Унитарлық мемлекеттер қатарына: Бельгия, Греция, Эстония, Қырғыстан Республикасы, Түркменстан, Украина, Армения, Жапония, Польша, т.б. жатады. Унитарлық елдер төмендегі негізгі сипаттарымен ерекшеленеді: Конституция бірлігі; мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бірыңғай жүйесі; азаматтық бірлігі; құқықтық жүйе бірлігі; сот жүйесінің бірлігі; мемлекеттік рәміздерінің бірлігі; унитарлық мемлекет аумағы тәуелсіз мемлекет сипаттарына ие емес әкімшілік-аумақтық жеке бірліктерге (жергілікті басқару органдары мемлекеттің орталық огандарына бағындырылған) бөлінеді.
Сол секілді басқа да унитарлық мемлекеттер (Ұлыбритания, Испания, Дания, Финляндия ) бар. Олардың мемлекеттік құрылымы Еліні кейбір аумақтарында автоноиялы әкімшіліктері болуымен ерекшеленеді. Атап айтқанда Ұлыбритания құрамына Шотландия мен Солтүстік Ирландия енеді, олар шектеулі автономиялық құқықтарды пайдаланады. Шотландия өзіне керекгінде өзінің құқықтық және соттық жүйесіне өзі ие әрі өз шіркеуі бар. Ал, Солтүстік ирландия аумақтық жартылай автономиялық құқық берілген, ол өзінің екі палатадан: қауымдық палата (Елу екі мүшесі бар, олар бес жыл мерзімге тікелей дауыс беру арқылы сайланады) және сенаттан (қауымдық палата сайлайтын 26 мүшеден) кабинеттен (Премьер министр бастаған сегіз министр) тұрады. Солтүстік Ирландияда атқарушы би лікті губернатор атқарады.
Ұлыбританияда оларды “парламент тыңшылары” дейді. Мысалы, америка лоббистері заң шығарушы органдарға тек қана сайлау кампанияларында ақша жинау жолдарымен ғана емес, сол сияқты АҚШ конгресі комитеттерінде қаралатын заң жобалары бойынша да қарсы шығамыз деп және с.с. қорқытады.
Сөйтіп, қысым жасайтын топтардың саяси партиялардан басты айырмашылығы, олар сайлауларда өз аттарынан қатыспайды.
Әрине, сайлау кампаниясының ең маңызды кезеңі депутаттыққа кандидаттар ұсыну болып табылады. Мысалы, Ұлыбританияда сайлау округтеріне ұсынылатын кандидаттардың саны шектелмейді. Кандидаттарды ұсыну (номинация) сатысы өте қарапйым. Кандидат сайлау жөніндегі шенеунікке номинация туралы құжаттарын өткізуі тиіс. Бұл құжатты кандидаттың өзі толтырып адам қол қойса болғаны. Сол секілді сайлау жөніндегі шенеунікке номинацияға келісім жайлы арызын беріп сайлау кепілдігін (150фунт стерлинг мөлшеріндегі сайлау кепілдігі, егер оған дауыс берушілер саны 12,5 проценттен аз болса кандидатқа қайтарылмайды) төлеуі тиіс.
Шеттелдер тәжірибесінде Жоғарғы палатаның феодалдық тәсілінен құры түрі де кездеседі. Мысалы, осы тәсілде қолданылатын Ұлыбританияда лордтар палатасы құрамына төмендегілер кіреді:
- мұрагерліктер пэрлер, яғни, бароннан төмен емес титулдарды иеленген мұрагерлікті дворяндар династиясы бұлар титулммен бірге парламенттің жоғарғы палатасына мұрагерлікті сақтай ала отырып, оның мұрагерлеріне бере де алады.
- өмірлік пэрлер, яғи, ерекше ееңбкетері үшін барон немесе баронэсса деген, мұрагерлікке беру құқы берілммммеген, дворян титулдарына ие болғандар.
- 26 рухани лордтар (контербери және иорктк архипскоптар, Лондон, Дарен және Уинчестер епископтарымммен ағылшын шіркеулері бас епископтарының 21 өкілі), бұлар шіркеулік лауазымдарда қызмет етіп жүрген кезде ғана палат мүшелер болып саналады.
