Табыс деңгейі бойынша қоғамның бөліну процестері халықтың әлеуметтік-экономикалық әр түрлілігі талдаудың қажеттігін туындатады. Халық табысының әр түрлілігін зерттеуде корреляциялық, дисперсиялық, көп өлшемді статистикалық талдау және т.б. әдістер пайдаланылады.
Әр түрлілік процесін сандық жағынан сипаттауда халықтын ең жоғары және ең төмен қамтамасыз етілген топтарының табыстарының қатынасын көрсететін дифференциация (әр түрлілік) коэффициенттері қолданылады. Көбінесе децильді және квартильді дифференциация коэффициенттері есептелінеді. Олар 10% (децильді коэффициент үшін) және 25 % (квартильді коэффициент үшін) ең жоғары және ең төмен қамтамасыз етілген халықтың табыстарының қатынасын анықтайды және 10 %( 25%) ең бай халықтың минимальды табысы 10 %(25%) ең төмен қамтамсыз етілген халықтың максимальды табысынан қанша есе артық түсетінін сипаттайды.
Кд(дец) –=
Мұндағы d10 және d1-10-шы және бірінші дециль;
Кд(дец)=
Мұндағы D4,D1-4-ші және бірінші квартиль.
Қор коэффициенті (Кд) оныншы және бірінші децильді топтардағы орташа халық табыстарының қатынасы арқылы анықталады:
Кд=
мұндағы d1жәнеd10 –ең аз табыс алатын 10% халықтын және ең бай бөлігінің 10%-і алатын 1 адамға шаққандағы орташа айлық табыс.
Соңғы жылдары теңсіздік шамасын анықтау үшін Лоренц қисығы немесе шоғырлану қисықтарының көмегімен халық табыстарының әр түрлілігін сызбаша түрде көрсету кең таралған. Оларды құру үшін абсцисс өсінде ең аз табыс алатыннан бастап халық санының кумулятивті үлестері белгіленіп, ординат өсінде-алынатын табыстын кумулятивті үлесі көрсетіледі.
Лоренц қисығын салу үшін зерттеліп отырған жиынтық бірліктерінің (белгілі бір табыс алатын халық топтары) жиіліктің таралуы (частотное распределение) мен осыған байланысты зерттеліп отырған белгінің халықтың іс тобының табыс мүшелері жиілігінің таралуы міндетті түрде болуы керек. Мұнда есептеу ыңғайлы болу үшін әдетте жиынтық бірліктері бірдей топтарға бөлінеді: мысалы, 10 топ — әрқайсысында 10% жиынтық бірлігі бар. Лоренц қисығы 45 бұрыш арқылы өтетін түзумен дәлме – дәл келеді және егер әр табаыс алушыға үлестері тең тиетін жағдайда, яғни 10% халыққа табыстың 10% тисе, 20% халыққа табыстың20% және с.с. жағдайда бұл біркелкі таралу сызығы немесе абсолюттік теңдік қисығы деп аталады.Табыстың шоғырлануы (концентрация) қаншалықты күшті болса Лоренц қисығы біркелкі таралу қисығынан соншалықты ауытқиды және керісінше, шоғырлану қаншалықты әлсіз болса, бұл сызық соншалықты түзуге жақынырақ орналасады.
Эмприкалық мәліметтер бойынша алынған Лоренц қисығының абсолютті теңдік түзуінен ауытқу деңгейі табыстың халық ішінде таралуының біркелкі еместік деңгейін көрсетеді.
Шоғырлану деңгейі біркелкі таралу сызығы және шоғырлану қисығымен шектелген дене ауданымен анықталады. Бұл S1 ауданы қаншалықты үлкен болса,S2 ауданы соншалықты кіші, шоғырлану деңгейі соншалықты жоғары. S1 ауданын түзуден төменгі үшбұрыш ауданы мен (S1+S2) салыстырудаДжинни коэффиценті пайдаланылады.
С1= 1- 2dxi* d+dxi* dyi.
мұндағы dxi – халықтыңіс тобының жалпы халық санының үлесі,
dyi— табыстың іс мөлшерінің жалпы табыс көлемінен жинақталған үлесі.
S1 жәнеS2 аудандарының мөлшері туралы мәліметтерді біле отырып, Джинни коэффициентін S1 ауданының- ге тең S1 және S2 аудандарының қосындысына қатынасы ретінде есептеуге болады
C1=
Егер зерттеліп отырған жиынтық 10 бірдей топтарға бөлініп және жиіліктеріпроцентпен белгіленсе, онда бұл коэффицент мына түрде болады:
C1=110-0,2
Джинни коэффициентінің максимальды мәні 1-ге тең (абсолюттік теңсіздік), ал минимальды мәні0-ге тең абсолютті теңдік. Мұның мәні 1-ге қаншалықты жақын болатын болса табыстың жеке халық топтарының қолына шоғырлануы соншалықты үлкен деңгейде.
Кедейлік шегі мен деңгейін зерттеуде минимальды мүмкін деңгейдегі тұтынуды қамтамассыз ететін табыстың шегі белгіленеді.Бұл жағдайда мүмкіндігінше минимальды деңгейдегі тұтынуды қамтамасыз ететін табыстың шегі анықталады, яғни халықтың нақты табыстарын салыстыруға қолайлы минимальды өмір сүрудің құндық көлемі анықталады. Күнкөріс минимумы өмір сүруді қамтамасыз ететін өмірдің минимальды деңгейі немесе өмір сүруді ұстап тұру үшін қажетті тұтыну деңгейі. Бұл деңгей бағаға байланыссыз сатып алынуы қажет жеке игіліктердің (бір-бірімен орын ауыстыруға болмайтын ) минимальды санымен сәйкес келеді. Минимальды азық-түлік «кэрзеңкесінің » құны әр азық бойынша тұтыну мөлшерін оның орташа бағасын көбейту арқылы анықталады.