БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ДӘРІГЕРЛІК–САНИТАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Түзеу мекемелерінің негізгі мақсаты қоғамға пайдалы адамды дайындау болғандықтан, ондағы тұрмыстық қажеттіліктер де адамның осы саладағы мұқтаждықтарын қанағаттандыра алатындай болуы керек. Сотталғандардың материалдық-тұрмыстық қажеттіліктері адамдық қасиетті сақтайтындай немесе адамның өмір сүруі үшін қажетті көлемде болуы тиіс. Яғни сотталғандар, адам өміріндегі бірінші кезектегі қажетті материалдық- тұрмыстық заттармен қамтамасыз етіледі. Олардың қатарына сотталғанның төсек-орнының жеке болуы, маусымдық киімдермен жабдықталуы, сондай-ақ олар үшін түзеу мекемесінде монша, кір жуатын орындар, әртүрлі шеберханалар жұмыс істеуі тәрізді т.б. қажеттіліктер жатады. Сотталған жаза өтеу уақытында осы аталған қажеттіліктермен артық та емес кем де емес мөлшерде жабдықыталуы керек. Демек, бас бостандығынан айыру орындарындағы жаза өтеу жағдай адамның қажеттілігін қанағаттандыратындай және дұрыс өмір сүрудіқамтамасыз ете алатындай болуы керек. Түзеу орындарындағы сотталғандардың материалдық-тұрмыстық қажеттіліктерімен жабдықталуы, әрине, әдеттегі халықтың өмір сүру жағдаймен бірдей болмайды, бірақ олардан көп айырмашылығы да болмауы керек. Демек, түзеу мекемесіне бостандықтан келіптүскен сотталған, тұрмыстық қажеттілік туралы аса зәрулік немесе елеулі айырмашылық байқалмауы керек. Керісінше қанғыбастықпен немесе алкагольдік ішімдікпен қаттыәуестеніп жүріп қылмы жасап сотталғандар. Түзеу мекемесіндегі ретті түрде берілетін тұрмыстық-материалдық жағдайғаүйреніп, түзелу бағытына түсе бастайды. Қылмыстық – атқару мәселесімен айналысатын халықаралық ұйымдар және олардың шығарған нормативтік актілері бас бостандығынан айыру орындарындағы материалдық жабдықыталу ұлттық заңдарда белгіленген мөлшерден төмендемей, керісінше, үнемі даму үстінде болу керек. Мысалы, “қамауға алынған адамдармен атынас жасаудың төменгі стандартты ережесі” сотталғандардыңбір камерада екі адамнан орналастыруын ұсынады.

Қазақсатн қылмыстық – атқару заңы менқамауға алынғандармен қатынас жасаудың төменгі стандартты ережесін салыстырсақ, онда сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жабдықталу мселесінде көп алшақтық байқалмайды. Қылмыстық-атқару заңы түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың тұрмыстық-жайларын, тамақтану мәселесін, бірінші кезектегі заттардысатып алуымен қосымша материалдық-тұрмыстық қамтамасызы етуін, БҰҰ шығарған заңына ұқсас көлемде белгіленген.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың тұрғын-жайларыменжұмыс орындары санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Барлық түзеу колонияларындағы тұрғын алаңның нормасыбір сотталғанға шаққанда екі шаршымерден, түрмелерде екі жарым шаршы метрден, әйелдер колониясындаүш шаршы метрден, тәрбиелеу колонияларында үш жарым шаршы метрден кем болмау керек. Түзеу мекемелерінде мұндай әртүрлі тұрғын алаңдардың белгілену себебі, ол адамның жасына, жынысына және сотталушының жағдайына байланысты.

  1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды материалдық қамтамасыз ету

Түзеу мекемелерінде әрбір сотталушыға жеке төсек орын, жеке керует беріліп, оның ақ жаймасы апта сайын ауыстырылып отыруы тиіс. Төсек-орын-керует, ақ жаймадан басқаматрас, жастық және жапқыш қосылып беріледі.

Сотталғандар тұратын тұрғын бөлмелер әртүрлі керекті инвентарлармен яғни, үстел, орыныдықтар, тумбочкалармен жабдықталады. Әр екі сотталушы бір тумбочканы иеленеді және барлық камералық тұрғын бөлмелерде кіре беріс есіктің қасында су құйылған ыдыс болуы керек. Сонымен қатар, сотталғандардың жатақханалары немесе камераларысырт киім шешетін жерлермен, жуынатын бөлмелермен қамтамасыз етіледі. Сотталғандардың бөлмелері жылу жүйесімен жабдықталған және түнгі уақыттарда электр жарығыберілетін болуы керек. Жеке адамдық камералардағы тұрғын алаң мөлшері, түрмелердегідейүш шаршы метрден кем болмауы керек.

Бас бостандығынан айыру жазасын өтеушілер сотталған адамдардың арнайы үлгідегі киімін киеді. Бұл киімдер жыл маусымдарынақарай ауыстырылады. Киімдердің ауыстырылу уақытын Әділет министрлігі белгілейді және Қазақстанның әр жерінде климаттық жағдайдың әр келкі болуына байланысты, ауыстыру айларында айырмашылық болады. Мысалы,Қазақстанның солтүстік облысында оңтүстікке қарағанда қыстың ерте түсуіне байланыстықысқы киімге түзеу мекемелері ерте ауысады. Түзеу мекемелері соталғандарды толық қамтамасыз етуге тиісті. Олар маусымдық киімдерді ғана емес, ішкі киімдерді де ретті түрде ауыстыруды ұйымдастырады.

Сотталғандардың аяқ-киімдері әр 8 ай сайын ауыстырылады. Егер айқ-киім уақытынан бұрын тозса, онда сотталушының түзеу мекемесіндегі аяқ киім шеберханасындажөндетуге мүмкіншілігі бар немесе өз есеп шотындағықаражат есебінен аяқ-киім ала алады.

Бас бостандығынан айыру жазасынөтеушілердің қысқыкиімдері, олардың денсаулығынсақтауға жарайтындай маталардан тігіледі. Бірақ сотталғандардың қысқыкиімдері түктіматериалдардан тігілмейді (бас киімнен басқасы). Әйелдерколониясында жаза өтеушілер сотталғандардың арнайы үлгідегі киімдерін кимейді. Олар әдеттегі киімдерді кие аладлы және ондай киімдерді сатып алуға немесе посылка, сәлемдеме ретінде алуға құқылы.

Ерекше режимдегі түзеу колонияларында жаза өтеушілер әдеттегіден қара үлгідегі емес, арнайы үлгідегікиімдерді киеді.