Криминалистік баллистика — бұл қылмысты ашу және тергеу мақсатында атыс қаруын және оны қолдану іздерін табу, бекіту, алу және зерттеудің техникалық құралдары мен тәсілдерінің, ғылыми ережелерінің жиынтығын қамтитын криминалистік техниканың бөлімі.
Криминалистік баллистика атыс қаруын; оны жасау үшін қолданылатын құрал саймандар мен материалдарды; оқ пен оның жабдықтарын, сондай-ақ снарядтың іздері қалған және оқ атқанда қалған күйенің, оқ-дәрінің жанбаған бөлшектерінің, темір мен май бөлшектерінің іздері бар объектілерді зерттейді. Сонымен қатар криминалистік баллистика оқ-дәрі газдарының қуаты (энергиясы) негізінде жасалған атыс құралдарын да қарастырады. Бұл құралдар арнайы заттарды шашу (газды тапанша, алтыатар), белгі беру үшін (ракетница, түтін шашкасы), құрылыс жүргізу үшін (құрылыстық-монтаждық тапанша) қолданылады. Криминалистік баллистика объектісіне көмекші құрал ретіндегі, яғни жарық, белгі беретін, атысты жасағанситын оқ-дәрілер де жатады.
Атыс қаруы: а) автоматтандыру деңгейі бойынша автоматтандырылмаған, өзі оқталатын, автоматтандырылған; ә) сыятын оқ-дәрі бойынша бір зарядттық, көп зарядттық; б) оқталу тәсілі бойынша — казнозарядное, дульнозарядное; в) көп ұңғылы; г) ұңғы калибрі бойынша — кіші калибярлі (6,5 мм-ге дейін), орта калибрлі (9 мм-ге), ірі калиберлі (9 мм-ден жоғары); ғ) ұңғы құрылысы бойынша — тегіс ұңғылы, кертікті (нарезное), тегіс кертікті; д) ату сипаты бойынша — дара, сериялық және үзбей ататын болып бөлінеді.
Жасалу жағдайы бойынша қару стандартты (зауытта жасалған) және стандартты емес ( кәсіпші немесе қолдан жасалған) болады.
Кәсіпші шеберханасында стандартты сақтай және аз түрде жасалған қару кәсіпшілік болып есептеледі.
Қарудың калибрі — ұңғы арнасының миллиметрмен есептелетін диаметрі. Тегіс ұңғылы аңшылық қарудың калибрі әдетте қорғасынның бір ағылшын фунтынан (453,6 г) құйып жасайтын домалақ ұңғының диаметріне сәйкес болуы қажет. Егер қорғасының бір фунтынан 20 ж жасалса, қарудың калибрі 20 болады. Отандық өнеркәсіп 12,16,20,28,32 калибрлі қару өндіреді.
Баллистикалық іздердің пайда болу тетігі.
Баллистикалық іздеріне гильза, оқ та, тағы басқа құралдарда және олар тиген кедергі заттарда қалған іздер жатады.
Гильзадағы іздер — бұл қарудың әр түрлі бөлшектерінің, атап айтқанда, магазиннің; қару бекітпесінің төменгі жағының; патрот тіреуішінің; шүріппенің лақтырғыштың; бекітпе қорабының; оқтықтың бетіндегі микро қыртыстарының статикалық түрде және қозғалыста көрінуі.
Қаруды теңдестіру үшін шүріпше, патрон тіреуші, лақтырғыш, оқтық іздері керек.
Тосқауылда қалатын іздер: а) қарудан оқ дәрі газдары мен түйіршіктермен келген механикалық зақымдар; ә) термикалық іздер: көмірлену, күю, пісу, еру; б) оқ өкілдерінің іздері (күйе, бытыра түйіршіктері; май іздері, оқтың жылжу іздері). Атыс қаруы кіріп кететін немесе жалап өтетін, тесіп шығатын немесе «сокыро зақымдар келтіреді.
Оқтан келген зақымдардың түрі, көлемі және жан-жағында қалатын оқ өнімдері бойынша ажыратылатын кіру және шығу тесіктері болады. Оқ тосқауыл материалын ойып теседі, сондықтан кіру тесіктерінің «материалы ойылған» белгісі болады және оқ тосқауылға кіргенде онда «қажалу белдігі» қалады. Оқтың шығу тесіктері, кіру тесіктерімен салыстырғанда, үлкенірек болады да шеттері сыртқа шығып тұрады және оқ өнімдері қалмайлы.
Дыбыс басқышпен жабдықталған атыс қаруынан атқанда кіру тесіктерінің бейнесі ерекше болады: тосқауыл материалы жыртылмайды, оқ өнімдерінің саны күрт азаяды, ал тақап атқанда дыбысбасқыштың ауыз кескінінің ізі яғни штанпмарка» қалады.
