жалшы болып, ауласын сыпырды. Біршама қала өмірімен танысып, тіршілігіне үйренеді Ослайша жүріп, сурет өнеріне, тіпті қатты аңсары ауады. Бірақ оған керек қағаз, бояу қайда?… Қаладан табылады, бірақ оған керек ақша қайда? Тапқаны тек тамағына жетеді, жан бағумен жанталасып жүр.

Талапты жас өнер мұраты үшін ештеңеден тартынбады.Татар байының жалғыз атты арбасын жалдап, бөшкелеп мөлдір бұлақтан су тасыды. Екі бетінен нұр тамған жігіт: «кімге су керек», деп көшені басына көтеріп айқайлап, шелегін бір тиннан сатып жүрді. өстіп тапқан азын-аулақ тин тебенге қағаз, бояу сатып алды. Содан кейін бояуларын жер майға араластырып, езіп, ұзақты күн, тіпті, таң атқанша сурет салып әуре болып жатты. Кейде: «Шамның майын» құрттың деп, қожайыннан сөз естіп қалған күндері де болды.

Біз бұдан Ә. Қастеевтің қай қырын сезе аламыз, меніңше Қастеев еш қашан өнерді, әлде бір алдамшы тірліктің қалқасында қалдырып қоймаған, қайта тіршілік тырбыңы тіріп еткізбей өзіне мойынсал қылмақшы болса да, оған қарсы дауылпаздай апға қарай ілгерлеп толқынын жара тоқтамай, өнер жолында ізденумен болды.Бұған мысал ретінде біз бұған мына бір өмір тарихын айта кетуке болады.

“ Әбілхан Қастеев Кейін есті біреулерге еріп, Жаркеніттегі жол құрылысна жолшы болып кірді. Бір іске кірісе білек түрініп, белсене жұмыс істейтін. Әбілханның бейнетқорлығы бала жастан бойына біткен асыл қасиет.

Жолшы болып жүріп, жолы болды, еңбегі еленіп, сыйлық алып, «Құрмет тақтаға», суреті ілініп қана қоймай, ізгілігі бар бір кісіге жолықты.

Ол Жаркеніттегі фотограф С. Саламатов еді, Саламатов Әбілғанның салған суреттерін көріп, өзінің ақыл кеңесін береді. Фотография мен бейнелеу өнерінің айырмашылығын ұқтырады. Содан кейін көргенін түгел нақпа-нақпа көшіруден арылды. Бояуларға тіл бітіріп, сөйлетуге әуестенді. Осындай әсерлі суреттерін Әбілханның ықтиярмен сұрап алып, сол кездегі Астанамыз Қызылордадағы оқу бөліміне жіберген де сол азамат Саламатов еді” («Әбілхан Қастеев». Альбом. Алматы.1986. 8 б.) Осылайша жанашыр өнер сүйер қауымдарының арқасында Әбілхан ақырын-ақырын бейнелеу өнерінің асқақ белестерге шыға беруге жол ашылды.

Сүретші тамшылаған ащы тердің, нағыз бейнеттің не екенін тау қопарып,тас жарып,Түркісібтің темір жолын салғанда білді.Ол еліміздегі алғашқы бес жылдықтың осы алып құрылысында, Айнабұлақта жұмыскер ғана аталған жоқ.Жол бойындағы үлкен жар тасқа  Лениннің портретін арба доңғалағының майымен салып, жұмысшы жұртын таңғалдырғаны бар.Әбілхан қайда жүрседе еш қашан өз бойындағы екінің біріне бере бермейтін, асыл қасиет – Суретшілік өнерін жерге тастап, жиркене қараған жоқ, қайта осы өнері арқылы, айналасында жүрген адамдарға көркемдік пен өнердің әр қашан бір тұтас тұлға екенін ұғындыра білді. Сонымен қатар жапалы еңбек пен талпыныстың еш нәтижесіз қалмайтындығн терең ұғындыра білді.

Осы Түркісиб туралы Әбілхан көп жазған.Осы Түркістан-Сібір темір жолын салушыларға арналған. фильм бар. Осы туралы Ә. Бориев былай деп жазады “«Түркісиб» атты деректі фильмі-қазақ кино өнерінің тұңғышы.Әйтсе де,бейнелеу өнерінде дәл сол кезде өзге жұртты алып болат жолымен таныстырған Әбілхан Кастеевтің 1932 жылы салған « Түркісиб» атты тамаша картинасы”. (Ә. Бориев. «Суретшінің сыи алтыны». \өнер\. Алматы. 1986 жыл. 9 б.) Кәзіргі кездерде бүгінгі ұрпақ осы туындыны оқулық беттерінен көріп біледі. Әрі осы арқылы біз суретшінің әлде бір жәй көшірмемен жұртты таң қалдыру емес, қайта оның тарихи мәні мен зор құндылығы бар екендігін бірден аңғарамыз.

