Баланың қоршаған ортадағы жақсылықты көру, қабылдану нышаны бөбектік шақтан – ақ байқалады. Оны дамытып кемелдендіру, шығармашылыққа баулу, бақылап сезген, көрген адами болмысты терең түсіну, өміршең ету отбасы және балабақшадағы тәрбие үрдісінде іске асырылады.
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тарихи — әдеби мұралар арқылы балалардың жеке басының қасиетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлгенін ғылыми зерттеу еңбектерден аңғарамыз. Балаларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастырау жағдайында белгілі бір жүйе немесе нақты белгілер болуы қажет. Бұл жағдайда оқу – тәрбие үрдісіндегі педагогиалық шарттардың мәнін ашып көрсету өте салмақты орын алады. Құндылықтарды игеру механизмі адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағы адамның өзін — өзі тану барысында жүзеге асады. Оның алғашқы денңгейі – игеретін құндылықтардың мәнін ашу нәтижесінде адамның адамгершілік құндылық бағыттарына ие болуы. Соңғы жылдары білім беру жүйесінде елімізде жүргізіліп жатқан реформалық үрдістерде құндылықтарды қалыптастырудың психологиялық механизмі тәрбие үрдісіне жеткілікті түрде бағытталмаған. Тәрбиешінің білімі мен белгілі тәрбие үрдісінде балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыруы керек. Адам бойында жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуы ізгілік мәдениетінің негізін құрайтын гуманистік құндылықтар жүйесін меңгерумен байланысты. Осы тұрғыда Л.Выготскийдің еңбегіндегі «Баланың мәдени дамуы кез келген екі түрде пайда болады. Біріншісі — әлеуметтік, кейін психикалық» деген пікірі көп ойды аңғартады.
Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағы балалардың өзін-өзі тануы жүзеге асатын тәрбиенің басты түрі: құндылық жағы басым тәрбие үрдісі болып есептеледі. Тәрбиенің бұл түрі іс — әрекеттік жағынан жүзеге асады.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми педагогикалық тұрғыда жүйесін жасаған Р.Төлеубекова «Адамгершілік тәрбиесі адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі» дейді. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасасақ, адамгершілік – адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен өзін танып білуі және адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік орта жағдайында адамның адмгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамының және әлеуметтік ортаның алатын орнына байланысты.
Мектепке дейінгі жаста қалыптасқан моралдік сана – сезім мен мінез – құлық барлық балалар іс — әрекеттерімен балалар арасындағы, балалар мен үлкендер арасындағы өзара қарым – қатынастары кешеніне шешуші ықпал жасайды. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде ойын үстінде жүзеге асады.
Ойын – балалардың негізгі іс — әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл — өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында танытса, ал балалар ойын үстінде көрсетеді.
Ойын – балалар үшін күрделі әрекет. Балалар ойын үстінде үлкендердің іс — әрекеттерін үйренеді. Ойын арқылы баланың ой — өрісі кеңейеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні бар. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтердің пікірінше, ойын үстінде бала қандай болса, өскенде еңбек барысында сондай белсенділік таныта алады. Сондықтан ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Бала ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады.Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Баланың белсенділігін, сапалы ойлана білуін, ой — өрісінің дамуын қамтамасыз ету, қиындықты жеңуде төзімділікке баулу – адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеті.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық педагогикалық ерекшеліктерге сүйене отырып тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қалыптастырады:
- ұлттық дәстүрлер арқылы тәрбие үрдісінде баланың бойында рухани мәдениетті қалыптастыру;
- ұлттық дәстүрлер арқылы тәрбие үрдісінде баланың бойындағы адамгершілік құндылықтарын дамыту;
- салт-дәстүрлер негізінде ойынның ерекшеліктерін ескере отырып баланы рухани – адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Баланың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолдарының бірі – ол баланың қызығуын арттыру. Егер балаға қызығуына қарай тәрбиені жүйелеп берсе, баланың даму үрдісі шапшаңдайды. Бұл жерде Л.Занковтың идеясын негізге алған дұрыс. Ол «баланы қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарымен еркін араластыру керек, баланың дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, керісінше баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенінайқындай отырып, жүргізу қажет» деген ұсынысын өз зерттеуімізде басшылыққа алдық. Тарихи ескерткіш – мұраларға жүргізілген саяхаттар мен таным жорықтар балардың танымын қалыптастыруда негізгі орын алатынын тәжірибе барысында айқын байқадық. Әр түрлі жүргізілген саяхат жұмыстары балалардың ынтымақтастығын жетілдіреді. Бұл туралы психолог Л.С.Выготскийдің «…дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі» дегені баланы ынтымақшыл ету үшін топпен жұмыс ұйымдастыруды ұсынуы құптарлық пікір.
Ойын тек баланың іс — әрекеті ғана емес, ойын – еңбек, ойын – оқу, ойын — әлеуметтік қарым-қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Педагог және психолог ғалымдар ойын іс-әрекетін жан-жақты зерттеп, баланың дамуын, тәрбиеленуін, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырылып келген.
Іс-әрекет ойын, оқу және еңбек түрлеріне бөлінсе, ойын бала үшін алғашқы рет қошаған ортаны тану құралы болып табылады.
Ойын бірнеше қызмет атқарады:
- ойын-сауық;
- коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
- диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
- коррекциялық (өзін-өзі түзету);
- әлеуметтендіру.
Ойын ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс-әрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды. Әсіресе, баланың өмірінде дидактикалық ойындардың орны ерекше.