Саяси және құқық білімдер тарихының пәні, әдістері және теориялық мәселелері. Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі саяси және құқықтық ойлар

Саяси және құқық туралы идеялар көне дәуірлерде пайда болып дами бастаған. Адамзаттың қилы-қилы аумақтарында жасаған түрлі өкілдері билік жүргізу, қоғамды басқару жөнінде әрқандай пікірлерін айта кеткен. Оларды оқып тану – қазіргі ұрпақтардың парызы.

“Саяси және құқық ілімдер тарихы” пәні, өзінің атауы көрсетуінше, жалпы тарих ғылымына жатады. Бірақ оның кейбір маңызды, өзіне тән ерекшеліктері бар. Солар арасында: біріншіден, бұл пән адамзаттың тарих барысындағы оқиғаларды емес, идеяларды, ой-пікірлерді, олардың негізгі мағынасын қарайды; екіншіден, тарихтағы жалпы жаңа идеялармен емес, тек қана саясатпен, құқықпен, билік, басқару мәселелерімен байланысты ой-пікірлермен айналысады; үшіншіден, бұл пәнде көбінесе көрсетілетін тарихтағы ұлы билеушілер, саясаткерлер емес, саяси ойшылдар, философтар, ғалымдар болатын. Себебі – адамзат тарихында бір адам екі қасиетке (саяси ойшыл және саясаткер) біржола ие болатыны өте сирек кездесетін құбылыс.

Сонымен бірге “Саяси және құқық ілімдер тарихы” заңтану саласындағы пәндермен де байланысты болатын. Себебі – саясат пен құқық деген әлеуметтік құбылыстарды заңтану пәндері жан-жақты зерттейді. Саясатпен, мемлекетпен байланысты мәселелерді барлық заңтану пәндері зерттейді. Ал саясаттану пәні жақын арада пайда болып негізінде заңтану саласынан бөлініп шықты деуге болады.

Заң ғылымы және заң білімі жүйесінде саяси және құқықтық ілімдер тарихы бір уақытта тарихи және теоретикалық сұлбада жеке ғылыми және оқу саласы болып табылады. Оның бұл ерекшелігі, осы заң саласы шегінде спецификалық пән – саяси және құқықтық ілімдер тарихы, яғни мемлекет, құқық, саясат және заң туралы теоретикалық білімдердің шығуы мен дамуының тарихының зерттелуімен, жандануымен сабақтас болып келеді. Мемлекет және құқық туралы біріккен ғылым ретінде заң ғылымының өзіндік пәндік әдістемелік көзқарасында ерекше айқын көрінеді, соңғы нәтижесінде саяси және құқықтық құбылыспен сәйкес түсініктің өзара шығыс шені байланысы саяси және құқықтық ілімдердің бір заң саласы шеңберінде бірігуіне жағдай жасайды.

Біздің саламыздың пәні туралы айтылған бұл ой оның өткен саяси ілімде тек қана мемлекет туралы тар мағынадағы сұрақтарды қарастырады дегенді білдірмейді. Керісінше осы салалық пәнінде тарихта саясм ілімдер мемлекет жүргізетін тарих ретінде емес, мемлекет мәселелерін басқа саяси құбылыстармен кең контекстегі ерекше саяси құбылыс және мекеме, институттар қатынасы, олармен өзара байланысы және өзара іс-әрекетін теоретикалық зерттеу түрінде ұсынады, ал мемлекеттілік теориясының мәселесі әр-түрлі бағыттармен мектеп өкілдерімен зерттеледі. Бұл пәнде өткен құқықтық ойлар заң ғылымы тарихы түрінде емес, қоғамдық өмірде осы ерекше құбылыстардың рөлі, маңызы, қызметі, құндылығы және түсінігі, табиғаты көрініс табатын құқық пен заң шығарушылықтық ілімдік концепциясы ретінде қарастыралады.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы – заң пәні, бірақ саяси және құқықтық ілімдер тарихына заңгерлерден басқа, гуманитарлық ғылымдардың өкілдері, оның ішінде философтар да маңызды ілімдерін енгізді. Саяси және құқықтық ілім дамуында философияның қажетті мөлшерде рөлін ескере отырып ғылыми зерттеулердің объектілері және шынайы іс жүзіндегі ерекше формасы ретіндегі саяси және құқықтық құбылыстық ерекшелігімен негізделген саяси және құқықтық ілімдердің теоретикалық өзгешілігін білген жөн.

