Тергеуге қарсылық көрсету, оларды жою жолдары

Тергеу қарауының мақсаты – іздер мен заттай дәлелдемелерді талдау арқылы қылмысты тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту.

Заттай дәлелдемелер – бұл тергеудегі оқиға туралы ақпаратты қамтитын материалдық дүниенің объектілері. Олардың мазмұны, табылу орны және басқа да белгілері қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беруі мүмкін әдетте оларды қылмыстық “тілсіз куәгерлер” деп атайды. Қандайда болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуіде алдын ала қараусыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің нәтижелері оның криминалистік жағынан сауатты жүргізілгеніне байланысты болады. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған объектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.

Қылмыстың ашылмауының негізгі себептерінің бірі-оқиға орнын сапасыз және ұқыпсыз қарауы, нәтижесінде қылмысты ашудың кілті болып табылатын маңызды дәлелдемелер жоғалып қалады.

Қайта қарау яғни бір объектіні қайталап тексеру мынандай жағдайларда: бірінші қарау қолайсыз жағдайларда (қараңғыда, жаңбыр астында, түтін ішінде және т.б.) жүргізілгенде, мәселен, аталған жағдайлардың себебінен криминалистік маңызы бар іздер мен заттар табылмағанда немесе қарау сапасыз жүргізілгенде, яғни маңызды мән-жайлар анықталмағанда, мамандар қатыспағанда т. б. қажет болады.

Қараудың шынайылығы (объективтілігі) барлық объектілерді табылған қалпында зерттейді және бекітеді, сонымен қатар тергеушінің немесе басқада таергеу әрекетіне қатысушылардың тұжырымдары мен пікірлерін хаттамада көрсетуді көздейді.

Қараудың толықтылығы мен жан-жақтылығы қылмысқа қатысты оқиға орнында табылған бүкіл заттар мен іздер табылып, зерттеліп, хаттамада егжей-тегжей көрсетіліп, фотосурет немесе бейнежазба арқылы бекітілуін қамтамассыз етуі. Сонымен қатар, тергеудің толықтылығы деп алғашқы қараудың жеткіліксіздігінен оны қайталау қажеттілігін тудырмауын айтады.

Қараудың жоспарлылығы нақты әрекеттердің шеңберімен кезектілігін анықтаудан, қолда бар күшпен құралды бөлуден тұратын тергеушінің және басқа да қарауға қатысушыларәрекетінің кезектілігін дұрыс анықтауды қамтиды. Ол бүкіл қажетті әрекеттерді толық және сапалы орындауды және ақырында тергеулік қараудың мүмкіндігінше тиімділігін қамтамасыз етеді.