Қазіргі таңда азаматты ерекше алаңдататын мәселердің бірі — қоршаған табиғи ортаның бүгінгі жай-күйі. Табиғат — тіршілік атаулының анасы, адамның өмір сүруінің бірден-бір көзі. Табиғаттың барлық құрамдас бөліктері бір-бірімен өте тығыз байланысты, өзара тәуелді. Даму ырғағы бір-бірімен үйлесімді байланысты болғанда ғана табиғат заңдылығы бұзылмайды.
Адам табиғи қорларды — тағам, құрылыс материялдарын шаруашылықты игеру мақсатында пайдаланады. Мұның бәрі табиғаттың даму ырғағын өзгертпей қоймайды. Бүгінгі таңда өндірістің қарқындап дамуы тек табиғи қорлардың сарқылуын ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның шектен тыс ластану мәселесін де туғызып отыр. Өндірістен шығатын керексіз заттармен ең алдымен — ауа, су қоймалары, топырақ ластанады. Өндіріс қалдықтары топырақты құнарсыздандырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жағымсыз әсер етеді. Өндірісті өз мүддесі үшін дамытқан озық ойлы адамзат табиғаттан пайдалы затты алады да, оған зиянды қалдықтарын тастайды. Жиырмасыншы ғасырға дейін адам баласының табиғатқа келтірген залалы Жер шарының әр түпкірінде әрқалай болып келсе, қазір бұл әсер бүкіл ғаламшарды қамтып отыр. Сондықтан да табиғат-анаға перзенттік сүйіспеншілік пен мейірім, қамқорлық көрсету — адамзаттың ұлы парызы. Табиғатқа аялы қамқорлық қажет. Сонда ғана ол адамзаттың тіршілігі үшін ғана емес, ұдайы гүлденуінің де кепілі бола алады.
Табиғатпен қарым-қатынаста адамдар белгілі бір үйлесімділікті берік сақтауы тиіс. Табиғаттың да өз даму заңдылықтары бар, оған нұқсан келмеуі керек. Әйтпесе, табиғат өте қатал. Ол адамдардың тәкаппарлығын, қателіктерін әрдайым көтере бермейді.
Су!.. Сен әлемдегі теңдесі жоқ байлықсың
Қазақстанда бір адамның орташа су тұтыну көрсеткіші 2,1 бөтелке
Қазақстандағы экалогиялық мәселелердің шиеленісуі жалпы әлемдік шиеленістен кем емес. Семей полигоны, Арал теңізінің проблемасы, Батыс Қазақстанның мұнай-газ саласының қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болған қауіпті және улы, уытты заттармен орасан үлкен аумақтық ластану мәселесі, Алматы қаласындағы 300 мыңнан аса көліктерден шығатын тотықтардың және басқа да улы қосылыстардың көп бөлінуінен адамдардың тыныс жолдары ауруларының көбейіп кетуі, Атырау облысында тұщы су мәселелері және т. б. Осының ішіндегі ең қауіптісі — су мәселесі болып есептеледі.
Алматы маңында көп мөлшерде жерасты суы бар. Солардың негізгілері — минералды сулар. Мысалы, 1780 м. биіктікте орын тепкен Алма-Арасан бұлағы. 22км. Оңтүстікке қарай орналасқан Күйгенсай өзені (Горельник), Талғар бұлақтары. Олардың бірі жылы (18-250 С) болса, екіншілері суық. Облыста минералды суларды санаторийлер, курорттармен қатар ауыл шаруашылығы қолдануда.
ТМД-да барлығы 400 курорт, санаторийлер және минералды суларды бөтелкелермен тарату зауыттары бар. Су бір адамға шаққанда 5,05 бөтелкеден келеді. Мысалы, Грузия (11,5 бөт.), Армения 8,2 бөт.), Әзербайжан (7,2 бөт.), Украина (6,9 бөт.) және Ресей (6,5 бөт.) сияқты мемлекеттерде бұл ісі алға басқан. Ал Қазақстанда орташа тұтыну орташа көрсеткіштері бір адамға 2,1 бөтелкеден келеді. Өкінішке орай жан-жақты дамыған Алматымыздың су экологиясы, сумен қамтамасыз ету, ластанған суды тазарту жұмыстары әлі толық жетілдірілмеген. Осы орайда 1999 жылы неміс экологтары “Алматы қаласының суды тұтынуын жақсарту” атты жоба жасаған болатын. Онда жер үсті суларынан, ағынды сулардан, тұрмыстық қалдық суларынан құтылу сияқты проблемаларды шешуге арналған ұсыныстары бар. Бұл жоба Германиядағы көптеген алға басқан және нәтижелері бар жобалардың баламасы ретінде ұсынылып еді. Егер біз шет ел тәжіриелерін қолдананып, олардың жіберген қателіктерін есепке ала отырып, отандық өз жобаларымызды іске асыруға бар мүмкіндігімізді жұмсау арқылы еліміздің экалогиялық жағдайын жақтартсақ, онда экалогиясы таза жарқын болашаққа бір қадам болса да жақындаған болар едік.
18 ғасырдың өзінде-ақ Крюниц өзінің “Экономикалық энциклопедиясында” «Еуропа өзендерінің бәрі кір мен ластықтың ошағы. Ең сасық жүрек айнытарлықтай заттар, жануарлардың өліктері, әр түрлі қалдықтар, қысқасы, керек емес нәрселердің бәрі өзенге лақтырылады.Сонымен бірге бұл өзендерден тамақ, су ішетін ыдыстар жуылып, тамақ жасау,түрлі сусындар бұқтыру үшін су алынады. Осының бәрін өздерін әлемдегі керемет таза деп санайтын адамдар өзінің тап-таза ауыздарына апарғанда ешқандай жиіркенішті сезінбейді. Не деген айуандық, жабайылық десеңші?”деп жазған болатын.
Көпшілік судың адам өміріне қандай мәртебеге ие екендігін түсіне бермейді. Су — өзіндік ғажап қасиеттерге ие минерал. Егер суда өз қасиеттерінің біреуі ғана болмаса, онда біздің ғаламшар мүлдем басқа қалыпта болар еді. Сусыз ешқандай ағза тіршілік ете алмайды. Содан да болар, Антуан де Сент-Экзюпери “Су!.. Сен әлемдегі теңдесі жоқ байлықсың” деген ғой.