Мемлекет және құқық тарихын зерттейтін заң ғылымының пәндерінен саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні пайда болған. Мемлекет және құқық тарихы білімінсіз саяси-құқықтық теорияның нақты мазмұнын анықтау мүмкін емес, ал теориялық ережемен концепциясыз тарихи дамушы саяси-құқықтық шынайылыққа ғылыми түрде жауап беру мүмкін емес. Жалпы теориялық заң ғылымдарымен қатынасқа саяси және құқық ілімдер тарихы өзінің пәні бойынша саяси-құқықтық ілімдер теориясы тарихын, мемлекет, құқық, саясат, заң шығарушылық туралы ілімдердің шығуымен, даму процесінің тарихи заңдылықтарын зерттеуге бейімдеген тарих саласы ретінде түседі. Заң саласындағы тарихи және теориялық сананың өзара күрделі байланыс процесінде саяси және құқық ілімдер тарихы қазіргі саяси-құқықтық ілімдердің дамуының мемлекет және құқық мәселелерін теориялық әзірлеуді жүзеге асыруының негізгі тарихи теориялық алғышарттарының бірі ретінде маңызды рөл атқарады.

Саяси және құқық білімдер тарихының әдістері

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, жеке заң саласы ретінде, басқа да заң салаларымен бірге гуманитарлық ғылымдар қатарына жатады. Басқа да гуманитарлық ғылымдары секілді, мұнда да саяси және құқықтық ілімдер саласындағы ғылыми таным міндеті мен мақсаты және пәндік ерекшелігі ескеріліп, алдымен ресми-логикалық, дидактикалық, жүйелілік, салыстырмалы-тарихи зерттеулердің барлық әдісі философиялық және арнайы ғылыми әдістер арсеналы кең қолданылады. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәндік және әдістемелік ерекшелігінің белгілі көрінісі, нақты заң саласының профилімен, тарихи-теориялық мазмұнына өз мүмкіндіктерінше сай келетін зерттеудің әдіс-тәсілдерімен қағидаларының жетекші рөлі болып табылады.

Тарихи тәсіл – бұл ретке бұрынғы және қазіргі контекстегі қарастырылған ілімдердің саяси-құқықтық мазмұнын бақылау және түсінік берудің адекватты түсінудің тәсілі ретінде түседі. Өткен тарихтың қандай да бір ойшылының концепциясы және конструкциясы қазіргі жағдайда, соларддың заманына тән болған рөлді ойнамайды және сол мәнді иеленбейді. Жаңа әлеуметтік тарихи және саяси құқықтық жағдайда олар жаңа мәнді иеленеді. Бұрынғы саяси-құқықтық ілімдердің ескіруін немесе жаңаруын жоққа шығарып, тарихи тәсіл осы ілімдерді тарихи өткен, келуші және қалушы ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Саяси құқықтық ілімдер мен идеялардың тәжірибемен байланысы тікелей емес, саяси және құқықтық ілімдер тарихында қалыптасқан және құрылған теориялық ілімдердің барлық жүйесінің сабақтастығына негізделген, шынайы күрделі жағдайлардың күрделілігіне негізделген. Саяси құқықтық ілімдердің қазіргі және бұрынғы рөлі мен маңызын тепе-тең қарастыруда сай келетін ілімдер ұсынылған.

Теоретикалық тұрғыда ілімінің, философиялық жалпы әдістемелік, танымдық-гносеологиялық сәттерін бейнелейді, саяси көзқарастар қандай жолмен құрылды, олар қандай теориялық концепцияларға рәсімделді, олардың негізіне қандай қағидалар қойылды, қарастырылған доктринада қандай нысан, үлгі және құрылым бейнеленген және ойшыл үшін анықтаушы басты болып табылады ма немесе теориялық айналымға алғаш енгізілгенін көрсетеді.