Баллистикалық объектілерді қарау
Қаруды, оқты, гильзалар мен іздерді оқиға орнын қарағанда алады. Сондай-ақ оқиға орнын қарағанда оған криминалистік баллистика саласындағы маман қатысуы қажет. Қаруды, оқ пен гильзаларды іздеу үшін мина, теміріздегіш, магнитті көтергіш; атқанда қалған күйе іздерін, қажалу белдігін, бытыра түйіршектерін айқындау үшін электронды-оптикалық түрлендіргіш және криминалистік лупалар қажет болуы мүмкін.
Қаруды қарау, бекіту, алу. Қаруды «түйінді» сурет ережесі бойынша суретке түсіреді, ал табылған орнын екі тұрақты бағдар арақашықтығын анықтап, бекітеді. Қаруды қарағанда сақтануды ұмытпау керек: шүріппені басғга, қаруды адамдарға бағыттауға және оқталған қаруды қолдан-қолға беруге болмайды. Магазиндегі патрон саны, олардың маркалық белгілері, үңғының, шүріппенің, бекітпенің, сақтандырғыштың қалыптары бекітіледі. Қаруды резеңке қолғап киіп қарайды және саусақ іздері қалуы мүмкін емес жерлерінен ұстайды. Үңғы арнасын ауыз жағынан тек қаруды оқсыздандырғаннан кейін қарайды және оның сипаттамасы, күйіктің, майдың, даттың, басқа заттардың, иістердің бар жоқтығы анықталады.
Хаттама келесі тәртіп бойынша толтырылады: а) қарудың түрі, жүйесі, моделі, үлгісі, калибрі; ә) оқтықта немесе магазинде патронның болуы; б) шүріппенің сақтандырғыштың қалыпы; в) маркалық белгілері; г) үнғының құрылыстық ерекшеліктері; ғ) табылған кемістіктер, олардың сипаттамасы, орналасуы; д) қару бетінде қол іздерінің бөтен заттардың, бөлшектердің болуы және орналасуы.
Гильзаны табу және алу. Атылған гильзаның орны атуға қолданған қарудың түріне байланысты болды. Аңшылық қарудың көбінен гильза автоматты түрде түспейді, сондықтан оны атушы жасырған немесе лақтырған кез келген жерден табуға болады. Револьверді қолданғанда да осындай жағдай болады. Автоматты қару гильзасын іздеу бағытын оқтың тосқауылға тию бұрышы туралы, атқан арақашықтық пен қару түрі туралы деректер арқылы анықталады, өйткені түрлі қарудан гильза бірдей болып түспейді. Гильза табылған орын хаттама мен схемада нөмір арқылы белгіленеді. Қарау хаттамасында: гильза түбінің құрылыстық ерекшеліктері, гильзаның түрі, материалдың түсі, мөлшері, маркалық белгілері, оқтың оған бекітілу тәсілі, қару детальдарының іздері көрсетіледі.
Криминалистік баллистика объектілерін зерттеу барысында жіктеу, диагностикалық және ситуалогиялық мәселелер шешіледі.
Жеке ұқсастықты немесе топқа жататындықты анықтау мәселесі сәйкестендіру мәселесі болып табылады.
Берік металдан жасалған қару детальдары гильзамен оқта (бытыра, оқдәрі, картечь) іздерін қалдыратындықтан, қаруды сондағы іздер бойынша ғана сәйкестендіру мүмкін.
Сарапшы алдына қойылатын сұрақтар: а) оқтың (гильза, бытыраның) ұсынылған қарудан атылған, атылмағаны; ә) оқиға орнында табылған гильза (оқ, бытыра) сараптама ұсынылған қай қарудан атылған; б) әр түрлі оқиға орнындарынан алынған оқтар (гильзалар) бір қарудан атылған-атылмағаны; в) қылмыскер қолданған аңшылық патрон мен сезіктіден алынған патрон бір текті екендігін немесе бір текті еместігін анықтау. Сараптамалық зерттеу үшін:
1) Сәйкестендірілген объектілер (оқтар, гильзалар);
2) тексерілетін қару;
3) бір партияға жататын немесе жабдықтау тәсілі бойынша ұқсас патрондар;
4) тергеудегі істен кейін тексерудегі қарудан оқ, атылғаны туралы және қарудың жөнделмегені немесе қайтадан жасалғаны туралы мәліметтер ұсынылуы қажет.
Диагностикалық міндеттер:
а) қару қалпын, яғни оның атуға жарамды, жарамсыздығын; ә) объектінің қасиеттерін, мәселен, жәбірленушінің, сезіктінің қолында ату іздерінің бар-жоқтығын, қарудың ұсынылған снарядпен ату қабілетін;
б) себептік байланысты, яғни зақымдардың атыс қаруынан келген-келмегенін; оқтың (гильзаның, үңғының) деформациялану себептерін;
в) іс-әрекет жасау және іздердің пайда болу тетігін және мүмкіндігін, яғни қолдан жасалған қарудың қай бөліктерінің қатысуымен атуға болатындығын; ұсынылған қарудың шүріппесін баспай атуға болатындығын; ұсынылған қарудан көздеп атуға болатындығын;
г) өткен уақыт фактілерін: қарудың маркалық белгілерінің әшірілгенін, зауыттық нөмірінің қандай болғанын;
ғ) соңғы рет тазартқаннан кейін ұсынылған қарудан оқтың атылған-атылмағандығын, т.б. анықтауға бағытталған.