Ұлыбританияда қауымдастық палатасының мүшелері алатын жалақының бір жылдық мөлшері 37.854 ф.ст. Оның үстіне жылына офис ұстауға, жүріп-тұру шығындарын төлеуге, Лондонда жалдап тұратын үй үшін және т.б. жағдайларға бөлінеді. Қауымдастық палатасының мүшелері сонымен қатар Вестминстер сарайы мен өзінің сайлау округтері аралығына, Вестминстер мен үйі арасында, Құрама корольдіктің кез келген жеріне, егер бұл сапар тікелей қызметтік міндеттеріне байланысты болса, тегін жүріп-тұруға құқы бар. Оның үстіне парламент депутатына кеңселік-хатшылық шығындар: хатшы немесе көмекші жалдауға, кеңсеге қажетті құрал-жабдықтарға, қызметкерлерге жалақы төлеу мен жалдап алынған жұмыскерлерді қамсыздандыруға қаржы бөлінеді.
- Ұлыбританияның конституциялық актілерінің ерекшеліктері.
Ұлыбританияның лордтар палатасына лорд-канцлер – Үкімет мүшесі төрағалық етеді (ол пэр болмаса, онда бұл палата құрамына енбейді, ал пэр болса, онда жарыссөздерге де, дауыс беруге де қатысады) Лорд-канцлердің лорд палатасының отырысын жүргізудегі рөлі онша емес: ол лордтарға жарыссөзде сөз бере алмайды, тәртіп жөніндегі билікке де ие емес. Лорд-канцлер жоқ кезінде палата отырыстарын оның орынбасары (комитеттердің лорд-төрағасы. Оны әрбір сессия басталғанда тағайындайды. Ол жоғарғы палатаның барлық комитеттерінде төрағалық етеді). Лорд-төраға және оның бірінші орынбасары лордтар палатасының қызметкері болып есептелініп, жалақы алады. Сондай-ақ, лорд палатасының тұрақты қызмет адамдарынан палата хатшысын ерекше айта кеткеніміз жөн. Хатшы палата отырысының күн тәртібін әрі монарх жолдауын оқып, таныстырады, қауымдастар палатасына жіберілетін заң жобаларына қол қояды, екі палата қабылдаған заң жобаларын сақтайды. Одан соңғы тұрақты қызмет атқаратын – герольдмейстер (“Қара желз”, “аса таяқ”). Ол палата мүшелерін монархтың таққа арналған сөзіне шақырады, парламент этикасын бұзушы – кінәлі адамдарға берілген бұйрықты орындайды. Вестминстер сарайының лордтар палатасы жайғасқан бөлігінің тәртібі мен қауіпсідігіне жауап береді. Лордтар палатасы заң шығарудың мемлекеттік тетігін, бюджет-қаржылық және сот салаларын жетілдіруде, сондай-ақ үкімет қызметін қадағалау ісінде айтарлықтай рөл атқарады. Сонымен қатар лордтар палатасы жоғарғы апеляциялық саты болып табылады.
Парламенттің еңбасты қызметі-заңдар қабылдау болып табылады. Сондай-ақ Парламенттіңмаңызы қызметтерінің қатарына Үкімет пен оның мекемелері жұмысын бақылауды жүзеге асыру ісін жатқызуға болады.
Мына әдістер бірден-бір нәтижелі деп саналады. Мысалы, “сұрақтарға-сағат” деп аталатын тәртіппен Ұлыбританияда парламенттің әрбір отырысы басталады. Мұнда министрлер мен өкіметтің басқа да мүшелері ауызекі немесе жазбаша түрде депутаттардың әр түрлі сауалдарына жауап береді.
Бұл жауаптар көпшілік жұртшылыққа жарияланады. Сөйтіп, жоғарғы дәрежелі шенеуніктердің өздеріне лайықты имиджі қалыптасады. Осындай тәсілді көп елдердің парламенттері өте жиі қолданылады.