Саяси-құқықтық ілімнің құрылымының екіжағында да олардың тарихи дамуындағы сабақтастық және жаңашылдыққа, оның басқа ілімдермен өзара қатынасына, олардың интеграция және дифференсация процесіне күрес сәттеріне, ілімнің үзақ тарихи өмірінің логикасын анықтайды. Оған құқықтық және нақты түсінік пен баға беру үшін қажетті базаға көңіл бөлінеді. Саяси-құқықтық ілімнің нақты тарихи және теориялық жағының өзара байланысы және бірлігі дамушы адамзаттық танымның теориялық әдістемелік арсеналына кіруі және қандай да бір автордың теориялық категориялары, идеялары, формулалары, құрылымдары өзінің нақты тарихи контекстінен босауына әкелетін жоққа шығармайды, керісінше оны болжайды.

Ой мен тәжірибе саласында саяси-құқықтық мәдениет дамуымен білімінің дамушы байланысында, саяси-құқықтық ілімдер тарихын жасауына бірнеше ойшылдардың еңбегі сіңген және сонысымен сол концепцияның теориялық мәнінің артуына және олардың тарихи сабақтастығына әрекет еткен күрделі мәселелердің құрылу процесі жүрді. Мүндай мәселелердің қатарына мораль мен саясаттың, құқық пен мемлекеттің, тұлға мен мемлекеттің, реформалар мен революциялардың, билік пен күрестердің, әділеттілік пен теңдік және құқықтық, құқық пен бостандықтың, құқық пен заңның қатынастарын жатқызуға болады.

Саяси және құқық ілімдер тарихының негізгі кезеңдері

Саяси және құқық ілімдер тарихын бірнеше ірі кезеңдерге бөлген жөн. Бұл мәселені ғалымдар түрлі шешеді. Жалпы алғанда кең таралған пікір мынаға саяды:

  • Көне дәуірдегі саяси-құқықтық ой-пікірлер (Көне Шығыс, Еуропа);
  • Орта ғасырлардағы саяси-құқықтық ойлар (Еуропа, Қыпшақ Даласы);
  • Қайта Өрлеу және Реформация дәуіріндегі саяси ойлар (Еуропа);
  • Жаңа дәуірдегі саяси-құқықтық идеялар (Еуропа, Америка, Ресей);

5) Қазіргі таңдағы әлемдегі негізгі саяси идеологиялар (либерализм, консерватизм, социализм, национализм, коммунизм).

Көне Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар

Саяси және құқықтық ілімдер бұл түсініктің қашан және арнайы таптық мағанасында ерте таптық қоғаммен байланысты мемлекеттің ұзақ даму жолында пайда болды. Ілімдер танымдық жоспарда саяси және құқықтық ілімдердің шығыу тегі алғашқы аңыздардың, ұсыныстардың рационализациясы арасында жүрді.

Саяси және құқықтық ілімдер барлық ежелгі халықтарда Шығыста және Батыста да өзінің ежелгі Мысырлықтарда, Үндістерде, Қытайлықтарда, Вавилондықтарда, Парсыларда, Еврейлерде, Гректерде, Римдіктерде аңыздың қайнар көзіне және әлемдегі адамның алатын орнын аңыздық ұстанымға негіздейді.

Барлық рухани білімге аңыз, барлық жинақталған тәжірибенің тарих және болашақ жолындағы көзқарастардың негізгі көзі, қалған және әдеттегі жабдықтардың арсеналының әлемді танумен түсіну тәсілі мен нысананың тәртіп ережелері жинағының тұжырымы болады. Діни көзқараспен саяси құқықтық көзқарыс және концепция арасындағы байланыстырушы маңызды рөлді дін атқарады.

Мифологиялық және діни танымдардың ықпалымен ежелгі Үндістанда саяси-құқықтық ілімдер құрылып, дамыды. Ежелгі Үнді қоғамындағы саяси құқықтық және рухани өмірден ұзақ ғасырлар бойы аңыздардың бейлеуші орны иленуі осымен байланысты.

