Хабарларды ұстап қалу, сөйлесулерді тыңдай отырып жазудың тактикалық тәсілдері

Құқық қорғау, оның ішінде тергеу органдарының қылмысқа қарсы жүргізілетін жұмыстарының пәрменділігі және нәтижелігі қылмысты ашуға, оны дәлелдеуге химияның, медицинаның, физиканың, ғылыми-техникалық бақа да ғылымдар саласының жетістіктерін кең түрде пайдаланумен тікелей байланысты.Ерте заманнан бері заңгер криминалистер жасалған қылмысты дәлелдеуге обьективті деректер табу жолында біраз ізденістер жүргізген.

Тергеу кезінде арнаулы білім қолданудың екі түрі бар: бірі- тергеу әрекеттерін жүргізгенде істің кейбір мән-жайын анықтау үшін арнайы білімі бар маманды қатыстыру да, екіншісі-сот сараптамасын тағайындау.Тергеу әрекетіне, атап айтқанда: оқиға болған жерді қарауға , тергеу экспериментін жргізуге, т.б.қатынасқан маман арнайы жеке құжат жазбайды, өзінің арнаулы білімін қолдану арқылы анықталған істің мән-жайларын, осы жөніндегі пікірін тергеушіге хабарлайды, оның тұжырымды қорытындысы тергеу әрекеті бойынша тергеушінің жазған хаттамасында көрсетіледі. Іс бойынша сараптама тағайындалғанда арнаулы білімі бар маман сарапшы өз мамандығына байланысты сұрақтарын зерттеулер жүргізу арқылы жеке акт жазып береді.Тергеу және сот үсіндеарнаулы білім қолданудың екінші түрі- сараптама тағайындау.

Сараптама — қылмыстық немесе азаматтық істерді дұрыс шешуде маңызды, нақты деректер мен жағдайларды анықтау мақсатында тергеушінің ( соттың) тапсырмасымен заттай дәлелдемелердіжәне материалдарды зерттеуге сарапшы қатыстырылатын іс жүргізу әрекеті.

Сарапшы бейнесі тиісті арнаулы білімнің көмегімен алдын-ала және сот тергеуінде зерттеліп, анықталатын ерекше фактілерді қалыптастырады, тергеушінің ( соттың) көз алдына әкеледі. Әр сот сараптамасының өзіндік ерекше зерттеу сипаты болады. Айталық, сарапшы криминалист көп жағдайда, адамды, малды, қылмыс жасалған қару мен құралды оның сыртқы түрі бойынша бейнелейді.

Сараптаманың обьектісі – қылмыстық іске қатынасы бар, арнаулы білім арқылы зерттелуге тиісті фактілер, оқиғалар , заттар.Сарапшының алдына қойылған міндеттер нақ осы фактілер мен оқиғалар арнаулы білім қолдану арқылы зерттеліп орындалады. Сараптамалық обьектілер адам жжәне оның шырғалаң іздері, мәйіттер, малдар мен олардың іздері, агрегаттар, әр-түрлі көлік құралдары, олардың сыртқы ортада бейнеленуі, құжаттар мен олардың мазмұндары болуы мүмкін.