Әбілхан Кастеев Алматыға келіп,жиырма бестен асқанда қолына кітап ұстап,мектеп есігін ашып, не бары екі кластық білім алған.Талабы тас жарған Әбілханға қамқор болған,талантын дер кезінде таныған ізгілікті азаматтар көп еді.Сонын бірі Николай Гаврилович Хлудов.Ол Алматыда 1920 жылы ұйымдастырылган бейнелеу өнер студиясында сабақ береді. Н.Г.Хлудов өнерге құштар қазақ халқына қалтықсыз қызмет етті.Сонын бір дәлелі- еш бір арнай сурет мектебінен оқымаған Әбілханға сурет әліпбесін сол кісі үйретті.Жігіт бойындағы тума талантты танып:

  • “бұл өнерді қайдан,кімнен үйрендің?- деген сауалына

Әбілхан:

Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

 Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен.

-деуі шындық еді.Тарлан қарт өнерге құлшынған шәкірті бірден бауырына басты.Төл табиғат ортасынан ойып алынған суреттеріне сүйсіне қарап,өзінің қылқаламын сыйлайды”. ( «Әбілхан Қастеев». \өнер\. 1986 жыл.) Біз бұл жерден суретшінің тек қана сурет салумен шектеліп қалмаған әр қырынан көріне білетін таланыт иесі екенін айтпай ақ біле қойамыз. Сонымен қатар бұл жерде ерекше, жұрекке жылу, көңілге ой тастайтын тамаша жыр шумағы, бейнелеу өнерінің тұп қазығының қайда жатқанын, толық түсіндіретін ой толғау ретінде қабылдауға болады. Әрі біз Қастеевтің еш қандай мақсатсыз бейнелеу өнерін талдамағанын бірден аңғарамыз, сонымен қатар әр қандай өнер қоғамдық өмірмен тамылжыған табиғатпен етене байланысқанын суретші жаны терең сезіне білген.

Ә. Қастеевті табиғат пен қоғам үйретіп қана қоймай, айаулы ұстазы да көптеген бағыт бағдар сілтеп, бар білген ақылия сөздерін айтып, өнер жолында шабыттандырып отырған. Оған мысалы етіп айтып отыратын жазушы Стендальдың «Мәселе тек салуда емес,ойлана білуде», деген ақыл сөздері суретші  жадынан бір сәт шығарған емес.

Ежелден өнері тасып шалқыған қазақ халқының бейнелеу өнерін мұрат тұтатын бір суретші таптым! Осыған бақыттымын. Арманым орындалды.Ал Әбілхан, енді бұдан былай бұл өнердің көш бастаушысының! Сен салған соқпақпен талай талаптты талантар ереді. Сондықтан сенің арқалаған жүгің ауыр! – деп Хлудов қоштасарда оған көзіндей ғып қылқалам мен нұсқа кітабын, бояуларын береді.Ұлағатты ұстаздың үлгісін,тәрбиесін тәмсіл ғып, кеудесіне тұмардай ғып, кадірлеп еліне қайтады.

Осындай таланыт сәулесі оны жұрт алдына жарыққа шығарады. Әбілхан Алматыда өткен республика өнер байқауының І сілетіне қатынасып, бәйке алады. Жаңа замандағы жаңалықты, бейнелеу өнерінен жарып шыққан таланыт екенін қазақ елімізге пәш етеді.

Әбілған Қастеев өз бетімен білім алып, ізденуден жалыққан жалққан жан емес. Өздігінен, өрлігімен Москуаға оқу іздеп барып, меселесі қайтып мұқалсада, талабынан таймады. СССР халық ағарту комиссариатына барып, ұлағатты үлкен ұстаз Надежда Крнстантиннована Крупскаяға жолығып. Халық творчествосы үйінің көркем өнер студиясының кешкі бөліміне қабылданады.

Москуа музей мен галереясынан, озық ойлы суретшілерден алған оның тәлімі мен талғамы өмірге деген көз қарасын ұлғайтты. Ой өрісі өсті. Осы жылдарда салған суреттері терең мазмұнға құрылып,көрерменнің көңіліне түрлі ойлар салды. Халық өмірінің шынайылығн шын шын шеберлікпен көрсете білді.Бірақ оның адамдарға асқақ, айнала қоршаған құбылыстары шектен асқан керемет емес, керісінше қарапайым көрінеді. Олардың бойында күш-жігер, болашаққа деген үміт толы, жақсылққа жаралған жандар еді. Әрбір суретіндегі табиғат көрінісі мен адмдар бейнесінде күш нұрынның шапағатты секілді сәулелер ұшқын атып тұрады. Ол қандай адам, нендей нәрсе болсада оны табиғат күйінен айнытпай,көркемдеп,керек десеңіз кұйылған жыр өленге айландырып жібереді.

Ол ослыайша бейнелеу өнер саханасына қадам тастады. Өзінің қаымас талмас ақыл қайратының арқасында, әрі талмас қанат, мұқалмас жігердің арқасында, тоқталмас ізденгіш қасиетімен ақыр-айағыосындай ұлы өнердің шың биігіне, талпынып, тарихи төріне шығып өшпес із қалдырды.