Брахманизм идеясының туындауы б.э.д. II мыңжылдықта ежелгі үнді ескерткіші “Веда да” кездеседі. Бұл шығармада Пурушие құдайынан құралған қоғамды 4 варнаға бөлу брахман — ұртынан, кшатри -қолынан, вайши белінен, шудрааяғынан жаратылған деп айтылады. Осындай аңыздық органикалық концепцияға сәйкес әлемдік заң қоғамының конституциясын, әр түрлі варналардың орнымен жағдайын, осы варна мүшелрінің құқығы мен міндеттерін анықтайды. Құлдар варнаға кірмейтін болғандықтан ерте үнділік варналар мүшелері тең емес болды: алғашқы 2 варна (брахман абыздар, кшатри – жауынгерлер) билеуші, ал қалғандары вайши – ұста, саудагер болса шудралар оларға бағынышты болды. Брахманизм одан әрі дамып, ежелгі үндінің басқа ескерткіштерінде саяси ойларында б.э.д. IX-VIғ.ғ. нақтыланады. Ведаға және ілімге сәйкес барлық варналар және оның мүшелері оларға құдайымен бекітілген дхарманы заң, борыш, дәстүр, тәртіп ережелерін сақтады.

Брахманизм қоғамдағы мемлекеттегі билеуші жақдайды әр-түрлі варна мүшелеріне қатысты дхарманың әлеуметтік және саяси – құқықтық брахмандық талдау мазмұнын да басқарушы маңызын анықтайды. Барахманизм идеологиясына көптеген дхарма енгізілген құқықтық жиынтықтар әр түрлі брахмалық мектептерден құрастырылған. Б.э.д. II ғ. “Ману заңдары” ежелгі кездерде негізделген жазбаша рәсімделген белгілі саяси құқықтық ескерткіш “Ману заңдарында” Вед және Упанишадтың қоғамды варнаға бөлу, олардың тең еместігі және т.б. ережелері өңделді және қозғалды. Брахмандардың басқару жағдайының негізделіуіне және дхарманы қорғау, таңдау және бекіту мәселелерінде олардың құқығының айырықшалық сипатына ерекше маңыз береді. Брахманның өзінің туылуы “вечное воплощение дхармы” Брахман дхарманың асылдарын қорғау үшін туылғандықтан жерде барлық тіршіліктің иесі ретінде жоғарғы орынды иеленді. Әлемдегі барлық тіршілік ететін нәрсе бұл брахманның меншігі мұның бәріне тек брахман ғана құқылы. Өзінің жоғарғы құдайлық мәртебсінде бола тұра, патша, “Ману заңдары” бойынша брахмандарды құрметтеуге міндетті, олардың кеңестерімен тәлімдерін ұстауға олардан веданы үйренуге және басқарудың бастапқы өнерін анық үйрену керек. Патшаның басты міндеті варна жүйесінің және барлық драхма бойынша оларға тистілімдерге қорғаушы болыу “Манузаңдарында” жазаға маңызды рөл беріледі. Құдайлық иеленушінің ұлы бола отырып жаза жер бетінде «таяқты» білдіреді. Дәл осы маңызда жаза басқару өнерінің маңызын – данданити анықтайды яғни ол “таяқпен билеу”,- дегенді білдіреді.

“Ману заңдары” драхманы және барлық тіршілік иесі құдай мен адам қорғаушысына жазаның Жаза-патша, ол ер адам, ол бейлеушу, ол- жазалаушы деп көрсетіледі. Егер патша жаза тистілергеқолданбаса, олар әлсіздерді балық секілді қуырар еді, ешкім меншік иелене алмай, төмендегілермен жоғарғыдағылар араласып кететін еді. Барлық әлемжаза шараларына бағынады. Ол тәртіп сақталмаса варналар бұзылып барлық шектеулер жойылып жазаның бұзылуынан бүкіл халықтың қарсылығы туындауы мүмкін. Қызыл көзді, қылмыскерді жоюшы жаза жүрген жерде бағынушылар реніш білдірмейді, егер билеуші оларды жақсы бақыласа.