Суық қару деп «залал келтіру объектісімен тікелей қатынасқа түскен кезде адамның дене күшінің көмегімен нысанаға залал келтіруге арналған қару танылады. Криминалистік анықтамасы басқаша болуы мүмкін: суық қару — бұл жақын ұрыста адамның қол күші көмегімен адамның денсаулығы мен өміріне, жануарларға қауіпті залал келтіруге арналған құрылымды құрылғы. Объектіні суық қаруға жатқызудың үш негізгі белгісі бар:
- Мақсаттың тағайындалуы — объект құрылысында бекітілген адам немесе жануардың өміріне қауіпті залал келтіру.
- Абструктивті әрекет ету принципі адамның қол күшін қолданады.
- Әрекет етудің кепіл берілген арақашықтығы — жақыннан әрекет ету, қараумен тікелей қатынасқа түсу.
Суық қарудың барлығына ортақ конструктивті белгілері:
а) алдан ала із қалдырылған залалдар келтіруге арналған бөлік (жүзі, ұшы, салмағы); ә) объектті қолға ыңғайлы ұстауға және колдың өзіне залал келтіруден сақтайтын сап;
в) қаруды бірнеше рет қолдану мүмкіндігін беретін құрылысының механикалық мықтылығы (беріктігі).
Суық қарудың нақты конструктивті типтері бұл бір кешенді құрайды және жеке белгілерімен толықтырылады.
Суық қаруға жататын пышақтардың конструктивті белгілері: а) сұқпасының ұшы үшбрышты болады және оныңдоғасының бұрышы 45° кем емес ә) ұшының нүктесі сұқпаның орта осімен юга сызығының арасында болады; б) сұқпа ұзындығы кеуде немесе іштің арғы бергі жағынан өту үшін жеткілікті болады; г) қолда ұстауға ыңғайлы сап; г) пышақтың жалпы беріктігі мен сұқпаның қаттылығы.
Екі жүзді пышақтар, яғни кенжалдардың мынадай кешенді белгілері бар:
а) жалпы симметрия бойынша ұшы екі жүзінің 45°-тан кем емес бұрышпен қосылуынан құралады:
ә) ұшы сұқпаның көлденең осінде жатыр;
б) сұқпа ұзындығы адам денесін тесуге жарамды;
в) сабы қолға ұстауға ыңғайлы;
г) конструкцияның жалпы беріктігі мен қаттылығы. Тергеу және сараптама тәжірибесінде шаппалы, шаппалы-кесуші (әскери балталар) сұқпалы, шаппалы-сұқпалы қарулар кездеседі.
Криминалистік жарылыстану.
Қылмыс жасау барысында жарылғыш құралдар мен жарылғыш заттарды кең түрде қолдану криминалистік қарутану арнайы тарау — криминалистік жарылыстанудың пайда болуына әкеп соқты. Оның зерттеу заты жарылғыш заттарды құрастыру заңдылықтары, олардың техникалық деректері, жарылыстық заңдылықтары мен оның пайда болу іздері болып табылады. Осы заңдылықтарды зерттеу нәтижесінде жарылысты дайындау және жарылыс жасаумен байланысты объектілерді бекіту, алу немесе зерттеу, оларды табу құралдары мен әдістері жетілдіріледі.
Қазіргі кезде криминалистік жарылыстану өзінің бірінші сатысын өтуде: жарылыс объектілерімен жұмыс жасаудың әдістемелік негіздері құрылып, соған байланысты білім кешені қалыптасуда. Ол үшін криминалистік қарутану жалпы әдістемелік негіздегі әскери ғылымдардың, азаматтық жарылыс техникасы, физика, химия, материалтану деректері кең қолданылып отыр.
Криминалистік жарылыстану объектілеріне түрлі жарылғыш құралдар, жарылғыш заттар, жару құралдары, іздері және жарылыстан бұзылған объектілер жатады.
Залалдың сипаты бойынша мамандар жарылыс күші мен оның жою қасиеттерін анықтай алады. Жарылыс заттардың қалдықтары бойынша түрлі химиялық әдістермен заряд ретінде қолданылған жарылғыш зат және оның қолдану аумағы анықталады.
Жарылғыш заттарды тауып алған жағдайда жарылыс-техникалық сараптамаға келесі сұрақтар қойылады: берілген объект жарылғыш құрал болып табыла ма, егер, солай болса оның түрі, типі және маркасы қандай, табылған зат жарылғыш кұрылғының бөлігі бола ма, оның тағайындалуы қандай және т.б.