Әртүрлі варна мүшелерінің құқықтарымен міндеттерінің теңсіздігі заңда, қылмыс және жаза туралы ережелерде сақталады. Ерекше артықшылықтарды бұл қатнстабрахмандар қолында. Адам өлгеннен кейін оның жанының көшуі танымын пайдаланып “мынау заңдарын” көптеген жазалар қатарына мүдделік қорғанышы қосылды, бұл дхарманы бұзушыларға қолданылады.

Б.э.д. VI ғ СидхартхаВеданың, Упанишадтың негізгі ережелерін және брахмандық идеологияны сынға алып, Будда деген атауды иеленді. Ол құдайды жоғарғы тұлға, ізгілікті әлем бейлеушісі, заңның қайнар көзі деген ойды жоққа шығарды. Будда бойынша адамдық іс-әрекеттек адамдардың жеке ұмтылысына байланысты.

Будда және оның ізбасарлары адамгершілік рухани теңдіктің барлық адамға тән бағытын қолдай отырып, варна жүйесін және олардың теңсіздік қағидатын сынға алады. Мемлекет және құқық туралы танымның врахманизм идеологиясынан ақсүйектік ортаға ауысу, Чандрагутта I- дін ықпалды кеңксшісі және министрКаутильяның трактатында, яғни “Артхашастра” да байқалады.

“Үш Веда” — тұжырымдамасында шаруашылық, мемлекеттік басқару философия туралы ілімді философия ғылымына енгізіп философияның логикалық дәлелдер көмегімен үш веда іліміндегі- заңды және заңсыз шаруашылық іліміндегі – пайдалы және зиянды мемлекеттік басқару, туралы ілімде – дұрыс және дұрыс емес саясатты зертейді,-деп атап көсетілген.

Артхашастрада дхармаға дәстүрлі пиететпен және заң шындыққа негізде деген мойындаумен қатар тәжірибелік пайдаға және онымен жасалған саяси шаралармен әкімшілік биліктік негізге қолдау береді. Артхашастрада патшаға заңмен тиімділіктібұзбай махаббатқа берілу ұсынылады, бірақ тактатта саяси іс-әрекеттің бастапқы қағидасына және негізін, күшті биліктің барна жүйесін сақтау мақсатында сәйкестілігін анықтаушы ретінде тиімділік есептеледі.

Тиімділік драхмадан және моральдық деген заңдылығынан жеке бастау ретінде ерекшелеп, саясат және заң шғаруда ақсүйектік доктриналардың құрылуының алға қадам басқанын білдіреді. Артхашастрадағы саясаттың моральдық – діни арнадан босауы, әдебиеттерден оның авторына “Үнділік Макиавелли” ретінде мінездеме беруге негіздеме болады.

Билік, басқару, саясат, мемлекет және құқық жөніндегі алғашқы ой-пікірлер Көне Шығыс елдерінде пайда болған. Сол кезде-ақ бастапқы ойшылдар адамдар арасындағы күрделі қатынастарды реттеп түсінуге тырысқан. Көне Үндістанда мемлекет, билік, құқық туралы бірінші пікірлер сол кездегі қасиетті Ведалар деген кітабында да кездеседі. “Артхашастра немесе саясат ғылымы” деген ғылыми еңбекті б.д.д. IV-ші ғасырда билеген патша І-ші Чандрагуптаның кеңесшісі Каутилья жазған деген дерек бар. Бұл кітап саясат өнеріне, мемлекетті басқару өнеріне арналған. Саясаттың, басқарудың негізгі мақсаты – мемлекеттің пайдасы, елдің өнімі дейіледі. Мынадай ойлар да айтылған:

  • Патша (билеуші) елдегі жағдай туралы әрдәйым хабардар болып тұруы тиіс; бұл мақсатта ол елдің әр бүршегінде өзіне мәлімет жеткізіп тұратын адамдарын жіберу керек; сол патшаның сенімді адамдары сыртынан жергілікті тұрғындарға ұқсайтын болсын, олар сияқты кийінетін болсын; олар патшаның адамдары деген пікір ешкімнің ойына да келмесін…
  • Мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: билеуші, министр, аул-шаруашылық аумағы, қалалық бекіністер, қазына, әскер және одақтастар…
  • Билеуші жоғары текті болсын, тағдыры құтты, өзі ақылды, үлкендердің, беделділердің кеңесіне көңіл бөлетін, әділетті, шыншыл, айтқан сөзінде тұратын, көңілі кең, мықты, жылдамды, оқуға, үйренуге қабілеті бар, өнерлі, намысты, адамдарды өз уақытында тиісті орынға қоюын білетін т.б.с.с.
  • Жақсылықтың негізі болып бейбітшілік пен еңбек табылады. Бұл мақсатқа жету үшін саясаттың алты тәсілін қолдану тиіс: бейбітшілік, соғыс, сабырлық, жорық, паналауды іздестіру және екі жақты саясат…

Өзіңмен тең болғанмен және өзіңнен қүштімен бейбітшілік қатынастарды орнату қажет. Ал көршің өзіңнен нашар болса, онда соғыс ашу мүмкін…

Көне Қытайдағы саяси-құқықтық ілімдер

Қытайдың саяси және этикалық ілім тарихында Конфуций /б.э.д. 551-479/ ілімі басты рөл атқарады. Оның көзқарастары, өзінің оқушыларымен құрастырылған “Лунь-Юй” (Беседы и высказывания) кітабында жарық көрген. Ұзақ ғасырлар бойы бұл кітаб Қытайлардың әлемдік көзқарасында және өмір сүрулеріне маңызды ықпал жасады. Оны балалар жатқа оқыды, үлкендер оның мәселесіне сәйкес отбасылық және саяси істерді қолданды.

Дәстүрлі көзқарасқа сүйеніп, Конфуций мемлекееттің патриархалдық – патерналистік концепциясын дамытты. Бұл тұжырымдама мемлекетті үлкен отбасы ретінде қарастырды. Император билігі әке билігімен билеушілер мен бағынушылар қатынасы кішілері – үлкендерге бағынатын отбасы қатынасымен сәйкестендірілді.

Конфуциймен бейнеленген саяси-әлеуметтік иерархия адамдардың тең емес қағидасына негізделген: қара адамдар, қарапайым адамдар, төменгілер, кішілер — қайырымды ерлерге, жақсыларға, жоғарыдағыларға, үлкендарге бағынуы керек.

Осынысымен Конфуцийбиліктің арестократиялық концепциясын қолдады, қарапайым халық толығымен мемлекет билігіне араласудан шектетілді. Басқаруың кұштеусіз әдістерінің жақтаушысы болып Конфуций билеушілерді, шенеуніктерді және бағынушылардыөзара қатынасты қайырымдылық бастауында қалуға шақырады. Бұл үндеу алдымен билеушілерге арналған, олардың қайрымдылық талаптарын сақтауы маңызды рөлді иеленді және бағынушылар тәжірибесіндеадамгершілік нормаларының билеуін анықтайды. Күштеуге қарсы шыға отырып, Конфуций былай деп айтты: ”Мемлекетті басқарып тұрып , адам өлтіру не үшін?, Егер сіз жақсылыққа ұмтылсаңыз, онда халық та жақсы болады. Қайырымды ердің моралі желге, деңгейі төмен адамның моралі шөпке тең. Яғни жел қалай тұрса, шөп солай құлайды”. Бағынушылардың негізгі жақсылық жасауы Конфуцийге сәйкес билеушіге берілу, барлық үлкендерді тыңдау және құрметтеу.

Конфуцийдің саяси этикасы толығымен қоғамның төмендегі және жоғарылардың араласыуындағы ішкі бейбітшілікке жеткізуге және басқаруды тұрықтандыруға бағытталған. Сонымен қатар ол таза моралдық факторлардан басқа байлық процесін және жергілікті халық арасында кедейлікті жою қажеттілігіне көңіл бөлді. Байлық тең бөлінгенде кедейлік болмайды: елде үйлесім болса халық аз болмайды, бейбітшілік болса – бейлеушінің қауіпі болмайды. Билік үшін талас-тартысқа қарсы болып, Конфуций азаматтық әлемнің игілігін жоғары бағалады. Саяси қатынастарды қайырымдылық құралдармен реттеу нормаларына сүйенді. Егер “халықты заң арқылы басқарып, тәртіпті жазалау арқылы ұстап отырса, халық жазадан бас тартыуға ұмтылады және ол үшін ұялмайды. Егер халықты қайрымдылық шаралары арқылы басқарып және әдет- ғұрып көмегімен тәртіпті қолдап отырса, халық ұятты біледі және ол түзеледі”, — деді ол.

Конфуций шығармаларында қайырымдылық ол әдет-ғұрып ережесі -/ли/, адамды сүю- /жэнь/, адамды қорғау — /шу/, ата-анаға құрмет — /сяо/, билеушіге берілу — /чжун/, борыш- /и/ және т.б. этика–құқықтық нормалармен қағидалардың кең жүйесі. Позитивтік заңды /фа/ қоспағандағы барлық саяси — әлеуметтік реттеу нысандарынан тұратынбұл нормативтік бүтіндік моралдық және құқықтық құбылыстардың бірлігі болып саналады. Конфуцийдің позитивтік заңдарға қарама-қарсы қатынасы олардың дәстүрлік жазалау маңызымен байланысты, олардың қатаң жазамен байланысты болуы. Конфуций заң шығарушылықтың рөлін толық жоққа шығарған жоқ, ол оған тек көмекші рөл берді.

Конфуций ілімінде маңызды әлеуметтік – саяси және реттеушілік үлесті “есімдері жөндеу қағидасы” орын алады. Есімдерді жөндеудің мақсаты — есімдерді мемлекетше және қоғамның иерархиялық жүйесінде халық тобының және тұлғаның әлеуметтік саяси және құқықтық мәртебесін шынайылыққа сәйкес келтіру әркімге өзіне сай ашып беру, яғни билеушініңбилеуші болуы, сановниктің сановник болуы, бағынушының бағынушы болуы. Конфуцизм өзінің пайда болған уақытынан кейін – ақ Қытай этика саяси ілімінде ықпалды ағымға айналады, ал б.э.д. II ғ. Қытайда ресми идеология болып белгіленіп, мемлекеттік дін орнын иеленді.

Конфуцийдің ойынша мемлекет дегеніңіздің өзі ол ұлғайып кеткен жанұя. Сондықтан императордың елдегі билігі отбасыдағы әкенің билігіне ұқсас болатын. Сөйтіп басқарушылар мен басқарылатындар арасындағы қатынастар үлкендер мен кішілердің арасындағы қатынастар сияқты болмақ. Ең жақсы, идеалды түрдегі елді басқару мораль принциптеріне негізделуі тиіс. Басқаша айтқанда басқарудың негізінде “екіжақтық”, “алтын орта”, “адамгершілік” сияқты қағидаттар жатқанда ғана ел жақсылыққа жетеді. Елдің жақсылары көпшілікке үлгі болуы тиіс.

Конфуцийдің тағы да кейбір ойлары:

  • Басқарушы өз міндеттерін атқару барысында ұқыпты, шыншыл болсын, адамдарды жақсы көрсін, байлықты шашып-төгіп жүрмесін, халықты еңбектенуге итермелесін…
  • Егер билеуші тек заңға сүйеніп басқаратын болса, шешімді тек жаза арқылы табатын болса, онда халық абай бола тұра намысты білмейтін болады; ал егер игілікке сүйеніп әдет бойынша басқаратын болса, онда халық намыстанады да, басын да иеді.
  • Билеуші батыл болсын, түсінерлі болсын, өнерлі болсын.
  • Мемлекетті басқару дегеніміз – бұл елді тамақпен, қару-жарақпен толық қамтамасыз ету және халықтың сеніміне ие болу. Керек болған жағдайда, алдымен қару-жарақтан бас тарту мүмкін, екіншіден, тамақтан бас тарту болады, ал халықтың сенімі болмаса, онда ештеңенің керегі жоқ…
  • Басқару кезінде демалысты ұмыт…

Билеу дегеніміз жөндеу; әркім жөн жүруге тырысады; қашан сендер жөнделесіңдер?…